• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ
Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ
Серікжан Біләш. “Қытай қазақтарының тағдыры – ұлттық трагедия”
Сот Ерлан Біләлға “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын қайтарып берді
 “Тар заманды” көргеннен соң…
Ақтөбеде лифтіде қаза болған журналистің күйеуі адам шошырлық жайды айтып берді

Жұмыртқа лақтыру синдромы

04 Nov 2010
|   
Пікірлер: 2

P1010008Қазақтың саяси күресінің сықпыты – жұмыртқа лақтырудан арыға бара алмай тұр. Саяси күрес – дегенімізді тек жанжал деп қана түсінетін секілдіміз. Есімізде болса, қазақ ұлтшылдарының қарсыласына жұмыртқа лақтыруы бір бұл емес.

Қазақтың мемлекеті болмаған, тілі болмаған, Ресейдің бүкіл аумағын иеленіп алған деп шамына тиген Жириновский туған күнін туған қаласында өткізу мақсатында Алматыға келгенде, ұлт патриотымын деп үкіленген бір топ оны жұмыртқамен қарсы алған еді.

Қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділов мемлекеттік қызметті тастап, оппозицияға өткеннен кейін, бейбіт шеру өткізу мақсатында Республика алаңына келгенінде, тағы да жұмыртқаның астына қалған еді.

Ал, бүгін президенттіктен үміткер екендігін мәлімдеп, президент сайлауына түсуге дайындалып жүрген тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі В. Козлов тағы да «жұмыртқа» лақтырудың құрбаны болып отыр.

ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАҚТАР ҮШІН БЕ?

Немесе «желтоқсандықтарға» Козлов несімен ұнамады?

Козловты «жұмыртқа» астына алған Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Қайрат Рысқұлбековтіңелассамблея бауыры Талғат Рысқұлбеков:

– Осыдан 24 жыл бұрынғы қанды Желтоқсан көтерілісі кезінде менің бауырым бастаған жастар «Әр ұлтқа – өз көсемі» деген ұранмен алаңға шыққан болатын. Осы жолда құрбан болды. Енді тәуелсіз Қазақстанды өзге ұлт өкілі басқарам деуі біздің жынымызға тиді, – деген уәж айтады.

Тәуелсіз Қазақстанның 1995 жылы бүкілхалықтық референдум бойынша қабылдаған Конституциясына сай,. Қазақстанда туған, жасы 35-тен асқан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген азамат (ұлты маңызды емес) Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер бола алады. Демек, Козловтың 2012 жылғы президент сайлауына түсуіне ешкім кедергі болмаса керек.

Бірақ, бір кілтипан бар. Ол оның мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмауы. «31-канал» телеарнасына берген сұхбатында Козлов екі сөздің басын әрең құрайтындығын танытты.

– 2012 жылға дейін әлі екі жыл уақыт бар ғой. Осы уақыт аралығында үйренем, – дейді ол аталған телеарнаға берген сұхбатында.

Бірақ, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы жиырма жылд болғанын, қазақ тілінің мемлекеттік мерейі асқанына 21 жыл болғанын есіне алғысы келмейді. Яғни, Козловты Орталық сайлау комиссиясында жасақталатын мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын комиссия онсыз да сүріндіреді ғой. Тіпті, мемлекеттік комиссия оның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін қанағаттанарлық деп тапса да, Владимир Козловтың есімі бұқараға етене таныс емес. Оны елдегі титульды ұлт – халықтың 70%-ын құрайтын қазақтар мүлдем білмейді. Ал, өзге электорат үшін де аса бір көзге түсетін қимылын ешкім байқай қойған жоқ.

Бұл айтылғандардан шығатын қоырытынды, Козловтың Қазақстан президенті болуы мүмкіндігі тым аз. Бұны бізден өзге де сарапшылар айтып бағуда.

Осы аптаның басында өздерін «жұмыртқа» лақтырушыларға ешқандай қатысымыз жоқ деп таныстырған «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымының өкілдері Козловтың президенттік сайлауға түсуі ұлтараздығын қоздыруы мүмкін, сондықтан ол бұл райынан қайтуы тиіс деген мәлімдеме жасаған.

Демек, Козловтың қазақ тілін білмеуі тек желтоқсандықтардың ғана емес, бүкіл елдің ашу-ызасын қоздыратыны анық. «Азаттық» радиосында жарияланған «Козловқа шүйліккен тек «желтоқсаншылар» емес» (авторы Мәншүк Асаутай, 29.10.2010) атты мақалаға жазылған алғашқы пікір: «В.Козлов өзін президенттен үміткер етіп ұсынғысы келсе ең жоқ дегенде баспасөз жиынын қазақша бастауы керек еді. Жергілікті халықтын мәдениеті, тілі мен дінін сыйлайтынын көрсетіп, қазақ халқына ниеті дұрыс екенін қандай бір формада болса да білдіруі тиіс еді. Оның қандай мақсат көздегені беймәлім. Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды оралмандар деуі тіпті түсініксіз. Шынында да қазақша білмей тұрып Қазақстандағы саяси билікке ұмтылу титулды ұлтты сыйламау ғой. Ешкім оның құқығын шектеп отырған жоқ, бірақ қазақтар реакциясын оның білмеуі мүмкін емес. Шүкір, бізде Мәскеудегі сияқты скинхедтер жоқ, әйтпесе оның аман-есен жүруі үлкен мәселе болар еді. Кез келген саясаткер қазақтарды сыйлауы тиіс, олармен санасуы тиіс. Қоғамдық сана өзге ұлт өкілдерінің президент болуына әлі дайын емес. Өйткені елімізде әлі қазақ мәселесі шешілген жоқ» делінген екен. Бұл тек бір ғана оқырманның пікірі емес, басым көпшілік электораттың пікірі. Сондықтан, Козловтың президенттікке үміткер болам деуінен дау туындауының ақиқатын шешілмеген қазақ мәселесінен іздеген жөн секілді.

ҚОҒАМДЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ТҮЙТКІЛІ

– Қазақстанда өзге ұлт өкілдерінің президент болуы мүмкін емес,  – дейді “Желтоқсан ақиқаты” қоғамдық ұйымының өкілдері. Енді 4 ғасырдан кейін ғана елдегі орыстар президенттікке бола алады деген олар аталған баспасөз мәслихатында.

Бұл ненің көрінісі. Елдегі ұлттараралық интеграцияның бір арнаға тоғыспауының көрінісі. Қоғамның біртұтас жұдырыққа жұмылып, бір ел, бір мүддеге бағына алмай отырғандығының айғағы. Өйткені, жиырма жыл бойы Қазақстанда қостілділік өріс алып келеді. Қоғам қос тілге бөлінгенімен, саяси жүйе орыс тіліне басымдық береді. Жергілікті ұлт тілінің пүшайман күй кешкеніне наразы, орыстар орыс тілінің күнделікті қолданыстан ығыстырылып келе жатқанын айтып байбалам салғанымен, күндердің күнінде қазақ тілінің айы оңынан туатынына сенімді емес. Жиырма жыл болса да, жиырма ауыз қазақша білмей тұрып, президенттікке үміткер болу дегеніміздің өзі осының салдары.

Демек, билік екіжүзді саясат ұстануды доғаратын кез жетті. Орыстілді электоратқа өзгеше үндеу арнап, қазақтілді электоратты алдаусыратумен-ақ бұл биліктің күні өтіп келеді. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, иесі – қазақтар екенін айтатын кез жеткен секілді. Бұл дәлелдеуді талап етпейтін – аксиома. Тек,  оны мойвындауға дәтіміз жетпей тұрғаны болмаса.

Есен БАЙНҰР.

  • google-share
2,936 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Азия ойындарының тарихы

Келесі жазба

«Kazakhsoft» көкжиегі

2 пікір

  1. Дәулет Асау November 5, 2010 07:35 жауап жазу

    Қазақ елінің Президенті – тек қаны қазақ қана емес, қаны шығып тұрған қазақ болуы керек.

  2. Ракишева Айнұр November 6, 2010 07:12 жауап жазу

    Өзінің еліміздің Перизиденті болуды тек түсінде ғана көретін Козлов өзі бір батыл кісі екен бүткіл қазақ халқына қарсыласпақшыма?! Осының астында бір жасырын саясат жатқаны анық қой.

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?

17 Apr 2018, пікірлер: 0

Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті

16 Apr 2018, пікірлер: 0

«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?

16 Apr 2018, пікірлер: 0

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ

16 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Жемқорлары әбден асқынған елдің кө...

Басты жаңалықтар

Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?

Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті

«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • «100 оқулық»: Америка ғалымдарының «Экономикс» кітабы қалай аударылды
  • Бурабайдағы тауда үлкен «Burabay» деген жазу пайда болады
  • Наурызым қорығындағы өрт сөндірілді

RSS Ақорда

  • Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
  • Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
  • Қазақстан Президенті Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Glorious Noise
  • Scenes of Springtime and Sakura from Celia in Tokyo
  • The Phantasmagoric Magic of Ely Cathedral
  • How Do We Write Now?
  • What a Break Up Can Do to You
  • Meet Metis – Jupiter’s Closest, Quickest Moon
  • Sunset From Killean
  • What Does Sustainable, Fair Trade Coffee Mean?
  • Coachella, Underground
  • Blogging About Gardening: Tips from The Frustrated Gardener
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры