Негізгі бет » Сәуір 30th, 2010
Қосылған жазба “Сәуір, 2010”
Орталық Азия елдеріндегі Интернеттің дамуы атты конференцияда ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов интернеттегі қазақ тілі мәселесі кең көлемде талқыланбайтынына баса мән берді. Қазақстанмен көршілес жатқан елдердің интернет мамандары жиналған басқосудың бір бөлімі Интернеттің Орталық Азия тілдерінде дамуы деген тақырыпқа арналды. Өзінің баяндамасын парламент мәжілісінің депутаты «Қазақстанда 30 000 сайт бар. Оның тек 300-і ғана [...]
23:58 | Жазба айдары: Қоғам | Толығырақ »
Алматыда екі күнге созылған IX Еуразиялық медиа форумның жұмысы аяқталды. Оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты
16:50 | Жазба айдары: Қоғам | Толығырақ »
Алматыда “Орталық Азияда интернет саласының дамуы” атты конференция өтіп жатыр. Бұл жиынға Орталық Азияның интернет саласының басы-қасында жүрген мамандар жиналды. Кездесуді ұйымдастырушылар Қазақстанның бір топ тәуелсіз зерттеушілері жүргізген зерттеулерінің қорытындысын көпшіліктің назарына ұсынды. Әділ Нұрмақов – қазнеттің экономикалық аспектісін зерттеген маман. – Тәуелсіздік алғаннан бері елімізге шетелдік инвесторлардың көптеп келуі бірте-бірте отандық ғаламторға да назар [...]
11:12 | Жазба айдары: Экономика,Қоғам | Толығырақ »
Bloomberg бизнес жаршысының таратқан ақпаратына сенсек, Британия ханзадасы Эндрью қазақ компанияларына шетелден инвестор табуға жәрдемдеспек. Егер бұған дейін ағылшын ханзадасы Құлыбаевқа Лондондағы зәулім сарайды сатып алуға көмектескенін ескерсек, бұл сөзінде де тұрып, «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Қайрат Келімбетовке де қол ұшын созуы мүмкін. Электронды пошта арқылы жіберген хатында Қайрат Келімбетов: «Еуропалық кәсіпкерлер Қазақстанда бизнес жасаудың тәуекелі [...]
05:58 | Жазба айдары: Экономика,Қоғам | Толығырақ »
Қазақ даласына католиктерді көшіріп әкелгені үшін америка миссионері Сталинге алғысын жаудыруда. Қазақстанда екі жыл бойы ағылшын тілінің оқытушысы болып еңбек еткен америкалықтың таяуда өз блогындағы мақаласын оқыған соң, шетелдік оқырманның санасында “қазақтар әрбір күнді мерекеге сылтау етіп тойлататын, әрі арақ ішетін халық” деген көзқарас қалыптасары хақ. «Алматы облысының Сарқанд елді мекеніне 2002-2004 жылдары тап болдым. [...]
23:40 | Жазба айдары: Рух | Толығырақ »
Ғаламтордағы ию-қию көп ақпараттың ішінен сапалысын сұрыптап алу қиын болып көрінуі мүмкін. Десе де ең сенімдісі ол ресми деректерге мән беру. Мәселен, осы аптада Американың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоагланд мырзаның баяндамасын Эфиопияның ресурсы жариялапты. Facebook арқылы жазбаға пікір жазу
11:03 | Жазба айдары: Экономика,Қоғам | Толығырақ »
Жұма күні Алматыдағы Туризм және спорт академиясының жатақханасында тұратын Есентай Қапар мен Назымгүл Қуанғанды ата-ана атандырып, шаңырағын шаттыққа бөлеген төрт бөбек перзентханадан шығарылды. Төрт егіз қыз биылғы жылы наурыздың 9-ы күні Алматыдағы Ана мен баланы қорғау институтының перзентханасында дүниеге келген болатын.
15:51 | Жазба айдары: Қоғам | Толығырақ »
Өзіңізді толғандыратын проблемаға басқалардың назарын аударту үшін не істеу қажет? Осыған байланысты бірнеше кеңес. 1. Проблеманың өзін мүмкіндігіңізше баяндау. Есіңізде болсын: сіз мәселені түсіндіріп отырған адамға бұл проблема белгісіз немесе бұл тақырыпта оның хабары аз болуы мүмкін. Одан да сол адам «мүлдем ештеңе білмейді» тұрғысынан ойланыңыз. Сізге соншалықты жақын болып кеткен проблема адресатыңыз үшін мүлдем [...]
02:25 | Жазба айдары: Журналист болам десеңіз | Толығырақ »
төрағаның бұндай пікірлерді айтуына енді жол берілмейді деді
23:45 | Жазба айдары: Қоғам | Толығырақ »
USB-модемдер ғаламторға шығу мүмкіндігін кеңейтті. Бұған дейін интернет қолданушы телефон сымы немесе арнайы кең жолақты сымдар арқылы интернетке қосылса, кішкентай құрылғы сымсыз-ақ әлемторды шарлауға болатынын дәлелдеді. Қазақстан нарығына USB модемді алғашқы болып таныстырған мобильді операторлар осылайша қалтафонмен сөйлесіп жүрген адамға вируталды әлемнің есігін ашуға жәрдемдесті. Әйткенмен елімізде ақпараттық технологияның дамуы әркелкі болғандықтан бұл жетістіктің де [...]
17:59 | Жазба айдары: Таным,Экономика,Қоғам | Толығырақ »