///

АНГЛИЯ ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ. «МАНдраж СИТИ»

2362 рет қаралды
1

Англия чемпионатының 15 турында жергілікті командалар кездесті. «Челси» «Стэмфорд Бриджте» «Манчестер Ситиді» қабылдады. Виллаш-Боаш командасы ойын басталысымен гол жіберді, бірақ көп ұзамай таразы басын теңестірді. Ал үзілістен кейін Лэмпард көктер сапында өткізген 300-ші ойынында пенальтиден гол соғып атаулы күні өзіне сыйлық жасап қана қоймай, сонымен қатар командасына маңызды жеңіс әкелді.

Лондондықтар бұған дейін «Вулверхэмптон», «Ньюкасл» мен «Валенсияны» жеңген. Алайда бұл жеңістер оның турнирлік кестедегі жағдайына еш әсер еткен жоқ. Виллаш-Боаш командасы «Ман.Ситиден» 10 ұпайға, «Манчестер Юнайтедтен» 8 ұпайға қалып келе жатқан. Ойын алдындағы баспасөз маслихатында бас бапкер: «Егер тең ойнап немесе жеңіп жатсақ алқа үшін таласуымызға болады. Ал жеңілсек көшбасшылардан 13 ұпайға қалып, жағдайымызды күрт нашарлатып аламыз» деп түсіндірген хал-ахуалдарын.

Челси алаңға ойыннан қуылған Давид Луизсіз шықты. Оның орнын Иванович басты. Негізгі құрамда Рауль Мейрелеш пен Дидье Дрогба шығып Фрэнк Лэмпард пен Фернандо Торрес орындықта қалды. «Ситинің» алғы шебінде Агуэро мен Балотелли ойнады. Көмекшілерінің рөлін Бэрри, Яя Туре, Милнер және Давид Сильва атқарды.

«Сити» есепті 2-ші минутта соғып, жақында Испан примьерасында болған «бір» ойынды еске түсірді. Оң қанаттағы қорғаушы Сабалета Агуэроға тамаша пас берді. Ол бірнеше қарсыласын алдап өтіп Балотеллиге берді. Соңғысы Ивановичтен өтіп, Чехті алдап допты бос қақпаға итере салды. 0:1.

Манкуниандықтар бастапқы ойынын айнымай, шабуылдауды жалғастыра берді. 11-ші минутта барлық қорғаушыларды алдап өткен Агуэроның тамаша мүмкіндігі болды. Үш минуттан кейін Балотелли Сильваға әдемі мүмкіндік сыйлады. Бірақ, неге екені белгісіз, Давид Рамиресті де алдамақшы боп айып алаңда өтірік құлады. Төреші ақымақ емес екен, алдамшының қылығын бірден аңғарып, ойынды жалғастыруға ұйғарды.

«Челси» 30 минут бойы орталықтағы ойынын жөнге келтіре алмай жүрді. Лондондықтардың ойнында шалағайлық қылаң берді. Қонақтар да қайта-қайта қыспаққа алып «Челсидің» жаңа, жас қорғаушысы Ромеуді қателесуге мәжбүр етіп тұрды. «Сити» қақпасы алдындағы алғашқы қауіпті сәт 25 минутта орын алды. Ойын басынан допқа жете алмай жүрген Дрогба ойынды өзіне алып Харттың бергі бұрышына соққы бағыттады. Қақпашы оны бұрыштамаға шығарды.

34 минутта Старридж Клишиді әдемі алдап өтіп арғы жақтағы Мейрелешке пас береді. Мейелеш жақын қашықтықтан мүмкіндігін мүлт жібермей есепті теңестірді. 1:1

Үзіліске дейінгі қалған уақыт шабуылдарын жаңбырмен қатар үдетіп отырған «Челсидің» әлсін басымдылығымен өтті. Тайм арасында ойыншы алмастырулар болмады. Екінші тайм басталысымен Клиши сары қағаз алып, Старридж допты қақпа маңдайшасынан сәл биік асырды.

58 минутта Рамиреске қарсы тағы ереже бұзған Гаэль Клиши, төбесінде екінші сары қағаз жарқ етіп қызарды. Алаңға Лэмпард шықты. Бұл ойын оның «Челси» сапындағы үш жүзінші матчы. Негізінен ойын тең. Манчестеріктерді де мұндай нәтиже қанағаттандырарлықтай. Бірақ 82 минутта Старридж қайта шабуылдап, игі бастамасы голмен аяқталды. Оның соққысы қорғаушы Лескоттқа тиіп, Клаттенбург орынды пенальтиге көрсетті. Лэмпард допты қақпаның қақ ортасына орасан зор екпінмен теуіп еді Джо Харт қақпасының торын жыртып кете жаздады. 2:1. «Челси» өте маңызды текетіресте лайықты жауап қайтарып, кестеде 3 сатыға көтерілді.

Олжас НҰРАЗХАН

 

АНГЛИЯ ЧЕМПИОНАТЫ, 15 тур

«Челси» – «Манчестер Сити» – 2:1

0:1 – Балотелли (2), 1:1 – Мейрелеш (34), 2:1 – Лэмпард (82, пенальти).

«Челси»: Чех, Босингва, Иванович, Терри, Э. Коул, Ромеу, Рамирес, Мейрелеш (Лэмпард, 73), Мата (Малуда, 84), Старридж (Оби Микел, 88), Дрогба.

МС: Харт, Сабалета, Компани, Лескотт (Джеко, 85), Клиши, Бэрри, Я. Туре, Милнер, Сильва (Н. де Йонг, 75), Агуэро (К. Туре, 64), Балотелли.

Алаңнан қуылған: Клиши (58).

«Манчестер Юнайтед» – «Вулверхэмптон» – 4:1

1:0 – Нани (17), 2:0 – Руни (27), 2:1 – С. Флетчер (47), 3:1 – Нани (56), 4:1 – Руни (63).

«Арсенал» – «Эвертон» – 1:0

ван Перси (70).

«Ливерпуль» – «Куинз Парк Рейнджерс» – 1:0

Суарес (47).

«Сток Сити» – «Тоттенхэм» – 2:1

1:0 – Этерингтон (13), 2:0 – Этерингтон (43), 2:1 – Адебайор (62, пенальти)

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Minber.kz ұлттық интернет газетіндегі спорт тақырыбына байланысты қандай мәселелер көтерілген? Өз ойыңызды білдіріңіз.

Білу жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері