• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Ең әуелі тілді білуді мәжбүрлейтін заң керек…
«Мәңгілік сарын» күй кеші
Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады
Журналист болғым келеді
Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес
Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ

Ұлық мереке құтты болсын!

13 Aug 2012
|   
Пікірлер: 0
|   
Ілмектер: 19 тамыз – ораза айттың бірінші күні, БАС МҮФТИ, ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ МЕН ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

19 тамыз – ораза айттың бірінші күні

ШЕЙХ ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ДЕРБІСӘЛІ,

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ МЕН ОРТА АЗИЯ МҮФТИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ


ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірлі мұсылман бауырлар, құрметті отандастар!
Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!
Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, шілде мен тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Ми қайнатар ыстықты ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін!

Айт мерекесі адамның рухани өміріне сәулесін төгіп, жанға жылу беріп, жүректерге қуаныш сыйлайды. Сондықтан жыл сайын бұл мейрамды барша мұсылман сағына күтеді, ерекше қастерлейді.

Жалпы мұсылман жұртшылығы жыл сайын екі рет зор шаттыққа бөленеді. Бірі осы ораза айтында, екіншісі – құрбан айты кезінде.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мейрамдап, көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз», – деген жауап естіді. Сонда Расулулла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», – деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген.
Ораза айты адамдарды бауыр малдылық пен кішіпейіл ділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады.
Ислам шариғатында пітір садақасының осы айт қарсаңында берілуі де жайдан-жай емес. Ораза айттың хадистерде «Ғид-у-лфитр», яғни «Пітір мейрамы» деп аталуы да сондықтан. Пітір садақалар жағдайы нашар, мүмкіндігі шектеулі отбасыларды қуанышқа бөлеп, айт мейрамында дастарқан жаюға жағдайы келмегендерге демеу болады. Сонымен қатар бұл күні мұсылмандар марқұмдарын да еске алып, Алладан оларға шапағат тілеп, дұға етеді.
Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Айт күні оқылған намаз да, жасалған дұға да, Алла тағаланы пәктеулер де өзгеше. Өйткені бұл күндері адам жүрегі айрықша тебіреністер мен сырлы толқуларды терең сезінеді. Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу – сүннет. Әр үйде сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастарқан жайылады. Мұсылмандар туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, мәре-сәре болады.
Ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қандай да бір келіспеушіліктің салдарынан қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла Тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған.
Күндегі оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барарда алдымен құрмадан дәм татып барып үйінен шыққанды ұнататын.

Сондай-ақ айт құрметіне жайылған ақ дастархан басындағы имани әңгімелер, діни сұхбаттар, «Айт құтты болсын!» деген ақжарды тілектер мереке күнінің нағыз көркі, сәні мен салтанаты.

Сан ғасырлардан бері ата-әжелеріміз бір-бірінің үйін аралап, айттық жеп, Құран оқып, бата қайырысқан. Бұл бүгінде жалғасып келе жатқан, әлі де сақтала беретін игі үрдіс.
Дәл осы күні балаларды жаңа киім, тәттілер мен сыйлықпен қуантуды дағдыға айналдырсақ, ораза айтты олар да асыға күтетін болады.
Жалпы, Ораза айты қасиетті Ра мазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құл шы лығымыздың қуанышы мен жемісі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Ораза тұтқан адам екі рет қуанады: бірі – ауызашарда, екіншісі – ақыретте ұстаған ора засының сауабын алғанда», – деген екен.

Алла тағала бір ай бойы ұстаған оразамызды қабыл етіп, баршамызға екі дүние бақытын нәсіп еткей! Жаратушы Иеміздің шексіз мейіріміне бөленіп, әрбір қайырлы ісіміз Алланың құзырында қабыл болғай! Раббымыздың ризалығына бөленетін салиқалы амалдарды жасауға асығайық, бауырлар!

Сурет: dinislam.kz сайтынан

  • google-share
3,458 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Түркілік таскітаптар жаңаша «сөйлемек»!

Келесі жазба

Лондон 2012. Мәре. Жеңіс. Тарих

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Ең әуелі тілді білуді мәжбүрлейтін заң керек...

27 Apr 2018, пікірлер: 0

«Мәңгілік сарын» күй кеші

25 Apr 2018, пікірлер: 0

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Журналист болғым келеді

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Салеметсизбе баламды анамнын а...

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Басты жаңалықтар

Ең әуелі тілді білуді мәжбүрлейтін заң керек...

«Мәңгілік сарын» күй кеші

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Жамбыл облысында сексеуіл ағаштары көбірек өсірілмек
  • ОҚО-да мақта дәнін себу жұмыстары басталды
  • Қазақстан мен Малайзия киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады

RSS Ақорда

  • Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті
  • Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жоғары өкілдердің тоғызыншы халықаралық кездесуіне қатысты
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың «Eurasian Book Fair – 2018» ІІІ Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзі

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Majestic Creature
  • Mapping My Weeks
  • Create Value Through Your Content: How to Be a Resource for Your Readers
  • The Gannet
  • Vaughn by Erin Murphy
  • Kandahar’s Lone Female Prosecutor
  • Out of My Hands
  • Expecting
  • Hurry The Food Up
  • Six Website-Building Tips for Beginners
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры