• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазаққа “құлсың!” демегін…
Ұшып кеттік көкке біз!
“Зұлмат” – қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді
Қарақшылардың қолынан қаза тапқан…
Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ
Қандастарымыздың зейнетақысы мәселесі шешілді
Бүгін – ерте, ертең -кеш
Келер жыл Қабан ба, әлде Доңыз ба?
Жаңалықтағы жаңалық

Оралмандар ҚР Азаматтығын алу үшін – келген елінің азаматтығынан шыққаны жайлы анықтама қажет емес

23 May 2012
|   
Пікірлер: 19

 

Мен – Әметов Әли, 2011 жылы қараша айында Қарақалпақстаннан отбасыммен көшіп келдім. Менің 2 ұлым және 1 қызым жанұялаларымен Қазақстан азаматтары. Ал мен жұбайыммен және 1 қызым Өзбекстан азаматымыз. Осы үшеуімізге Қазақстан азаматтығына құжаттарымызды қабылдамай жатыр.Себебі белгісіз.Бізге Өзбекстан елшілігінен Өзбекстан азаматтығын тоқтату туралы анықтамасын алыңдар деген қосымша талап қойды, осы талап орынды ма? Ұлтымыз қазақ. Осы мәселені қалай шешемін? Кімге хабарласуым қажет?
Уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіремін!
Рақмет.

–Саламатсыз ба, Әли!

Сіздің сауалыңызға орай біз оралмандар мәселесін жан-жақты терең талдау мақсатында Алматы қалалық Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ержан Алтаевты әңгімеге тартқан едік.

– Ержан Нұрсұлтанұлы, 2011 жылдың  қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы оралмандардың азаматтық алуын біршама күрделендіріп жіберген еді. Қазіргі бізге жетіп жатқан әңгімеге қарағанда, ол мәселе шешімін тапқан секілді. Осы жайында түсіндіріп бересіз бе?

– 2010 жылдың соңына қарай Қазақстан Республикасының құқыққорғау жүйесін реформалауға байланысты оралмандар мен босқындар, Қазақстаннан баспана іздеушілер ісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Ішкі істер министрлігіне өткізілді. Бұл жұмысты кімнің реттейтініне қарамастан, оның тоқтатылған заңнамалық  нормалар негізінде жүзеге асырылатынын еске салғым келеді.

Бүгінде тарихи мекеніне оралған этникалық қазақтар бірінші кезекте оралман мәртебесін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және көші-қон квотасына қол жеткізіп, еңбекке орналасуға мүдделі.

ҚР Президентінің 2011 жылдың 22 шілдесіндегі Жарлығы бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» заңның жаңа редакциясына қол қойылды. Осыған орай оралмандармен жұмыс істеуде де біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Оралман» түсінігінің өзі кеңейтілді. Оралман – Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін шет мемлекеттерде тұрақты тұрып келген, Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында қоныс аударған этникалық қазақ. Демек, шетелден қоныс аударған қазақ, тиісті тәртіптер негізінде мәртебесін анықтап, соған сай куәлікке қол жеткізген адам оралман болып саналады.

Оралман мәртебесін алу үшін отағасы немесе отбасының кәмелет жасқа толған бір мүшесі Көші-қон полициясы басқармасына өтініш жасай алады. Өтінішпен қоса, өмірбаян, өтініш иесінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының (төлқұжат, кәмелетке толмаған балаларының туу туралы куәлігі), төмендегі құжаттардың: некеде тұрғаны туралы куәліктің немесе ажырасқаны туралы куәліктің, аттестат, диплом, әскери билет немесе еңбек кітапшасының (оралман мәртебесін алуға сай ма, жоқ па, соны анықтау үшін көрсетіледі) көшірмесі қоса тапсырылады. Өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің мәліметтері «Оралман» электрондлы базасы арқылы тексеріледі. Бұл оның Қазақстанның басқа да өңірлерінде тіркелген, тіркелмегенін анықтау үшін қажет. Егер, оның басқа өңірлерде тіркелгендігі анықталатын болса, екінші тіркеуге алынбайды. Ондай жағдайда өтініш беруші құжаттарын бұған дейін өткізген жерден жаңа тіркелу орнына ауыстыру жөнінде Көші-қон полициясы басқармасына өтініш бере алады. Өтініш өтініш беруші қажетті құжаттарды қажетті деңгейде өткізе алмаған жағдайда ғана қабылданбайды.

Оралман куәлігі отбасындағы әрбір кәмелетке толған мүшеге беріледі. Кәмелетке толмаған балалары өтініш берушінің куәлігіне тіркеледі.

