Негізгі бет » Қыркүйек 26th, 2011
Қосылған жазба “Қыркүйек, 2011”

Азанбай абыздың «ауызын» аңдып отырсаң алтын саулап түсіп жатқандай. Өткен күндердің тасқа жазған өшпес белгі-бітігіндей тұнып тұрған тұма тарих. Тарих болғанда анау-мынаудың қисынына қарай қисайтып құрастыра салған, өңделіп, күзеліп, ойдан шығарып, жамап-жасқаған шын-өтірігі араласып кеткен, артқы ұрпақты адастыратын ала-құла тарих емес, еш қоспасыз, бұзылмаған, бұрмаланбаған таза тарих. Алтын – сөз. Құлақ қойып тыңдап, тап жылмай [...]
16:19 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Таным | Толығырақ »

«Саламатсыз ба, мама! Қал-жағдайыңыз есен бе? Ауырмай, сырқамай жүрген боларсыз? Ақбота қалай? Алматының күн-райы сол мен білетін құбылмалы күйде шығар? Менің әскердегі өмірім бір қалыпты күйде өтіп жатыр. Сізге сүйінші хат жолдайын деп, қолыма қалам алдым. Осы айдың 30-күні Конституция күніне орай Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында өтетін әскери шеруге баратын болдық. 2000 сарбаздың арасынан [...]
00:01 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Cіздер қыркүйектің 21 күні «Азанбай абыз» туралы алғашқы аңдатпаны оқыдыңыздар. Енді әңгімемізді ары қарай сабақтайық. Азанбай абыз бір сөзінде «жылым – барыс» деп қалды. – Ата-ау, әлгінде тоқсанға тақап қалдым демедіңіз бе?» деп сөзден жықпақ болдым. Бірақ, көпті көрген сұңғыла қарт есептен алдырмады. – Иә, жылым – барыс, қай жылға дөп келеді екен? – Бір [...]
18:55 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Рух,Таным | Толығырақ »

Өткен аптада тiлге қатысты дауға Сенат спикерi араласты. Қайрат Мәми Конституцияның 7-бабының 2-тармағы алынып тасталмайтынын, тiл мәселесiне қатысты Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енбейтiнiн кесiп айтты. “Қазақ тiлi – мемлекетiмiздiң негiзгi тiлi, бiрақ ұлтаралық келiсiм тәуелсiздiктiң ең басты жетiстiгi екенiн ұмыт қалдырмау керек. Ал бiздiң жағдайда ұлтаралық келiсiм көптеген қазақстандықтың орыс тiлiнде сөйлеу мүмкiндiгi мен [...]
00:01 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Жуықта Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша сазгер, күйші, дирижер Қазақстан және Моңғолия Композиторлар одағының мүшесі Мұсайып Хұсайынұлының «Алтай-Қобда» домбыра күйлері» атты тамаша жинақ жарық көрді. Кітапта Моңғолияда тұратын қазақтардың домбыра күйлері берілген. Бұл өлкеде күйдің дәстүрлі көне түрлері қазірге дейін жалғасын тауып [...]
22:31 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Рух,Таным | Толығырақ »

Соңғы 3-4 айдың аралығында Қытайдағы Үрімші қаласындағы төлқұжаттық-визалық қызмет ғимараты алдындағы кезек бірнеше есеге қысқарған. Егер мамыр айында ғана қазақстандық қызметкерлер күніне 40-50 құжат қабылдаса, қазір күніне 180-200 құжат қарайды. Алайда бір жарым миллионнан астам қазақ тұратын Ұйғыр-Шыңжаң өлкесінде қазақ визасына деген сұраныс арта түсуде. ЕЛГЕ АСЫҚҚАН ҚАЗАҚТАР Дүйсенбі. 5 тамыз. Бейжің уақытымен таңғы 9.00. [...]
12:47 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Қоғам | Толығырақ »

Құрметті оқырман, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорс-Қазақстан қорының демеушілігімен «Заңгер кеңесі» айдарын ашып отыр. Бұл айдарда сізге белгілі заңгер Жанерке Жанабилова жауап беретін болады. Көкейіңізде жүрген сауалдарыңыз болса жолдаңыз. Біз сізге көмек көрсетуге тырысамыз. Саламатсыз ба, мен кезекті еңбек демалысымды алып кеткен едім. Келсем екі күнге кешігіппін. Басшылық себепсіз кешіккенім үшін рапорт жазып, протокол [...]
10:45 | Жазба айдары: Заңгер кеңесі | Толығырақ »

Қазақ тілінің өздік құдіреті, өзіндегі сөздік қордың телегей-теңіз молдығынан ғана емес, өзінің алтындай икемге көнгіш, қолданылым елгезектігінен де менмұндалайды. Сөзіміздің бұл ыңғайын дәлелдеу үшін ешқайда бұра тартпай-ақ, тек бір ғана «уыл» жұрнағын алайық. Ескі Түркілер шабуылға бетпе-бет келген бүкіл шепті, ең әлдімен қолбасшылық орданы сенімді де жарамды қосынмен берік қоршап, бұл құрлымды «бой» деп атады. [...]
17:32 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Сөздің патшасы,Таным | Толығырақ »
Сәті түсіп, рамазан айында Түркияның Ыстамбұл қаласын бір айға жуық мекендеп қалдық. Сол уақытта көңілге түйген, көрген білгендерімді «Мінбер.кз» ұлттық интернет газетінің оқырманымен бөліскенді жөн көрдім. Жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат екілер шамасында Ыстамбұл қаласының «Ата Түрік» әуежайына қондық. Ұшақтан шыға қалғанымызда алдымыздан жап-жаңа жаққан моншаның жылы лебіндей аңқыған жұмсақ самал лебі қарсы алды. Бұған [...]
16:44 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Таным | Толығырақ »

Нобель cыйлығын алу, әдетте, бір жазушы үшін өміріндегі ең зор даңқ саналғанмен, әлдекімдер жөнінен алғанда ілікке алғысыз шаруа. Бұндай адамдар өте сирек ұшырасқанымен, Нобель Сыйлығына көзқарасы өмірге тағы бір қырынан қарауға жол ашып, өмір және атақ-даңқ жайындағы ұстанымын аңғартады. Бұлардың құн көзқарасы мен тұрмыс позициясы Нобель сыйлығына құштарлық ауа жайған бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. [...]
17:09 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Сөздің патшасы | Толығырақ »