Ғарышта KazSat -2
Ғарышта KazSat -2
Бүгін Қазақстан өмірінде тағы бір айтулы оқиға болды. Ғарыш кеңістігіне көп күттірген KazSat -2 (ҚазСат) (Осы атау бір түрлі жаман естіледі, құдай оның бетін ары қылсын!!) ұшырылды. Оның, ғарышқа көтерілу рәсіміне Елбасы қатыспады. (Тағы да аз жылдан соң аспан әлемінен жоғалып кетсе,.. алдыңғысы із-тозсыз кеткелі бір неше жылдың жүзі болды). Алайда, премеьер-министр ешқандай жымиыссыз күрең қабақпен аспанға алая қарап шығарып салды. Ғарышқа аман-есен өткеніне мүмкін, іштей қуанған шығар, оған сәукегейлік айтпаймыз. Ал Т.Мұсабаевтың қуанышында шек жоқ екені көрініп-ақ тұрды. Қайтсін, жоғалған дүниенің бар ашуы осы кісінің желкесіне мінген болатын.
Ғарыш аппаратын жасағандар ресейліктер. Егер ғарыштық аппарат жұмысында ешқандай ақау болмай қалыпты жұмыс істесе, онда үш айдан соң ресейліктер аппаратты Қазақстанға табыс етеді. Аппаратқа францтар жасаған біраз сапалы қосалқы бөлшектер қосқан көрінеді. Аппараттың құны да арзан емес, 150 миллион америка доллорына тең.
KazSat-2 сәтті іске кіріссе еліміз көлемінде байланыс және теледидарлық қатынастар біршама жақсарып, олардың қызмет көрету бағасы да тұтынушылардың көңіліне шығуы керек. Мінбер-ақпарат