Негізгі бет » Маусым 30th, 2011 Қосылған жазба “Маусым, 2011”

“АҚШ-тағы денсаулық сақтау реформасы”

United States Flag

Поштама жеке хаттармен қоса түрлі хабарландырулар мен жаңалықтар да келіп түседі, өкінішке орай олар не ағылшынша, не орысша болады. Ішінде (маған керек болмаса да) өте қажет және пайдалы ақпараттар да болып жатады. Білгеніңмен бөліс дегенді басшылыққа ала отырып, мына хабарландыруды қазақшаға аударып  өздеріңізге ұсынып отырмын. «Білім -Орталық Азия» білім беру орталығы мен АҚШ елшілігі  денсаулық [...]

00:50 | Жазба айдары: Білім,Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Қазақ тілін дамыту үшін ХХІ ғасыр технологиясын пайдалануға хақылы

2011 жылғы 28 маусымда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы және «MediaLab» медиакоммуникация орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысқан АҚШ Бас консулы Майкл Сноуден Қазақстандағы қазақтілді контентті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Видеоны түсіріп, әзірлеген Назгүл Қожабекова, “Матрица” бағдарламасы Facebook арқылы жазбаға пікір жазу

19:37 | Жазба айдары: Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Қытайлар Қазақстанның тың жерлерін игермек

Жақында Қытай еліндегі «Жұңго сауда істері» сайтында және сол елдегі беделді газеттің бірі «Жұңго апталығы» басылымында төмендегідей ресми хабар жарияланды. Онда: Қытай үкіметі Орта Азиядағы яғни көрші ел Қазақстанға 3000-дей жер игерушілерді, нақтырақ айтқанда, тың игерту үшін байтақ қазақ даласына жіберуді іске асырмақшы! Себебі, Қытайдың жан саны тым коп, жері аз сондай-ақ қазір халықаралық нарықта [...]

16:42 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Көкке тіктім көзімді

  2-4 шілде күндері Астана қаласының «Шабыт» өнер сарайында «Көкке тіктім көзімді» репортаждық фотосуреттердің көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Mechanical piano, Нұр Отан және Voxpopuli.kz ұйымдарының бірлескен саяси емес жобасы енді Астана қаласында өтпек. Көрмеде қатысушыларға еліміздің белгілі фотосуретшілердің жұмыстары ұсынылады. Бұл жұмыстарда еліміздің дамуы, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігі барынша объективті бейнеленген. Бұл [...]

23:21 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Интернетте қазақтілді контентті қалай дамытамыз?

Маусымның 28-інде Алматыда Қазжол қонақүйінің “Алатау” конференц залында АҚШ елшілігінің қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы мен “MediaLab” медиа коммуникация орталығының ұйымдастыруымен “Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары” атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Майкл Сноуден, ІТ мамандары, блогшылар және қазақтілді ақпарат агенттіктерінің редакторлары, журналистер қатысты. Дөңгелек үстелде талқыланған басты мәселе – қазақтілді контент көп [...]

15:36 | Жазба айдары: Жаңалықтар,Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

Астанадағы «Мінбер» семинарының екінші күні

Міне, семинардың екінші күні де басталды. Кешегі семинардың әріптестеріміз үшін берері мол болды деп үміттенеміз. Семинардың алғашқы бөлімі негізінен теорияға арналды. Онда Огая университетінің профессоры Дэвид Моулд, «Айқын» газетінің тілшісі Кәмшат Тасболатова, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, осы орталықтың жанынан құрылған «Жаңа медианы зерттеу тобының» жетекшісі Асхат Еркімбайлар қатысып, халықаралық және отандық интернет [...]

12:43 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

«Нұр Сұңқар» байқауы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды

Кеше, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының журналистер арасында жарияланған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындылары жарияланды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астананың Конгресс-Холл сарайында өтті. Дәстүрге айнала бастаған бұл шараға Қазақстанның барлық аймақтарының журналистері, Парламент депутаттары, Қазақстан Журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы өкілдері қатысты. Жеңімпаздар [...]

15:40 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

Астанада «Мінбердің» семинары басталды

Бүгін Астанадағы Назарбаев университетінде «Мінбердің» кезекті семинары басталды. Семинарға қатысуға Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Батыс және Орталық өңірлерінен өтініштер қабылданған еді. Жалпы, қатысуға ниет білдірушілер саны 50-ден асты. Және Алматы қаласынан, Оңтүстік өңірлерден де өтініштер келіп түсті. Бірақ, бұл семинар-тренингке Оңтүстік өңірлерді қамтуға болмайтын еді. Сол себепті де Оңтүстіктен түскен өтініштерді қанағаттандыра алмадық. Сөйтіп бүгінгі семинар тренингке [...]

12:42 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

“Da Қазақстан”: Достықтың алтын бесігі

Журнал ДА №20

 Халықаралық мәдени-интеллектуалды «da Қазақстан» журналының кезекті саны жарық көрді. «Тыныштық тірегі – бірлік» деген Бас тақырыпты ту еткен осы нөмірде халықтардың татулығы, ұлттардың достығы, этностардың үйлесімді қарым-қатынасы жан-жақтылы жазылған. Осы айдарда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Е.Тоғжановпен болған сұхбат, Белоруссия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырғызстан, Түркия елдеріндегі әріптес ғалымдар мен белгілі тұлғалардың мақалалары берілген. Жазушы Нұрғали [...]

10:46 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Автокөлік бағасы аспандай ма?

1 шiлдеден бастап, Кедендiк одақ бойынша автокөлiктерге салынатын баж салығы жаңа көлiктер үшiн 3 есе, ескi көлiктер үшiн 10 есеге қымбаттайтын болады. Кедендiк одаққа енгеннен кейiн билiк Қазақстан авторыногына көмек ретiнде бiр жылға жеңiлдетiлген баж салығын енгiзген болатын. Жеңiлдетiлген баж салығы бойынша, Кедендiк баж автокөлiк бағасының 10 пайызына жетсе, 1 шiлдеден бастап Ресейдегiдей 30 пайыз [...]

18:37 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Экономика | Толығырақ »

Соңғы пікірлер

Газет оқырманы қайда?

wordpress visitor counter