• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес
Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ
Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ
Серікжан Біләш. “Қытай қазақтарының тағдыры – ұлттық трагедия”
Сот Ерлан Біләлға “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын қайтарып берді

Әз-Ағаң да өтті өмірден

13 Feb 2011
|   
Пікірлер: 4

Әзілхан2011 жылы ақпанның 12 күні 89 жасқа қараған шағында жазушы-журналист, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды.

ІІ дүниежүзілік соғысына қатысқан. Соғыс кезінде жазушы‑майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.

Әзілхан Нұршайықов еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 1947-48 жылдары Семей обл. “Екпінді” газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, 1948-49 жылдары “Қазақстан пионері” газетінде бөлім меңгерушісі, 1949-53 жылдары “Социалистік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1953-56 жылдары Павлодар обл. “Қызыл Ту” газетінің редакторы, 1956-61 жылдары “Социалистік Қазақстан” газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орынбасары, 1961-63 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, “Социалістік Қазақстан” газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1968-73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1973-79 жылдары ҚР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген.

Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Әзілхан Нұршайықов шығармашылық жолын ақын және публицист ретінде бастаған.

Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы “Алыстағы ауданда” 1956 жылы жарық көрген. Оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары “Тың астығы” 1958 жылы, “Ертіс жағасында” 1959 жылы, “Махаббат жыры” (1964), “Әсем» ( 1966), “Жомарт өлке” (1967), “Махмет Қайырбаев” (1967), “Батырдың өмірі” (1969), “Тоғыз толғау”( 1977), “Невель түбінде” (1977), “Автопортрет” (1977), “Екі естелік” (1985) жарияланды.

“Махаббат қызық, мол жылдар” романы (1970) мен “Ақиқат пен аңыз” роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығармашылығының шырқау биігі . “Ақиқат пен аңыз” роман‑дилогиясы ү<span style=”mso-bidi-font-family: Calibri;”>шін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне тәржімаланған. Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз. Бақұл бол, Әз-Аға, жаның жанатта болсын! «Мінбер.кз»

  • google-share
3,362 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Қазақтың қазысы Гиннестер кітабына енді

Келесі жазба

Қажығұмар өтті дүниеден

4 пікір

  1. ғалым.қ February 15, 2011 03:42 жауап жазу

    жазушысы ағмыздің қазасна қаиғра өтыріп төпрағің төрқа бөлсін аитамыз, жаніңыз жанатта бөлғай қадырлі аға!

  2. Абақ-Керей February 15, 2011 11:17 жауап жазу

    Иманы жолдас болсын! Әз атаның тілеу, ниеті түзу адам екен….

  3. kazprose February 15, 2011 13:12 жауап жазу

    Бүгін міне Әзекеңді шығарып салып қайтып келе жатқанда Қажекеңді естідік. Жалған дүние-ай!

  4. Үмбетәлі МЕЙМЕШ February 21, 2011 12:14 жауап жазу

    Әз ағаң өмірден өтсе де өлді деуге болмайды! Өзінің артына қалдырған еңбектерімен шығармаларын оқырман жұрт өте сүйіп оқыды. Әсіресе “Мазаббат қызық мол жылдар”- ды оқымаған студент жоқ деп айтуға да болатын шығар. Әз ағаң қазақ жастарына махаббаттың қандай құдіретті күш екенін Ерболды кейіпкер ретінде ала отырып тағы да бір танытып кетті. Жазушыны әр қазақ баласы ғана емес, шығармаларын оқыған өзге ұлт өкілдері де ұмытпайды. Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді деген осы емес пе?!

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

21 Apr 2018, пікірлер: 0

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

20 Apr 2018, пікірлер: 0

Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?

17 Apr 2018, пікірлер: 0

Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті

16 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Жемқорлары әбден асқынған елдің кө...

Басты жаңалықтар

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Француз полициясы атақты Мон-Сен-Мишельден туристерді эвакуациялап жатыр
  • Теннис: Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты
  • Ресейде Telegram бойынша шешімді орындамаған Google мекенжайын бұғаттады

RSS Ақорда

  • Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
  • Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Атырау облысында кеңес өтті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Kandahar’s Lone Female Prosecutor
  • Out of My Hands
  • Expecting
  • Hurry The Food Up
  • Six Website-Building Tips for Beginners
  • The Good Life Smells Just Like Gobstoppers
  • Glorious Noise
  • Scenes of Springtime and Sakura from Celia in Tokyo
  • The Phantasmagoric Magic of Ely Cathedral
  • How Do We Write Now?
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры