| 300 рет оқылды |

Қазақстан мен Ресей президенттері АЭС құрылысы жөнінде пікірлеспек

Ресей үкіметі биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанда АЭС құрылысын салу жөніндегі келісімге қол қойылады деп үміттенуде.

Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходько Дмитри Медведевтің Қазақстанға сапары барысында осындай мәлімдеме жасады. Екі елдің басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастық жөнінде уағдаласпақ.

«Атом энергетикасына қатысты айтар болсақ, орташа қуатты ВБЭР-3000 реакторлы атом станциясын Қазақстанмен бірлесіп жобалаймыз. Аталған келісімге жылдың соңына дейін қол қойғымыз келеді» деген Ресей президентінің сөзін РИА Новости ақпарат агенттігі таратты.

С.Приходьконың ойынша Медведевтің Өскеменге жасаған сапары барысында ешқандай құжатқа қол қойылмады. Президент көмекшісі сонымен қатар Ангарскідегі (Иркутск облысы) уранды байыту халықаралық орталығы аясында ынтымақтасатынын еске салды.

Ангарск электролизді химиялық комбинаты базасындағы Уранды байытудың Халықаралық Орталығы (УБХО) 2007 жылы салынған. Бұл Ресей үкіметінің 120 тонналық UF6 формасындағы 2% ден 4,95%-ға дейінгі аралықта байытылған уранның физикалық қорын кепілдендіру бастамасын дамытуға түрткі болды. Бұл қор УБХО-да МАГАТЭ бақылауымен сақталып, тек Ресейдің жауапкершілігімен қолданатын болады.

УБХО қоры МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге арналған. Қазақстан қордың 10% акциясына ие. Биылғы жылдың тамызында сонымен қатар Украина да 10% акция сатып алды.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Әлеуметтік желі

Кездейсоқ

Жауап қайтару

Айдарлар

Соңғы пікірлер

  • Дана: Жаман әдет мұсылманшылыққа жат Білімді болуда, кітапты көп оқуда ғылым-білімі, мәдениеті дамыған өзге ұлт...
  • Дана: Интернет арқылы іздеп көр! Мүмкін, табылып қалар. Немесе Жағда Бабалық атамыздың кітабында да бар. Ұшына от...
  • Арайлым: Біз жаспыз, көп нәрсенің байыбына барып ойлана бермейміз. Агенттің зиян екенін біле тұра, одан бас алмаймыз....
  • Елдос: Қазақ пен жапон арасындағы мәдениет мәселесін Күлдан шешпейді. Бірақ, бұл сөз қай жерде, қандай жағдайда...
  • Алаш: Ия не кереги бар бул ТЕКСИЗ жобанын.Мадениеттен журдай адамдарды когилдир экранга шыгарып демеушилик жасаудын...

Газет оқырманы қайда?

Хат жазғыңыз келсе

wordpress visitor counter

0
Unique
Visitors
Powered By Google Analytics