• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Келер жылдар, келер айлар,… келер таң….
Альбионнан Алматыға
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда
Байтақ елдің Балпық биі
РАУШАН КӨРКІ
Қазақтану

Баспана жыры немесе біздің құрылыстар

18 Apr 2012
|   
Пікірлер: 5

 

2012 жылдың сәуірінің алтыншы жұлдызы күні  күндізгі сағат он бірлер шамасында Қарағандыда “Бесоба” ықшам ауданында үлескерлер қаржысына салынған көпқабатты тұрғын үйлердің бірі құлады. Сол күні еліміздің телеарналары кешкі жаңалықтардан барша халыққа үйдің құлауын күннің  айтулы оқиғасы  ретінде баяндап, көрсетіп жатты.  Қираған бес қабатты үйде 65 пәтер болған. Айдың күні аманда баспанасыз қалған 35 үй тұрғындары зар еңіреп қалды. Бір күн ішінде қисайып құлаған үйдің иегерлеріне Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдірәшов екі ай көлемінде баспаналары қайтарылып берілетіндігін айтты. 2009  жылы пайдалануға берілген үй 3 жыл ішінде күл талқан болып отыр. Азаттық радиосының мәліметтеріне сүйенсек, “Бесоба” кешеніндегі көп қабатты тұрғын үйді салған “Системпромснаб” құрылыс компаниясының басшысы шетелге қашып кеткен көрінеді. Үйді салып бітіруге тиіс «Сервиспромснаб» ЖШС директоры Андрей Маляновқа Қазақстан республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Қарағанды облыстық департаменті 2011 жылы 15 шілдеде іздеу жариялаған. Ал  Қарағанды қаласында сәуірдің 13-і күні аталмыш компанияның  бас инженері тұтқындалды. Бұл туралы  Қарағанды облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Мұхамедкәрім Бектұрсынов хабарлады. Инженер Лятуновскийге үй құрылысын сапасыз жүргізді деген күдік тағылып отыр. Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауына қарағанда, «қазақстандық көпсалалы қайта жаңғырту және дамыту институтының» мамандары  қалған тұрғын үйлерді тексерістен өткізіп жатыр.  Апат себептерін тергеп жатқан арнайы комиссияның жұмысы 20 сәуірге дейін ұзартылды.

Бір минут ішінде өмірінің мәніне айналған, тыныштық сыйлар ұясынан айырылған үй иелерінің  жағдайының ендігі жайы  беймәлім. Алдын ала есеп бойынша тұрғылықты халық 545 миллион теңгеге шығынға ұшыраған.  Құалаған үйлер 330 млн теңгеге бағаланып отыр.  Бауыржан Әбдірашевтың айтуына қарағанда, ең алдымен тұрғын үйлерді қайтару мемлекеттік бағдарлама бойынша  үй алған тұрғындардан басталады. Ал өз еңбегімен баспанаға қол жеткізгендер күте тұратын көрінеді. Және бір айта кетерлік жайт, үйлердің қайтарылуы барысында шаршы метр көрсеткіштері есепке алынбайды екен. Егер сіз елу шаршы метрлік бір бөлмелі пәтерде тұрған болсаң, отыз шаршы метрлік үйге ие болуың мүмкін.   Әкімшілік бұл мәселелерге бас қатырмайтындығын жеткізді.

Мұндай оқиғаны көрген көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындар «Біздің үйіміз қанша жылға шыдайды?»  деген сауалды өздеріне қойып, тұрғылықты жерінен күдіктенетіндігі белгілі. Оқырман көкірегіндегі шешімі сағыздай созылған сұрақтарға жауап іздеп көрсек.

2011 жылы құрылыс саласына құйылған қаржы аздық етілгендіктен қосымша қаңтар айында мәжіліс депутаттары арнайы шешім шығарып, құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық салаға 75 млрд теңге қосымша қаржы бөлінген болатын.  Мемлекет жыл сайын қомақты қаражат бөлсе де, салынған құрылыстар сапасы көңіл көншітерліктей емес.  Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтар айына жұмсалған қаржы көлемі 71 млн 767 мыңды құрайтын көрінеді.  2010  жылға дейін елімізде  1 943960  теңгеге құрылыс жұмыстары  жүргізілген.  Салынған құрылыс саны көп болғанымен, оның жабдықталуы мен салынуы нашар екені баршаға аян.  Алматы облысындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің де  сапасын сын көтермейді. Құны бір миллиардқа жасалған құрылыстарды көргендігімізге күмәніміз бар.  Бүгін жапсырылған кафель жаңбыр жауып бір апта өткеннен кейін түсіп, әп-әдемі ғимаратты ұсқынсыздандырып тұрады. Кеше салынған әйнектер ертесіне жарылып, сынуға әзер тұарды.  Мұны көріп қайран текке кеткен еңбек-ай демесіңе шара жоқ. Құлагер ауданындағы үйлердің жанынан өткеніңде ертегідегі зұлымдық шаһарана тап болғандай күй кешесің.  Құлагер ауданы ғана емес, басқа аудандардың да сапасыз, қатты жел тұрса  қирайтын ғимараттары баршылық

Еліміздің аймақтарындағы құрылыс сапасының нашарлығын Қазақ бас сәулет-құрылыс Академиясының асссоцияланған профессоры Нұршанов Серік Әмірұлынан сұраған едік.

Қарағандыда құлаған бес қабатты үйдің құлау себебін түсіндіре аласыз ба? Және сіздің бұл оқиғаға көзқарасыңыз!

–   Мен оқиғаның толық мән жайын білмегендіктен ауыз толтырып ештеңе алмаймын. Бар білетінім мұндай оқиғаның орын алуына кінәлі жобалаушылар мен құрылысшылар кінәлі. Себебі, олар үй салынардан бұрын аймақты толығымен зерттемеген, зерттесе де есепке алмаған. Жобалаушылар аймақты зерттеп болғаннан кейін ғана құрылысшыларға тапсырыс бере алады. БАҚ таратқан ақпараттарына сүйенсек, дәл сол жерде бұрын не өзен не бұлақ болған. Бірақ бұл әлі белгісіз. Ал өзен немесе бұлақ орналасқан жерде салынар құрылыстың жобасы өзгеше әрі мықты болуы керек.   Қазір арнайы комиссия зерттеу жүргізіп жатыр, қаорытындыны солар ғана айта алады. Біздің академияның бұл оқиғаға қатысы жоқ.  Іргетас үйдің тірегі.  Тіректің сапасы нашар болса не болмаса қыста қатты аяздан қатып қалған болса,  ол шыдамай құм болуы мүмкін.  Ал егер бетон отырған болса (посадка), онда  жайлап шытынай бастап ең ақырында осындай жағдайға әкеліп соғады.  Біз әрине, болжай ғана аламыз, нақты қорытындыны комиссия ғана айта алады.

Бес қабатты үйдің іргетасы қаншалықты терең әрі мықты болуы керек?

– Үйдің ұзақ сақталып тұруы үшін топырақтың тоңу немесе қату деңгейін мөлшерлеу керек. Мұның өзіндік нормативтері қарастырылған. Баспасөзде мынандай ақпарат қылаң ете түсті.  Құрылыс жүзеге асырылған сәтте арнайы мамандар емес,  жалдамалы өзбектер салған деген әңгіме. Кім салса да, құрылыс біткеннен кейін ол жер мемлекеттік комиссиядан өтіп, арнайы акт жасалынады. Дәл осы жерде тексеріс дұрыс жүргізілуі тиіс еді. Нәтижелерін білмей жатып, біреуді айыптау мамандығыңа деген қадірсіздігің. Сондықтан ешкімді уақытынан бұрын айыптауға болмайды.

Қазақстандағы құрылыстың салынуы мен оның кейінгі жағдайы көпшіліктің көңілінен шықпай жатады. Не суы жоқ, не қабырғасы дұрыс сыланбаған, жарты жылдан кейін сызықшалар пайда болып ұлғайа береді. Осындай жағдайдың орын алуына кім кінәлі және осындай оқиғалардан аулақ болуы үшін не істеу қажет?

– Тәуелісіздік алғалы жиырма жыл толса да біздің құрылыстарымыз жәй жұмыс жасап келді. Соңғы бес алты жылдықта ғана шығар қарқынды дамып, түрлі ғимараттардың салынып жатқаны. Кеңес Одағы кезіндегі сауатты мамандардың барлығы дерлік  Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басқа салаларға кетіп қалды. Себебі, ешкімге керексіз болып, нан таба алмай қаламыз ба деген қауіп болды. Тағы да дағдарыс белең алған сәтте қиналудан қорықты. Расымен де соңғы кездегі кейбір дағдарыстар кесірінен кейбір құрылысшылар жұмыссыз қалып жатты. Ал кезінде бас мамандар, инженерлер,  құрылыс жұмысын басқарушылар жұмыстан кеткен сәттегі олардың көмекшілері қарапайым қүрылысшылар жоғары лауазымдарға ие болды.  Білікті маман болмаса да, хабары бар ғой деп басшылар да амалсыздан қойды. Ал негізі олай жасауға болмайтыны белгілі. Маманның аты маман. Ол құрылыстың әйнегі шытынаса, немесе жер сілкінісінен сақтау үшін, қыста ғимарат аязға қатып қалмау үшін не істеу керек екендігін біледі.  Қарапайым жұмысшылар сызбаларды оқи алмайды, техникалық шешімдер қабылдай алмайды. Оларда білімнің іргетасы құйылмаған. Қандай жағдай болса да, ситуациядан мың бұралып шыға алмайды.  Көмекшілердің біріншіден іргетасы жоқ, екіншіден аталмыш мәселелермен кезікпеген соң білмейді. Ең ақырында жұрттың көңілі толмайды. Студенттермен тәжірибеге шыққанда, келіп түскен материалдарды тексергенде Қазақстандағы құрылыс жайның нашар екендігін көреміз. Мұндай проблеманы жою үшін құрылыс компаниялары  алған обьектілеріне жауапкершілікпен қарап, сауатты мамандармен жұмыс жасай білуі керек. Ал еліміз болашақта мұндай келеңсіз жағдаймен кездеспес үшін кадр даярлау ісіне басты назар аударуы тиіс.

Құрылыс жүргізілгеннен кейінгі арнайы мемлекеттік комиссия мүшесі ретінде сіздің құрылыс академияңыздан өкілдер бара ма?

– Жоқ! Бұл жағдайда біздің  академия араласпайды. Біздің мақсатымыз маман даярлау! Комиссия мүшесі ретінде басқа мамандар барады. Оларға біздің қатысымыз жоқ.

Ал сіздің Академия кадр даярлауда қаншалықты маңызды іс атқарып жатыр?

– Біздің білім беру орталығымыз республика бойынша жетекші орында болғандықтан біздің құзырымызға Республикалық Методикалық орталықты тапсырды. Біз сол орталық арқылы методикалық әдебиеттерді жарыққа шығарамыз.  Былтырғы жылы 300-ден аса маман даярладық.

Ал сол мамандар қазір қайда? Өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүр ме?

– Бұл қазіргі таңда өте үлкен проблемаға айналып отыр.  Түлектердің өз мамандығы бойынша жұмыс жасауы өте қиын. Компаниялармен қарым қатынас кезінде кадрлар жайлы олар былай дейді: «Бізде бәрі бар. Жеткілікті». Осыдан кейін не істей аласың. Көптеген студенттер бітіруін бітіргенмен басқа салаға кетіп жатады. Түлектеріміздің жиырма бес пайызы ғана өз мамандықтары бойынша жұмыс жасауда дей аламын. Ал жас мамандарды ешкім жұмысқа алғысы келмейді.кем жегенде бес жыл мамандығыңа байланысты тәжірибең болуы керек.  Ол бір жерден тәжірибеден өтпесе қайдан маман болады? Конференцияларға, байқауларға қатысып жүрген студенттерімізді жұмыс жәрмеңкесінде талап әкетеді. Жұмысқа тұру өте маңызды мәселеге айналуда.

Құрылыс компаниялары сіздермен кеңесіп жата ма?

– Құрылыс компанияларымен байланыс бар. Әсіресе, кадр дайындау саласында. Компаниялардың сұранысына қарай мамандар даярланып жатады. Жұмыспен қамтылу жәрмеңкесін жылына екі рет өткізіп тұрамыз. Сол кезде компаниялар сауатты жақсы маман деген студенттерді жұмысқа шақырады.

