| 641 рет оқылды |

Газет қостілді болса, қазақша мақалаларға орын қайдан берілуі тиіс?

Бізде Ақтөбеде «Теміржолшы» деген газет шығады. Қостілді еді. Бұрын біз мақалаларымызды қазақша жазып, бірінші, екінші бетіне орналастыра беретінбіз. Қазір  жаңа басшылық келгеннен бері, алғашқы беттерін орыс тіліндегі мақалаларға ғана арнады да, соңғы беттерін қазақ тіліндегі мақалаларға беретін болды. Ол жерде спорт, мәдениет тақырыбы ғана қамтылады. Енді маған мақалаңды орысша жаз дейді. Бұл заңды ма? «Тілдер туралы» заңға қайшы емес пе? 

Асқар, Ақтөбеден.

 

Жауабы:

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 5-бабына сәйкес Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Осы заңның 18-бабы Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi жөнінде айтылған:

Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi.

Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, телерадио арналары арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi хабарлардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

БАҚ туралы заңның 3-бабынның 1-тармағына сәйкес Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде таратылады. 

      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнiң ана тiлiн пайдалану құқығын қамтамасыз етедi. 

      3. Бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының мемлекеттiк тiлдегi апталық көлемi уақыты жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.
Мемлекеттiк тiлдегi телевизиялық және радио бағдарламаларының әрқайсысының жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетiн ұзақтығы алты сағат болатын уақыт аралығындағы көлемi басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс.

Дайындаған Жанерке.  

Әлеуметтік желі

Кездейсоқ

7 Пікір пікір жазылған “Газет қостілді болса, қазақша мақалаларға орын қайдан берілуі тиіс?”

  1. Қос тілді газеттерде қазақ тіліндегі мақала алғашқы беттерде орын алуы тиіс. Ақылға сыйымдысы осы!

  2. Биліктің жалпақшешейлігі осы күнге дейін мемлекеттік тіл мәселесінің шешілуіне кедергі болып келеді.

  3. Негізі газеттердің қостілді болуын қаламаймын. Ол жерде орыстардың сөзі өтімді болады да, қазақтар тағы екіншісортты болып қалады.

  4. Шығыс қызы Әсел

    Қашан осы екітілділіктен құтылады екенбіз а??????

  5. Жаңа басшы қандай мақсатпен орыс тілінің мәртебесін асырып отыр екен? Орысша жазылу керек болса, онда орыс тілінде “ДОРОЖНИК” деген газет ашсын!

  6. Жанерке, неге жауап жоқ?
    Дұрыс па, бұрыс па?

Жауап қайтару

Айдарлар

Соңғы пікірлер

  • Дана: Жаман әдет мұсылманшылыққа жат Білімді болуда, кітапты көп оқуда ғылым-білімі, мәдениеті дамыған өзге ұлт...
  • Дана: Интернет арқылы іздеп көр! Мүмкін, табылып қалар. Немесе Жағда Бабалық атамыздың кітабында да бар. Ұшына от...
  • Арайлым: Біз жаспыз, көп нәрсенің байыбына барып ойлана бермейміз. Агенттің зиян екенін біле тұра, одан бас алмаймыз....
  • Елдос: Қазақ пен жапон арасындағы мәдениет мәселесін Күлдан шешпейді. Бірақ, бұл сөз қай жерде, қандай жағдайда...
  • Алаш: Ия не кереги бар бул ТЕКСИЗ жобанын.Мадениеттен журдай адамдарды когилдир экранга шыгарып демеушилик жасаудын...

Газет оқырманы қайда?

Хат жазғыңыз келсе

wordpress visitor counter

0
Unique
Visitors
Powered By Google Analytics