Қазақстан мұражайлары туралы үш тілді жаңа веб-сайт ашылды
«British Council» Қазақстан орталығы еліміздің мұражайлары туралы жаңа веб-сайт ұсынды. Бұл туралы ақпанның 7-сінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сайт үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Аталмыш жоба «Мұражайларды модернизациялау» атты қазақ мәдениетін дамытуға арналған үш жылдық бағдарламаның негізінде жүзеге асып отыр. Естеріңізге сала кетсек, «Мұражайларды модернизациялау» бағдарламасы 2010 жылдың мамыр айында басталған болатын.
Орталық директоры Лина Милошевич: «Сайт әзірше толығымен жұмыс жасап кеткен жоқ. Дегенмен біз болашақта толықтыра түсеміз деген үміттеміз. Бұл сайтты біз ұсынғанмен кейін бағдарлама уақыты біткен кезде сайтқа жетекшілік етуді Мәдениет министрлігіне тапсыратын боламыз.» -дейді.
Сайттың ашылуы мемлекетіміздің жастарына да еліміздің мәдениетін біршама көркейтуге және өз шығармашылықтарын сынап көруге мүмкіндік берді. Сайт дизайнын қалыптастыру мақсатында студенттер арасында конкурс ұйымдастырылып, ең үздік веб-дизайн категориясымен Елена Познякова марапатталды.
«Қазақстанның ерекше құнды дүниелері жайлы ағылшын тілінде толыққанды ақпарат беру қазақ елінің танымалдылығын, сонымен қоса имиджін арттыра түседі. Сондықтан біз мұражайлар туралы арнайы брошюраларды ағылшын тіліне аударып шығардық» -дейді орталық директоры Лина ханым.
«Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Мәулен Жарылқасынұлы: «Бұл сайттың ашылуы орынды деп есептеймін. Біздің мұражайымыздың сайты бар. Бірақ, бұл туристерге түсінікті болуы екіталай. Бүгінгі ашылған сайт туристерге немесе шет ел азаматтарына отанымыздың мұражайларымен танысуға, құлақтануға мүмкіндік береді. Ал бұл біздің өркениетіміздің дамуына өз әсерін тигізеді.»
2012 жылдың соңына дейін 50 мұражай туристерге арналған ағылшын тіліндегі брошюраларды алатын болды. Аталмыш жоба барлығына сынақ болмақ.Электронды каталогпен
арқылы таныса аласыздар.
Рысгүл Мәтжанқызы



Сайттың жобасы тамаша екен. Қазағымызды таныта берсін.