Сәуірдің он бесінде Азаттақы радиосы Алматы аймағында 3,5  балдық жер сілкінісі болды деген ақпарат таратты. Бетін аулақ қылсын әрине, дегенмен 8 -9балдық жер сілкінісі болса, Алматыдан не қалар  екен?…

 Рысгүл Рамазанова

Мінбер – Ақпарат


  • google-share
4,044 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Алуан түрлі ауа-райы

Келесі жазба

Тағы да тіл туралы

5 пікір

  1. Қазақбала April 20, 2012 09:55 жауап жазу

    Сұмдық еді. Бір елдің технология, құрлыс саласының осыншама кемшін деңгейде тұруы…

  2. Алматылық April 20, 2012 09:58 жауап жазу

    Алматыны тосын апатты жағдайдан Аллам өзі сақтасын дейік, ондай жағдайдың алдын алу шарасын емес, біздің билік тек 200-300 мың адамды көметін үлкен алаң ғана дайындап қойған.

  3. қалалық April 20, 2012 09:59 жауап жазу

    ойпырай, калада алансыз омип суруден калатын болдык кой енди…

  4. Zevs April 20, 2012 19:27 жауап жазу

    Бесоба тұрғын үй кешенінің қалған үйлері де құлағалы тұр жеген сыбыс бар! Әзірге белгісіз! Апатты орынды тексеретін комиссияның жұмысын тағы да бір аптаға ұзартыпты! Сонша не бітіріп жатқандарын түсінбедім! ертең нәтиже кеткен уақытқа сәйкес келсе болды дағы !

  5. Бектас April 22, 2012 13:34 жауап жазу

    Халықты қорлау, елу шаршаға отыз шаршы деген. Мемлекет дейміз, бірақ сол мемлекетті айтқанда осындай олқылық жіберген адамдарды айтпаймыз. Неге?
    Барлық жерде адам факторы бар. Құрылыс салуға лицензия беруден бастап, құрылысқа жер бөлу, тендер өткізу, жобалау жұмысы, бұл жерде жер қыртысын геологиялық зерттеу заңды түрде жүргізілуі керек( бұл жұмыс та тендермен), мемлекеттік экспертиза бар, құрылыс басталғанға дейін. Содан қандай құрылыс компания алады, бұл да тендермен. Осы аралықта оншақты, жиырмашақты адамдар бар жауап беретін. Әкімдікте құрылысқа жауап беретін адамдар бар. Бәрін де жауапқа тарту керек, шығынды солар қайтарулары керек. Елу шаршы болса сол елу шаршы түрінде. Қайдағы өзбектерге жала жабу таза арамзалық. Ең соңында мемкомиссия бар. бұлар да жауап беріп шығынды қайтарулары керек. Осылардың бәрі кінәлі, обылыстың әкімі де. Айналып келіп халықты қорлай береді. Халқ есек пе, еңбегі адал, ал еті арам? Неткен бейшара елміз, арам билік? Осы құрылысқа бөлінен ақша әр сатыда 10-15% қолды болады, сондықтан бәрі ақщаны қайтарулары керек. Сенбейтін адамдар болса халықтан сұрау сұрап теледидарға, газеттерге жариялайық. Қалай ақшаны ұрлап жатқандары туралы. Бұл бір Қарағанды емес, барлық облыста, барлық салада бар. Қашағны арамзалар халықты тонап, қорлап шалқақтай береді!?

Leave a Reply to қалалық Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Тұманды Альбионда (жалғасы)

04 Dec 2019, пікірлер: 1

Тұманды Альбионда (жалғасы)

01 Dec 2019, пікірлер: 1

Тұманды Альбионда (жалғасы)

16 Nov 2019, пікірлер: 0

Келер жылдар, келер айлар,... келер таң....

13 Nov 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

керемет. осындай танымдық дүн...

Өте жақсы. Ана атауларды...

Дұрыс

Өте құптаймын

Басты жаңалықтар

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бизнес журналистика не үшін маңызды?

Алматыда "Медиа ақпараттық сауат: тренерлерге арналған тренинг" басталды

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры