Жоба және есеп

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының

2009-2011 жылдарға арналған қорытынды

ЕСЕБІ

 

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры 2009 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтті. Содан бері түрлі бағыттағы 5 жобаны жүзеге асырды.

Ақпараттық бағыт:

www.minber.kz сайты іске қосылды.

2009 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі Президенттік қордың қолдауымен www.minber.kz сайты іске қосылды. Содан бері сайт жұмысын тоқтатқан жоқ. 2010 жылы «Мінбер» сайты Алматы қаласы Тілдерді қолдау басқармасы жариялаған конкурсқа қатысып, арнайы граматомен және бағалы сыйлықпен сыйланды. 2011 жылы «Мінбер» сайтының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы «Нұр Отан» партиясының жыл сайынғы дәстүрлі «Нұр сұңқар» сыйлығымен марапатталды. 2011 жылдың күзінде сайты «Нұр Отан» партиясының «Тілге құрмет – елге құрмет» конкурсына қатысып, «Мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге және насихаттау ісіне үлес қосқан үздік ұжым» номинациясы бойынша үздік деп танылды. 2011 жылдың қазан айынан бастап, Сорос Қазақстан қорының қолдауымен «Заңгер кеңесі» деген арнайы айдар жұмыс істейді. Бүгінде «Мінбер» сайтына күнделікті кірушілердің саны 1000 асты.

Жаңа медиа бойынша журналистерге арналған тренингтер:

2010 жылы 28-29 мамырда  ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі мен Сорос Қазақстан қорының қолдауымен,  ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнының серіктестігімен Алматы қаласында «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты екі күндік семинар тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке 60-тан астам өтініш келіп түсті. Республиканың барлық аймағын қамтыған бұл шараға аймақтардан 20, Алматы қаласынан 15 журналист қатысып, жаңа медиа арқылы өз шығармашылықтарын қалай дамытуға болатындығы үйретілді. Осы семинар барысында 25 блог ашылды. Бұл семинар өзге де журналистердің ынтасын оятты. Нәтижесінде өзге қорлардан ұсыныстар түсті. Сөйтіп, АҚШ елшілігінің жеке тұлғаға грант беру жобасымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Талдықорған қаласында «Аймақтық журналистика және жаңа медиа» тақырыбында екі күндік семинар тренинг өткізді. Семинар тренингке 12 журналист қатысып, 12 блог ашылды. Сонымен қатар, журналистерге медиа құқық жайында арнайы дәрістер оқытылды.

«Beeline» сауда белгісімен танымал «Кар Тел» компаниясының ұсынысымен Шымкент қаласында «Телекоммуникация нарығы және жаңа медиа» тақырыбында оңтүстік үш облыс журналистеріне арналған екі күндік семинар тренинг ұйымдастырылды.

2011 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі мен Сорос Қазақстан қорының қолдауымен Алматы және Астана қалаларында «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты екі семинар-тренинг өткізілді.

Алматыда мамыр айының 27-28-і күндері ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнының серіктестігімен өткен аталған семинар-тренингке еліміздің оңтүстік,  батыс және шығыс өңірлерінен 60-тан астам өтініш түсіп, өңірлерден 20, Алматы қаласынан 10 журналист қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Астанада маусымның 24-25-і күндері Назарбаев университетінің серіктестігімен өткен семинар-тренингке еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлерінен 50-ге жуық өтініш түсіп. Өңірлерден 18, Астана қаласынан 7 журналист іріктеліп алынды. Семинар-тренингтің негізгі бағыты – жаңа медиа технологияларын үйрету, интернетке жазудың ерекшеліктері және медиа құқық тарапынан арнайы блог ұйымдастырылған.

Журналистерге арналған семинарлар:

2009 жылдың желтоқсан айының 12-сінде IWPR «Соғыс және бейбітшілік репортаждары» институтының Алматыдағы өкілдігімен бірлесе отырып, «Қазақ баспасөзі: бүгіні мен ертеңі» атты бір күндік семинар өткіздік.

2010 жылдың 12 ақпанында “Әділ сөз” халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымымен бірлесе отыры, “Қазақ  интернеті және заңнама мәселелері” атты бір күндік семинар ұйымдастырылды

2010 жылдың 6-наурызында  Nokia компаниясымен бірлесе отырып қалтафонның жаңа мүмкіндіктері, соның ішінде оны қазақша сөйлету жайында семинар өткізді.

2011 жылы маусымның 28-інде Алматыда АҚШ елшілігінің қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы мен “MediaLab” медиа коммуникация орталығының ұйымдастыруымен “Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары” атты дөңгелек үстел өткізілді.

Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әріптестігі:

Қазақстанның Медиа Альянсы: Қазақстанның медиа ұйымдарының әріптестігі Қазақстанның Медиа Альянсы (ҚМА) 2009 жылдың шілдесінде Сорос-Қазақстан Қоры қолдаған үйлестірушілік кездесуде Қазақстанның бірқатар медиа ұйымдарының шешімімен құрылған болатын. Бүгінгі күні ҚМА құрамына Қазақстанның 8 аймағында орналасқан 12 медиалық ҮЕҰ кіреді. Құрылғалы бері ҚМА бірқатар жобалар мен бастамалар жүзеге асырды, ол жайлы ақпаратты Альянстың ресми сайтынан ала аласыз: www.mediaalliance.kz.

Ұйым туралы қысқаша ақпарат

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы – қазақстандық бір топ журналистердің бастамасымен 2009 жылы құрылған, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым.

Міндеті – тәуелсіз және объективті БАҚ-дарының күш-қуатын нығайту, қоғамдық ұйымдар мен адам құқығын және негізгі еркіндіктерді қорғау арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына үлес қосу.

Мақсаты:

* Қазақстандағы медиалық білімнің дамуы және қазақстандық, халықаралық медиа-сала үшін кадрлар дайындау;
* Объективті, әлеуметтік тұрғыда белсенді, кәсіби және тәуелсіз жаңа қазақстандық журналистер толқынын қалыптастыру;
* БАҚ қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға үлес қосу;
* Қазақстан, Орталық Азия, ТМД журналистерінің өзара әріптестігін нығайту;
* БАҚ пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды дамыту;
* Масс-медиамен әріпестікті күшейту арқылы азаматтық қоғамның дамуына ат салысу.

Орталық журналистиканың дамуы, журналистердң құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқарып жүрген қазақстандық және халықаралық ұйымдармен әріптестік байланыста.

* журналистика саласындағы білім,

* журналистика бойынша оқытушылық кітаптар шығару,
* үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әріптестігі,
* құқықтық бағыт.

2010 жылы және оның алдында жүзеге асырылған өзге де жобалар жайлы ақпаратты www.minber.kz сайтында «Жоба және есеп» бөлімінен ала аласыз.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының  Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының

 

ХАТТАМАСЫ

 

   Алматы                                                                                           25 қаңтар 2010 ж

 

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры

Жиналысқа қатысушылар:

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары – Есенгул Кап, Амангул Баярхан.

Бақытбек Бамыш, Асхат Еркімбай, Гүлжайна Узбек, Әлия Сембай, Жукел Қайрат.

Жиналыстың төрағасы: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қамқорлық кеңесінің мүшесі  – Асхат Еркімбай.

Жиналыстың хатшысы – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі –  Гулжайна Узбек.

 

Жиналыстың күн тәртібі

 «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Каптың есебі

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

ТЫҢДАЛДЫ

 

  «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап және бухгалтер Дамыс Сунхарлардың  есебі тыңдалды.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

СӨЙЛЕДІ

 

Жиналыстың төрағасы Асхат Еркімбай Қор президенті Есенгул Кап пен бухгалтер Дамыс Сунхардың қор құрылтайшылары мен Қамқорлық кеңес мүшелері алдында есеп беруін сұрады.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап сөз сөйлеп, бір жыл бойғы қаржымен таныстырды:

- Қорға алғашқы қаржы Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі президенттік қордан (президенті Берік Әбдіғалиев) түсті. Ол қаржы тамыз айында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының есепшотына аударылды.

Қаржының көлемі – 1 000 000 (бір миллион) теңге.

Бұл қаржының 150 000 (жүз елу мың) теңгесі minber.kz сайтының дизайнын жасаған Жанарбек Матайға төленді. Кіріс салығымен қоса алғанда.

100 000 (жүз мың) теңгесіне қор жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында фотоаппарат сатып алынды.

Қордың бухгалтерлік жұмыстарын жүргізу үшін Notebook сатып алынды – 125 638 (жүз жиырма бес мың алты жүз отыз сегіз) теңге

Кеңсе заттарына – 8446 (сегіз мың төрт жүз қырық алты) теңге жұмсалды.

Қаламақы:

Бухгалтер -  70 000 (жетпіс мың) теңге (кіріс салығын қоса есептегенде);

Журналистерге – 64 000 (алпыс төрт) мың (кіріс салығын қоса есептегенде) теңге;

Қызметкерлердің жалақысы – 432 000 (төрт жүз отыз екі мың) теңге (кіріс салығы, зейнетақы жарнасы және әлеуметтік салық бұл сомаға енбейді)

Банк қызметіне және әлеуметтік салық пен зейнетақы жарнасына – 49 916 (қырық тоғыз мың тоғыз жүз он алты) теңге төленді.

 

Бұдан кейін қордың қаржылық құжаттарын жүргізген Дамыс Сунхар сөз алды:

 

-  «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры өз жұмысын 2009 жылдың 19 қаңтарынан бастады. Қаржы министрлігінің Салық департаментіне әр тоқсан сайын есеп тапсырып тұру қажет екен. Біз ақша түспесе де, алғашқы екі тоқсанның есебін бердік. Осы уақытта біз қателесіп 201 форманың орнына 210 форманың есебін тапсырып қойыппыз. Сол себепті қорға және оның президентіне 160 мың теңге айыппұл салынды. Бұл айыппұлды Қалалық салық департаментіне арызданып жүріп, кешірім  алдық. Ал қазір тоқсан сайын салық басқармасына тиісті құжаттарды тапсырып, есеп беріп келеміз, салықтар уақытында төленді. Жоғарыда Есенгул Кап ханым таныстырған шығындардың барлық құжаттары сақтаулы, біз оларды сіздерге таныстырып отырмыз. Демеушілік көмек жасаған Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі президенттік қорға тиісті есебін тапсырдық.

 

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Жиналысқа қатысушылар «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгул Кап пен оның қаржылық істерін жүргізген Сунхар Дамыстың есебін тыңдап, тиісті құжаттармен танысты. Құжаттардың барлығы заңға сай, заңдық негіздері нақты екендігіне көз жеткізіп, есеп қабылдансын деген шешімді қабылдауды ашық дауысқа салды. Жиналысқа қатысушылардың бір ауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Қоғамдық қордың бір жылдық есебі тыңдалып, қабылданды.

 

 

 

 

Жиналыстың төрағасы                                                      Асхат Еркімбай

Жиналыстың хатшысы                                                     Гулжайна Узбек

Жиналысқа қатысушылар:                                              Амангул Баярхан,

Бақытбек Бамыш,

Гүлжайна Узбек,

Әлия Сембай,

Жукел Қайрат.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанынан «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құру туралы Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының

 

ХАТТАМАСЫ

 

  Алматы                                                                      8 маусым 2010 ж

 

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры

Жиналысқа қатысушылар:

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары – Есенгул Кап, Амангул Баярхан.

Бақытбек Бамыш, Асхат Еркімбай, Гүлжайна Узбек, Әлия Сембай.

Жиналыстың төрағасы: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшысы – Есенгул Кап.

Жиналыстың хатшысы – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі –  Амангул Баярхан.

 

Жиналыстың күн тәртібі

 «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының жанынан  «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құру

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

ТЫҢДАЛДЫ

 

Жиналыстың төрағасы Есенгул Каптың ұсынысы тыңдалып, көпшілік дауысқа салынды.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

СӨЙЛЕДІ

 

Жиналыстың төрағасы Есенгул Кап «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының жанынан  «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құру туралы өз ұсынысын ортаға салды. Ол «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанынан «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құрып, оның жетекшісі ретінде Асхат Еркімбайды ұсынатындығын айтады:

- Қоғамдық қордың Жарғысының 3-бабының 5-тармағында көрсетілгендей филиалдар ашуға және зерттеу орталықтарын құруға құқылы.  Біз осыны негізге ала отырып, «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құра аламыз. Және осы саладағы білгір маман Асхат Еркімбай оны басқара алады деп ойлаймын, – деді ол.

Ұсыныс бір ауыздан мақұлданып, ашық дауыс беру арқылы қордың Қамқорлық кеңесі бекітілді.

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Жиналысқа қатысушылардың ашық дауысқа салуы нәтижесінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының жанынан Жаңа медианы зерттеу орталығы құрылып, оның жетекшісі ретінде Асхат Еркімбай сайланды.

Жаңа медианы зерттеу орталығы Жарғыға сәйкес тендерге қатысып, өз жобаларын ұсына алады. Ал, қаржы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының есеп шоты арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

Жиналыстың төрағасы                                             Есенгул Кап

Жиналыстың хатшысы                                                  Амангул Баярхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының  Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының

 

ХАТТАМАСЫ

 

   Алматы        №5                                                                            28 қаңтар 2011 ж

 

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры

Жиналысқа қатысушылар:

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары – Есенгул Кап, Амангул Баярхан.

Бақытбек Бамыш, Асхат Еркімбай, Гүлжайна Узбек, Әлия Сембай, Жукел Қайрат.

Жиналыстың төрағасы: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қамқорлық кеңесінің мүшесі  – Амангул Баярхан.

Жиналыстың хатшысы – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі –  Гулжайна Узбек.

 

Жиналыстың күн тәртібі

 «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Каптың есебі

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

ТЫҢДАЛДЫ

 

  «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап және бухгалтер Дамыс Сунхарлардың  есебі тыңдалды.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

СӨЙЛЕДІ

 

Жиналыстың төрағасы Амангул Баярхан Қор президенті Есенгул Кап пен бухгалтер Дамыс Сунхардың қор құрылтайшылары мен Қамқорлық кеңес мүшелері алдында есеп беруін сұрады.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап сөз сөйлеп, бір жыл бойғы қаржымен таныстырды:

- 2010 жылы қорға алғашқы қаржы 11 наурызында Сорос Қазақстан қоры мен 18 наурызда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінен түсті. Жобаның аты «Қазақтілді БАҚ тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» деп аталды. Жобаның жалпы құны – 2 544 000 (екі миллион бес жүз қырық төрт) теңге. Оның – 1 306 000 (бір миллион үш жүз алты мың) теңгесі ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінен, ал 1 238 000 (бір миллион екі жүз отыз сегіз мың) теңге түсті.   Оның 1110000 (бір миллион бір жүз он мың) теңге жалақы мен қаламақыға жұмсалды, Республикалық тренинг өткізуге 1 146 000 (бір миллион бір жүз қырық алты мың)  теңге арналған болатын. Оның 180 000 (бір жүз сексен мың) теңгесі тренерлер мен қатысушылардың жолақысына, 560 000 (бес жүз алпыс мың) теңге тренерлер мен қатысушылардың қонақ үй шығынына, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге қатысушылардың түскі және кешкі асына және кофебрейкке жұмсалды. 10 000 (он мың) теңге кеңсе заттарына кетті. Бұл статьядан 150 000 (жүз елу мың) теңге үнемделді, сөйтіп 996 000 (тоғыз жүз тоқсан алты мың) теңге жұмсалды. Әкімшілік шығындарға 288 000 (екі жүз сексен сегіз мың) теңге арналған, бұл ақша түгел жұмсалды. Осы жобадан 160 000 (жүз алпыс мың) теңге үнемделді. Біз бұл ақшаны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Эндрю Оффенбахерге хат жазып, «Қазнеттің құқықтық реттелуі және оның қазақ интернетінің дамуына ықпалы» атты дөңгелек үстел ұйымдастыруға жұмсауға рұқсат етуін сұрадық.  Эндрю Оффенбахер мырза келісімін берді.  Сөйтіп IWPR (Соғыс және бейбітшілік репертаждары институты) мен бірге дөңгелек үстел өткіздік. Жоғарыдағы қаржыға Астанадан депутат Мұрат Әбеновті, Қарағандыдан Мейрамхан Жәпекті шақырып, қонақүй және жол шығындары өтелді, әрі қаламақы төленді.

Бұдан кейінгі қаржы BarCamp Central Asiya 2010   Ашық коммерциялық емес конференциясын өткізу мақсатында Сорос Қазақстан қорынан түсті. Ол қаржы наурыз айында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының есепшотына аударылды. Бұған орай «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы»  қоғамдық қоры мен Сорос Қазақстан қоры арасында 2010 жылдың 30 наурызында № 18974 келісім шарты жасалды.

Қаржының көлемі – 1 852 000 ( бір миллион сегіз жүз елу екі мың) теңге.

Бұл қаржының 420 000 (төрт жүз жиырма мың) теңгесі Интернет жайлы талқылауларға қатысатын сарапшылардың көлік шығындарына, 360 000 (үш жүз алпыс мың) теңгесі  BarCamp конференциясына Қазақстан аумағынан келетін қатысушылардың жол ақысы үшін жоспарланған. Оның 261 896 (екі жүз алпыс бір мың сегіз жүз тоқсан алты)  бірінші статья бойынша жұмсалды, ал екінші статья бойынша 319 175 (үш жүз он тоғыз мың бір жүз жетпіс бес) теңге жұмсалды, ал мынау екі статьядан қалғаны 198 929 (жүз тоқсан сегіз мың тоғыз жүз жиырма тоғыз) теңге.

Интернет жайлы талқылауларға қатысатын сарапшылардың, BarCamp конференциясына Қырғызстаннан келетін қатысушылардың, BarCamp конференциясына Қазақстан аумағынан келетін қатысушылардың қонақ үйде тұруына 825 000  (cегіз жүз жиырма бес мың) тенге жоспарланған. Оның 737 500 (жеті жүз отыз жеті мың бес жүз  мың) теңгесі жұмсалды, ал қалғаны 87 500 (сексен жеті мың бес жүз) теңге.

Интернет пен көлік қызметіне 30 000 (отыз мың) теңге қарастырылған.

Жалақы қоры:  217 000 (екі жүз он жеті мың) теңге. Салыққа 60 000 (алпыс мың) теңге жұмсалды. Барлығы Баркэмп шараларын өткізуге 1605 000 (бір миллион алты жүз бес мың) теңге жұмсалды. 247 000 (Екі жүз қырық жеті мың) теңге Сорос Қазақстан қорына қайтарылды.

 

 

Бұдан кейін қордың қаржылық құжаттарын жүргізген Дамыс Сунхар сөз алды:

 

-  «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры өз жұмысын 2009 жылдың 19 қаңтарынан бастады. Қаржы министрлігінің Салық департаментіне әр тоқсан сайын есеп тапсырып тұру қажет екен. Сол үрдіспен екі жыл бойы салық комитетіне тиісті есебін тапсырып келеміз. Жақында ғана № 130 формасымен жылдық есеп тапсырылды. Салық органдарынан ешқандай претензия жоқ.  Жоғарыда Есенгул Кап ханым таныстырған шығындардың барлық құжаттары сақтаулы, біз оларды сіздерге таныстырып отырмыз. Демеушілік көмек жасаған Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігіне  тиісті есебін тапсырдық. Олардан ешқандай сын-ескертпелер болған жоқ.

 

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Жиналысқа қатысушылар «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгул Кап пен оның қаржылық істерін жүргізген Сунхар Дамыстың есебін тыңдап, тиісті құжаттармен танысты. Құжаттардың барлығы заңға сай, заңдық негіздері нақты екендігіне көз жеткізіп, есеп қабылдансын деген шешімді қабылдауды ашық дауысқа салды. Жиналысқа қатысушылардың бір ауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Қоғамдық қордың бір жылдық есебі тыңдалып, қабылданды.

 

 

 

 

Жиналыстың төрағасы                                                      Амангул Баярхан   Жиналыстың хатшысы                                                      Гулжайна Узбек                                                     

Жиналысқа қатысушылар:                                              Бақытбек Бамыш,

Гүлжайна Узбек,

Әлия Сембай,

Асхат Еркімбай,

Жукел Қайрат.      

 

 

 

Әлеуметтік желі

Айдарлар

Соңғы пікірлер

  • Дана: Жаман әдет мұсылманшылыққа жат Білімді болуда, кітапты көп оқуда ғылым-білімі, мәдениеті дамыған өзге ұлт...
  • Дана: Интернет арқылы іздеп көр! Мүмкін, табылып қалар. Немесе Жағда Бабалық атамыздың кітабында да бар. Ұшына от...
  • Арайлым: Біз жаспыз, көп нәрсенің байыбына барып ойлана бермейміз. Агенттің зиян екенін біле тұра, одан бас алмаймыз....
  • Елдос: Қазақ пен жапон арасындағы мәдениет мәселесін Күлдан шешпейді. Бірақ, бұл сөз қай жерде, қандай жағдайда...
  • Алаш: Ия не кереги бар бул ТЕКСИЗ жобанын.Мадениеттен журдай адамдарды когилдир экранга шыгарып демеушилик жасаудын...

Газет оқырманы қайда?

Хат жазғыңыз келсе

wordpress visitor counter

0
Unique
Visitors
Powered By Google Analytics