• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады
Журналист болғым келеді
Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес
Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ
Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ

Жүректен шыққан ән – жүрекке жетеді…

11 Nov 2011
|   
Пікірлер: 2
|   
Ілмектер: Аян Ташмаханбетов, Жебе, Жебе тобы, Меломан, Музарт, Қазақ эстрадасы, Қайрат Түнтеков, ән өнері

«Өмір мен өлім, махаббат  пен қасірет, шабыт, бәрі-бәрі музыкада. Адам адам болып көзін ашқалы азаттық үшін күресіп келе жатса, сол азаттық асқақ аңсарын адам тек музыка тілімен айта алады. Өйткені барлық дәуірлерде тек музыка ғана адамдар арасындағы кертартпа кесапаттың бәрін аттап өтіп, әр заман тек болашаққа жол тартты. Сондықтан басқа тілде айта алмаған арман-тілекті, қайғы- мұң, бәрі – бәрі тек музыка тілі айтылмақ болмақ жеткізуге. »

Шыңғыс Айтматов «Жанпида»

Әннің құдіреттілігі соншама, жабырқаулы жүрген жанға тірек бола алады, адамдардың үмітін жалғайды, қуанышты күндері сөзбен жеткізе алмаған сезімінді әнмен жеткізуге болады. «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй», – деп Абай айтқандай,  жүректен шыққан әсем –  ән жүрекке жетеді. Алайда, қазіргі таңда теледидарды қосып қалсаңыз, даусы болсын-болмасын ән айтып тұрған әншілерді жиі байқаймыз. Тіпті, қай тілде орындап жатқандарын да ажырата алмай қалған кездерде болады. Әйтеуір орындап жатыр. Кей кездері оларға қарап отырып, «осы өздері не жайында ән орындап  тұрғандарын түсіне ме екен» деген ой туындайды. Бәз бір әншілер қалталарының қалындығына сенсе, ал бәз біреулері өз талантына сене біледі. Не керек, даусы болсын болмасын топтар, әншілер көбеюде. Осы тұрғыда  “Жебе” тобының  әншісі Аян Ташмаханбетовпен әңгіме өрбіткен едік:

Қазіргі кезде сахнаға шығып ән айтатын топтар көбейіп кетті, осыған қалай қарайсыз?

Топтың көбейгені жақсы, өзіміздің шоу бизнестің ілгері дамып келе жатқандықтың бір белгісі. Топ көбейсе, бәсекелес адамдар да көбейеді. Әрине, соның ішінде таланты бар адамдар ғана іріктеліп қалады.

Әнді орындағанда мағынасына әлде әуеніне қарайсыздар ма?

Ең бірінші сөзіне аса мән береміз, екінші кезекте әуені.

Көп әншілер жанды дауыспен емес (плюспен) фонограммамен  ән айтады. Осы туралы не ойлайсыз?

Негізінде плюстің де пайдасы бар. Мысалға, стадионға шығып ән айтқанда акустика болмайды. Негізінде сол уақытта керек. Ал, жанды дауыспен айту үшін, өзінің арнайы микрофондары, мониторлары болуы керек.

Қай топтарға көңіліңіз толады?

Меломан, Арнау, Арай, Қайрат  Түнтеков.

«Әр нәрсенің нағыз төрешісі – уақыт» демекші, уақыт өте келе нағыз талантты әншілерді де киелі сахнадан көре аламыз. Уақыт – сыншы. Бастапқыда көбейіп кетсе де, уақыт өте келе сүзбеде тек ірілері ғана іріктеліп қалады. Ал қалғандары қалай тез сахна төріне шықса, солай тез сөніп жатады.  Осыған орай Тансихов Алиасқар атты Алматы қаласының тұрғынына 2-3 сауал қойған едік. Қай әншіге көңіліңіз толмайды  деген сауалға, былайша жауап қайтарды:

– Біріншіден, Бейбіт Қорған, Ғаділбек. Өйткені, олардың дауыстары жоқ. Әсіресе, Бейбіт Қорғанның. Кеше сазды әлемге шыққан кезде де, айтқан өлеңіне даусы жеткен жоқ. Бір деммен айтатын өлеңді, демі жетпей ек-үш рет бөліп-бөліп орындады.

Қай топтарға көңіліңіз толады? Деген сауалға:

Музарт, Меломан , Жебе, Қайрат Түнтеков  ұнайды. Меломан тобының жігіттерінің даусы ашық. Даусы керемет  болмаса да Қайрат Нұртастың орындау шебері ұнайды. Өлеңдерінің бәрі де халыққа танымал. Өлеңінің сөзі де мағыналы, әні де тамаша. Оның тағы бір ерекшелігі әнді жүрегімен айтады. 

Барлығымыз  жексенбі күні тағатсыздана күтетін, «Еларна» арнасында  кешкі сағат 21:00-де басталатын «Саз әлемі» бағдарламасы. Сол туралы да қала тұрғынымызға бірер сауал тастаған едік. Аталған сұраққа былай жауап қайтарды:

  Бұл бағдарлама халыққа нағыз әнші кім екенін білуге мүмкіндік береді. Бірақ кейбір кезде қазылар алқасы дұрыс дауыс беріп жатпайды. Әншінің даусына қарап емес, кейбіреулері таныс-тамырына қарай дауыс беріп жататын да кездері болады. Айта кеттетін тағы бір жәйт, дауыс берген адамдардың саны халыққа жария етілмейді. Осының өзі күдік туғызады. Дауыс берген адамдардың саны, жасырын түрде қалады. Сондықтан да, бұл жерде шындық болмауы мүмкін. Мысалға, бір жексенбіде айтып шыққан топты, келесі жексенбіде қанша пайыз дауыс жинағанын айтуы керек.   Сонда бұл тартыс шындыққа ұласады,  халықтың да сенімі күшейе түседі.

Дегенмен, бұл екі-ақ адамның пікірі. Жалпы қоғам, қазақ көрермендерінің пікірі қазірше жұмбақ күйінде. Қазақта «әу демейтін қазақ жоқ». Қазақ әншілері осы ұстанымды ұстанып, өздерін керемет сезініп жүрген жоқ па деп қаламыз. Алайда,  оларды көкке көтеріп, жұлдыз қылатын да, жерге түсіретін де  –  халық. Біздікі айту ғана.

Гаухар Тойғұлова

  • google-share
7,267 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Еркін күрестен ел үздіктері анықталды

Келесі жазба

Кедендік одақ не берді?

Ұқсас жазбалар

4

Сәкен Иманасов өмірден озды

2 пікір

  1. айнұр 403 топ November 20, 2011 10:44 жауап жазу

    Кімнің ақшасы бар, соның “жұлдыз” болатын заманында “ЖЕБЕ” сияқты талантты жастардың сахнаға шығуы қуантады. Өзіндік дауыс мәнері мен киіну стилі бар. Болашақта үлкен жетістікке жете берулеріне тілектеспін. Мұны тек жерлестерім деп айтып отырғаным жоқ…. Талантты, талапты өнер иелерін халыққа жариялағанымыз, әлгі, атын шықпаса жер өрте деп “өте әде-м-і-і” түрін көрсетіп шығатын жұлдыздарымыздан он есе пайдалы деп ойлаймын. Сұхбат қысқа болса да жақсы шыққан…..

  2. Әсел February 3, 2012 18:36 жауап жазу

    Баяғыда бір айтқыш бұрын дауысы барлар әнші еді, қазір ауызы барлардың бәрі әнші деп!!! Сондықтан бұл бір таңғаларлық сұхбат болыпты деп айта алмаймын, сұрақтарынан да ешқандай өзгешелік байқамадым!

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Журналист болғым келеді

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

21 Apr 2018, пікірлер: 0

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

20 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Жемқорлары әбден асқынған елдің кө...

Басты жаңалықтар

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

Журналист болғым келеді

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Жасөспірім қыздар жүріп келе пойызға секіріп мінген
  • Кейкі батыр туралы телехикая түсіріледі
  • Сағынтаев Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

RSS Ақорда

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • The Gannet
  • Vaughn by Erin Murphy
  • Kandahar’s Lone Female Prosecutor
  • Out of My Hands
  • Expecting
  • Hurry The Food Up
  • Six Website-Building Tips for Beginners
  • The Good Life Smells Just Like Gobstoppers
  • Glorious Noise
  • Scenes of Springtime and Sakura from Celia in Tokyo
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры