Негізгі бет » Қыркүйек 30th, 2011
Қосылған жазба “Қыркүйек, 2011”

Роза, Астанадан: Біз дәстүрге-дәрмен, пәктікке-пәрмен, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр болған батырларымызды, ақындарымызды, жазушыларымызды қашан қастерледік? Сөзі мен ісі қабыспайтын қырсық қоғамның ісіне күйінген бұл кісі басқалар сияқты жағымпазданып жүргенсе, бұндай күйге түспес еді… Өкініштісі туған жеріне жете алмай кетті. Не дегенмен бұл кісіні қастерлеу керек. Еңбектері бағаланып, ұрпақтан ұрпаққа жетеді дегенге сенімдімін. Шерден: Қара Қытай ажал абақтысында [...]
00:01 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Сөздің патшасы | Толығырақ »

Азанбай абыз қытай, дүңген, аздап тибет, урду, араб, түрік тілдерінде сөйлейді, ал қазақшаға судай. – Ата, осығұрлым көп елдің тілін қалай үйреніп жүрсіз, біз ана тіліміздің өзін жарытып сөйлей алмаймыз. – Е, қарағым, басқа түссе баспақшыл деген, басыңа күн туғанда басқаның тілі түгіл бақаның тілінде де сайрап кетуге болады екен. Бұны бізге үйреткен өмір, тағдыр. [...]
11:11 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Рух | Толығырақ »

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен сұхбат: – Қазіргі кезде қоғамды екіге бөліп тұрған тіл мен дін мәселесі екені екінің біріне аян. Әңгімемізді әуелі тілдің айналасындағы дау-дамайдан бастасақ. Жұртшылық арасында «138 хаты» деп аталып жүрген ашық хаттан мүйізі қарағайдай азаматар неге бас тартты? Оларды «жаздым, жаңылдым» деуге билік мәжбүр етті ме, әлде өздерінің ар ожданы жетпеді ме? [...]
21:50 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Журналистің сот процесіне катысуы калай жүзеге асады? Сот мәжілістері ашық және жабық болып екіге белінеді. Егер ол ашық өтсе, оған қатысам деушілердің бәрі қатыса алады. Ол үшін кәмілеттік жасқа толған кез келген азамат жеке куәлігін көрсетіп, рұқсат қағазын (пропуск) жаздырып алса болды. Ал журналистке қызмет куәлігін көрсетсе де жеткілікті. Алайда заңдарда судьядан рұқсат сұрау, баспасөз [...]
18:10 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Заңгер кеңесі | Толығырақ »

«Сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, бұлар өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету болып табылады.» А.С.Макаренко Шынымен де, махаббат барша сезімдердің жиынтығы. Оны жоқ деп айтудың да қажеті шамалы. Өйткені, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып [...]
00:01 | Жазба айдары: Жаңалықтар,Сөздің патшасы | Толығырақ »

Түрлі БАҚ-тарда дүйім елді дүрліктіріп, Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев «Оралмандарды ұрғаным бар. Сыйласып жүрміз бе, сыйласып, адам сияқты жүріңдер. Жөні жоқ есіріп, құтырмаңдар!» деп салды» деп айды аспанға бірақ шығарғанынан оқырман қауым құлағдар. Біз де дер кезінде БАҚ-дарда жарияланған материалдар мен сол күнгі дөңгелек үстелде Мамашев мырзаның сөйлеген сөзінен үзінді [...]
22:13 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Нұр-Отан ХДП жариялаған «Тілге құрмет – елге құрмет» республикалық байқауының қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге және насихаттау ісіне үлес қосқан үздік ұжым» номинациясы бойынша «Мінбер» журналистерді қолдау қоғамдық қоры марапатталды. Құттықтаймыз! Facebook арқылы жазбаға пікір жазу
22:07 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

Сенатор Хұсайын Уалиев Дін істері жөніндегі агенттікке осындай ұсыныс енгізді. Оның айтуынша: «Елімізде араб тілін білетін азаматтар жоқтың қасы. Сондықтан, Қазақстандағы мешіттер мемлекеттік тілде жұмыс жүргізіп, құранды да, намазды да қазақша оқуы керек». Сенатор Уалиевтың бұл уәжіне дін істері жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Лама-Шариф екі ұштылау жауап қатты. Ол құранның қазақша аудармаларының сапасын көтеруіміз керек [...]
17:01 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Жаңалықтар Сәл ғана артық ақша болса, апталық газеттер күнделікті газетке айнала алады Газет 12, 24 немесе 48 бетпен шектеліп қалмайды Фотосуреттер немесе газеттің түсі баспа станогы немесе беттің көлеміне тәуелді болмайды Веб-сайттарға жасалған сілтемелер арқылы оқырман мақаланы тереңнен қамтып қарастыра алады Бұрын шыққан газет мақалаларын оңай іздеп табуға болады. Газеттің бұрынғы сандарын сандық тәсілге көшірген [...]
09:02 | Жазба айдары: Журналист болам десеңіз | Толығырақ »

Саламатсыз ба, біздің басылым жаңадан ашылған еді. Басында жұмысқа қабылдаған кезде. айлықпен бірге қаламақы төлеуге уәде берген. Қазір басшылық сол уәдесін орындауға құлықсыз, айлықтың өзі кешіктіріліп беріледі. Біз қаламақымызды өндіріп ала аламыз ба? Саламатсыз ба, Рауан! Жұмысқа алған кезде жұмыс берушінің ай сайын қаламақы төлеймін деген уәдесі еңбек шартында көрсетілген болса сіз оны өндіріп алу [...]
01:05 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Заңгер кеңесі | Толығырақ »