Оралман мәртебесі тек бір жылға ғана жарамды. Оралман және оның отбасы мүшелері тарихи отанына тұрақты тұру мақсатында келгенін ескере отырып, олар бір жылдың ішінде жеңілдетілген түрде құжаттарын Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға өткізу керек. Егер бір жыл ішінде оралман мәртебесінде болған азамат Қазақстан Республикасы азаматтығын алуға өтініш білдірмесе, оның оралман мәртебесі тоқтатылады да, жай этникалық қазақ дәрежесінде қалады.  «Халықтың көші-қоны туралы» заңның жаңа редакциясында этникалық қазақ ретінде, бұл – шетелдерде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам деп анықталған. ҚР территориясына келген этникалық қазақтар есеп-шотында 1 миллионнан астам қаржы болу қажет делінген жалпыға бірдей таралған міндеттен босатылады және ҚР азаматтығын жеңілдетілген түрде алуына құқығы бар.

ҚР азаматтығын жеңілдетілген түрде алу дегеніміз – олар басқа шетел азаматтары секілді Қазақстан аумағында бес жыл тұрақты тұруға міндетті емес.

– Ал, келген елінің азаматтығынан шыққаны жөнінде анықтама талап етілетін болды деп еді. Бұл мәселе шешімін тапты ма?

–  Алматы қаласына келген этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері ҚР азаматтығын алу үшін тіркелген жеріне орай аудандық көші-қон полициясы бөлімшелеріне бара алады. 2011 жылы Алматы қаласы бойынша ҚР азаматтығын 1503 шетел азаматы қабылдаса, соның – 593-і оралмандар. 2012 жылдың басынан бері – 10 оралман азаматтығын қабылдады. Оның бесеуі – 5-і Қырғызстаннан, 5-і Ресейден. Азаматтықты қабылдаған оралмандардың санының бұлай азаюы – 2011 жылдың тамыз айынан «ҚР азаматтығы туралы» заңға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға орай, оралмандарға ҚР азаматтығы жеңілдетілген түрде беріледі, алайда келген елінің азаматтығынан шыққаны жөнінде анықтама талап етілетін болды. Бұл үлкен қиындыққа душар етті. 2012 жылдың 27 сәуірінде Елбасы «ҚР жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беретін әртүрлі заңнамалық актілер мен нормалардың арасындағы қайшылықтарды болдырмау мақсатында кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №15-V  заңына қол қойды.

Бұл заң аясында «ҚР азаматтығы туралы» заңға да өзгертулер енгізіліп, этникалық қазақтар мен олардың ұрпақтары үшін қажетті құжаттар қатарынан келген елінің азаматтығынан шыққаны жайлы анықтаманы көрсету туралы талап сызылып тасталды. Енді этникалық қазақтар келген елінің азаматтығынан шыққаны жайлы анықтаманы әкелмей-ақ, құжаттарын өткізе алады. Өтініш үш ай бойы қаралады. Үш айдың ішінде оралман азаматтыққа қабылданған, қабылданбағаны жайлы жауап ала алады.

– Ержан Нұрсұлтанұлы, сүйінші ақпаратыңыз үшін рахмет! Бұл оралмандарды қуантып тастайтын болды. Сондай-ақ, жақында ІІМ оралмандарға бөлінетін көші-қон квотасының тоқтатылғанын мәлімдегені белгілі. Оралмандарға берілетін жәрдемақы осымен тоқтатыла ма? «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жайында түсіндіре кетсеңіз…

– «Халықтың көші-қоны» туралы заң бойынша, көші-қон квотасы – ҚР Үкіметі анықтаған заңдық нормалар негізінде әлеуметтік көмек көрсетілетін оралман отбасылардың саны. Көші-қон квотасы ең алғаш 1993 жылы енгізілді. Бұл квотаға енген отбасылар мемлекеттің қолдауына ие болды. Соңғы жылдары жыл сайын тоқтатылып келген көші-қон квотасы орындалмай келді. 2011 жылы республика бойынша, көші-қон квотасы тек 40%-ға ғана орындалды. Алматы қаласы бойынша – 46 пайыз. 2012 жылы ҚР үкіметі көші-қон квотасын тоқтатты. Қазіргі сәтте Үкімет оралман отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік кепілдендірілген жәрдемақының механизмін анықтап жатыр. Бәлкім, бұл мәселеде  шет мемлекеттердің іс-тәжірибесіне терең бойлау қажет секілді.

Сонымен қоса, оралмандар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатыса алады. Бұл бағдарламаның мақсаты – халықты өнімді және тұрақты еңбекпен қамту арқылы олардың өмір сүру деңгейін көтере алады. Бұл бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – атаулы әлеуметтік көмек көрсету.

Бұл бағдарлама аясында мемлекеттік қолдаудың төмендегідей түрлері көрсетіледі: оқу мәселелері жөнінде кеңес, еңбекке орналастыру, психологиялық бейімдеу, кәсіби деңгейін көтеруге арналған курстарда тегін оқыту, оқуға материалдық көмек беру, мамандығына сай келетін жұмыс орындарын іздеу, жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесіне жіберу, жастар тәжірибесіне жіберілген жастардың еңбекақысын төлеу.

Жұмыс іздеуші, әлеуметтік жәрдемақыға мұқтаж, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуды қалайтын оралмандар, толығырақ мәлімет алу үшін  Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығына (телефондары: 291-03-12, 2-91-73-30) хабарласуына болады.

– Әңгімеңізге рахмет!

«Мінбер-ақпарат».

 

  • google-share
16,364 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Қазақстанда халықаралық кардиологиялық клиника салынбақ

Келесі жазба

Н.Назарбаев: «Бастарыңды кесіп аламын» деді

19 пікір

  1. оралман May 24, 2012 09:04 жауап жазу

    Ел үшін, мына әр кім өз басын күйттеген заманда, мынандай қыруар шаруа атқарған журналиске-Мінбер-ақпаратқа мың мәрте рахмет айтамын. Еңбек бағаланады. Ең болмағанда халықтың батасын аласыңдар!

    • Minber May 24, 2012 10:57 жауап жазу

      Рахмет, оралман!

  2. Айқын May 24, 2012 10:36 жауап жазу

    Журналистер осы мәселені өте жиі көтеріп еді, ақыры қозғау салған екен ғой, көп рахмет!

    • Minber May 24, 2012 11:06 жауап жазу

      Меніңше, осы мәселені көндіккен сыңай танытып, үндемей қоя салғанда мұндай нәтижеге жетпес едік. Шын мәнісінде журналистердің үнемі әңгіме өзегіне айналдыра бергенінің нәтижесі осы. Демек, қоғамдық пікірдің пайдасын көретін күн алыс емес.

  3. алаш July 26, 2012 10:59 жауап жазу

    ЛОНДОН-2012 Олимпиада ойындарынан хабардар болып отырыңыздар!!

    http://alasharena.kz/

  4. Хасымжомарт October 22, 2012 23:30 жауап жазу

    Kop rahmet sizderge osi maseleni hozgap sheship bergenderinizge!!! alla riza bolsin

  5. аян January 2, 2013 11:21 жауап жазу

    жақсы

  6. Данияр January 7, 2013 13:01 жауап жазу

    2012 жылы көшіп келген оралмандарға квота беріліме ? берілмесе қандай көмектер бар.Үй алуға ақшасы жоқ , мүгедек баласы бар. Оралмандардың азматтық алу туалы сұрағым бар? Алматы облысы Ескелді ауданы

  7. ela May 2, 2013 10:27 жауап жазу

    kop rahmet hatti huantiniz:)

  8. Алия August 5, 2014 10:45 жауап жазу

    журналист ага сизге бир отинишим бар, казакстан азаматтыгын алу ушин кандай кужаттар тагайындау керектигин аныктап берсениз, тиисти органдар акпаратты толыгымен бермейди

  9. akzhol November 1, 2014 22:33 жауап жазу

    Өтініш квота бере ма жок ба 1 ақпарат берініздерші

    • minber November 2, 2014 12:31 жауап жазу

      Үкімет белгілеген облыстарға келер болсаңыз квота береді

  10. Харезм.Серекенов. May 13, 2015 03:02 жауап жазу

    Паспортты озбекстан есебинен шыгарганнан кейин,озбекстан азаматтыгынан шыгару туралы аныктаманын кандай кажети бар екен.Мындаган километр жерден келген адамнан сонша кужжат талап ету,не деген сениммсиздик екен.Оралманнын бари бузакы емес кой,(енди шпион деп айтпай ак койайык)соншама сенисиздик билдиретин.Мемилекеттин миллярттаган акшасын жеп, шет елге кашып журген казакстан азаматтары каншама.Оралмандар солардан зиянды емес шыгар.Казакстан сиакты улкен мемилекет,егемендик алганына 20 жылдан асып кетти,осы уакыт ишинде сол оралман маселесин шеше алмай келе жатыр, бул не деген маскара.Осынын барине Депудаттар кинали,20 жыл бойы дурыс зан кабылдай алмай келе жаткан.Килен коркак адамдар депудат болып алган,озиндик ойы жок.Оралманга бизнес жасау ушын жер сурасан жер де бермейди,себеби онын жетим адам екени доументте жазулы тур.(туган жери)Кайда барсан онда бар ешким созинди тындамайды.Сапалы оралманды алу керек деген депудат дурыс айтып отыр,сапалы деп пара бере алатын оралманды айтып отыр,ондай оралмандар да бар шыгар арамызда.Аттен кошип конып жургесин не болсын,бар болса пара берип ак алар едик сол жерди.Балалардын келешегин ойлап кошип келдик,казак мектептер жабылып жаткасын,болмаса ол жакта да аштан олмес едик.Канша казак мекеме бастыгы,курылыс трестин бастыгы,министр болган,аудандык акимдер,калалык акимдер болды.Ташкент горком партиясынын биринши секратары да казак болган,Рашидовтын уакытында.Кай жерде артта калган колхоз,совхоз,мекеме,трест болса сол жерге казакты апарып коятын еди.Сол мекемени 2 жылда алдынгы катарга косып жиберетин еди.Карапайым казактар мактанып журетин едик,соларды айтып.Алматыдагы оралмандардын коби дачада жур,ешкимге ештенени миндетсип журген жок олар да,табылган кара жумысты итеп жур барлыгы да.

  11. заден лиза September 30, 2015 20:27 жауап жазу

    Мен қазақстан республикасын азаматын алалмай жүрмін бірде ана қағаз быр де ананы әкел дейды недеген бытпейтын кагаз азаматык алу ұшын кандай қужаттар керек соны маган айтыныздаршы

  12. заден лиза September 30, 2015 20:33 жауап жазу

    Монголия мемелекетынен 2011 жылы ата журтыма келіп алі күнге дейн азаматтық ала алмадым

  13. Амангул January 24, 2017 15:46 жауап жазу

    Мен 3 баланың анасымын 4 балама жүктімін. Күйеуім Қазақстан азаматы, менің ықтияр хатым бар, ал болницаға ИИН керек, мен енді не істей алам. Қалай ИИН ала аламын?

  14. Серикгуль April 8, 2017 21:15 жауап жазу

    Сəлеметсіздер ме? ҚР азаматтығын алу үшін басқа елдің азаматтығынан бас тартқаны яғни шыққаны туралы анықтама қазіргі таңда талап етіледі ма?

  15. Оралхан February 23, 2018 22:39 жауап жазу

    Менің бір танысым өзге ұлт бірақ қазақстанда тұрып жатыр оларда бұрын көшіп келген тажикистаннан бірақ оларда тажикистаннын құжаты жоқ олар енді құжатсыз жүре алмаиды сол менің сұрағым олар қалай қазақстанның азаматтығын ала алады

  16. Бейсенәлі өркен August 9, 2018 09:16 жауап жазу

    Азаматтық беруді жеңілдетсеңіздер жақсы болар еді ,азаматтық ала алмай жүргеніме 2 жыл болды ,себебі барлық құжаттар толық ,бірақ оралман куәліктің уағы өтіп кеткен ,сондықтан ала алмай отырмын ,көбіңіз ойлайтын шығарсыз неге уағы өтпей тұрғанда алып алмады деп ,ол кезде де алу қиын болды ,ал енді оралман кәлікке жаңа заң шығады деп айтқан оны күткелі 7 ай болды ,студенттік анықтама болса оралман куәлікті керек етпейдә деген ,мен студент емес

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Қазаққа "құлсың!" демегін...

11 Feb 2019, пікірлер: 0

Ұшып кеттік көкке біз!

06 Feb 2019, пікірлер: 1

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

31 Jan 2019, пікірлер: 0

Қарақшылардың қолынан қаза тапқан...

30 Jan 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

Салеметсиздерме мен бир мекемеде 10 жыл...

Шапағатшы болсын!

Құрметті зангерлер. Мен алматыдағы 7...

Сәлеметсіз маган 5жыл стаж бар, жұ...

Басты жаңалықтар

Қазаққа "құлсың!" демегін...

Ұшып кеттік көкке біз!

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • «Архив-2025» аясында 30 мың құжаттың көшірмесін әкелуді көздеп отырмыз - Берік Әбдіғали
  • E-SHANYRAQ: Көппәтерлі үйлер ай сайын 11 млн теңге үнемдейді
  • Білім беру мекемелерінде 50 басшының орны бос - Павлодар облысы

RSS Ақорда

  • Елбасы халықаралық спорт сайыстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
  • «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
  • Мемлекет басшысы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры