Ақпарат көзі – Ньюсмейкер
Жаңалық, жаңалықты іздеу, жаңалық жасау… барлығы да «ақпарат көзіне» байланысты болып тұрады. Ал жаңалық нарығында Ньюсмейкерлердің рөлі әлдеқашан белгілі. Ньюсмейкер – ағылшын тілінен аударған кезде, жаңалық жасаушы. Журналистер осы сөзді «маңызды ақпарат көзі» ретінде қолданады: дәл қазір не болып жатқанды басқалардан гөрі жақсы білетін. Мемлекеттің маңызды тұлғалары – ньюсмейкерлердің алдыңғы шебінде.
Басқа салада, мысалы, коммуналдық қызметтің жұмысы туралы репортажда, ньюсмейкер рөлінде су асты құбырлары жайында хабары бар адам немесе құбыр сапасының нашарлығы жайында айтып беретін слесарь-сантехник бола алады. Осы қызмет саласының бастығынан алынған сұхбатқа слесарь-сантехник карсы пікір айта алады. Ал жақсы корреспондент екі пікірді көрсетіп, мәселеге байланысты бейтарап ақпаратты жеткізу қажет.
Бүгінгі таңда, көп газеттерде растаудың үш ережесі жақсы қалыптасқан. Журналист бір фактқа қатысты үш пікір білдіргендерді көрсетпесе, оны жариялауға қақысы жоқ. Жоғарыдағы мысалдың жалғасы ретінде, бұлар – бастық, сантехник және құбырлар орнатылған пәтердің тұрғыны – Қанипа апай. Ал ірі компания деңгейінде айтатын болсақ, бұл келісім-шарттың негізгі қатысушылары. Басты ережелері – жеделдік пен сенімділік болатын сапалы БАҚ редакцияларында ньюсмейкерді (мысалы, журналистке фирмасы үй салатыны жайында хабар беретін) табу және оның серіктесін (дәл осы фирма үй салатынын растайтын) тауып алу маңызды. Растаудың үш ережесі жедел жасалыну үшін журналист көп адаммен таныс болуы қажет.
Күнделікті баспасөзде жұмыс жасайтын журналист көптеген адамдарды көреді (бұл жақсы), алайда, адамдардың барлығын есте сақтау – проблема. Адрес, фамилия, лауазым, телефон нөмірі сияқты ақпаратты жүйелеп, бір жерде сақтаған жөн. Мысалы, компьютер, қойын-дәптерде.
Сапалы ньюсмейкер – кез-келген адам бола алады, оған тек белгілі бір жағдайлар қажет, журналистік тәжірибе көрсеткендей, өмірде қызықсыз адамдар болмайды.
Егер де танымал журналистердің мемуарларын оқитын болсаңыз, басында маңызы жоқ кездесулер (балықшы, официант, трамвай жүргізушімен т.с.с.) оларға үлкен жетістіктерге жетуге көмектескенін байқауға болады.
Төмендегі кесте арқылы ньюсмейкерлеріңіздің базасын жасауға болады:
| 1.
Фамилия, аты-жөні |
2.
Мамандығы, лауазым |
3.
Телефондар |
4.
Адрестер |
5.
Ескертпелер |
| Толық және қатесі | Танысқан кездегісі | Мүмкіндігінше барлығы | Электрондық почтасы, қызмет және үйдікі |
Танысу күні, алған сұхбаттың қысқаша мазмұны, ортақ таныстар |


