• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ
Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ
Серікжан Біләш. “Қытай қазақтарының тағдыры – ұлттық трагедия”
Сот Ерлан Біләлға “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын қайтарып берді
 “Тар заманды” көргеннен соң…

Серік Қапшықбайұлы: ОЙБАЙ!

07 Aug 2013
|   
Пікірлер: 1

       ОТАНЫМ
капшыкбай Отаным –
Піскен қауындай…
Мұның аты –
«Аман жүр,
Ауырмай».

Отаным
Ірі бол.
Ұсақтар –
Төгілер,
Үгілер.

Отаным
Ояумысың?..
Мұны айту –
Қалғып кетпеуің
Үшін!..

Отаным
Мен бар,
Ол бар…
Мұның аты—
Қозбау керек
Алалық,
Жаңжал.

Отаным
Өс,
жарқыра.
Түсейік:
Күннің соңы,
Айдың алдына!..
10.02.2009

            ОҢ ЖАМБАС

Жұрт не десе, о десін!
Сынар дағы, жыртылар:
Сүйектерім, көк етім.

Иығымнан жүк түсіп!..
Қалайын ба, бір сөзді –
Түкіріктей ытқытып:
…
«Ауылым күйген жарға қона алмайды.
Қыпшақтан қырық қатын ұл тапқанмен
Бірі де Иманжүсіп бола алмайды!»

Жүрген талай ой жоқ па?..
Келе алмай оң жамбасқа!
08.10.008

           ОЛҚЫЛЫҚ

Жел үдеп
Иірімде…
Қу ағаш
Олақ –
Иілуге.

Жас талдың,
Мысық құйрығындай.
Иіріліп тұруын-ай!

Қызыққанммен
(Бар ма ес?)
Ол мен
Мен ол
Емес.

(Жүгінейік
Сезімге.
Мін болса бір,
Мін –
Өмірдің өзінде!…
14.02.2009
           ОҚЫСТА

Сен-ақ,
Мейлім
Ертеңгі шық, жылтыра.
Мезгілдің дәп
Піскен кезі-ау –
Күз сірә?

Көрінерлік
Шолақ сиыр тәрізді.
Уақыттың кеспірін-ай,
әзіргі!

Жаз жауынсыз,
Қыс қарсыз
әншейін,
Бағы тайып –
Мезгіл деген
Нәрсенің:

Біз қайтеміз,
Ақша түспей
Қапшыққа ал.
Қуаң жерге –
Өнбей қойса
Астықтар?

Мезгілімнің –
Сұрап кие шапанын
Жүр әзірге шықпай
Жаным, атағым.
17.10.2003

                   ОЙБАЙ!

Тау жарықтық.
Басы күміс –
Ала қар.
Онан құлдап:
Төбе, қырат- олпыллың –
«Шылдыр шүмек балалар».

Қылығын қой,
Бала – деген шайтанның.
Ол миыңнан өткізеді-ақ,
Қышқырып!
(Қайсы бірін айтармын?)

Біздің құрттай күнімізде,
Әрқайсың
Білесің ә,
Қышқырғанмен балалар,
Бұлай қышқыра алмайтын.

Нағыл деп жүр,
Айналайын, не мынау?
Қу балалар бізден
Қандай жамандық
Көрді?
Өзің айт, өмір-ау.

            НӘРЕСТЕ

Ауыр ма екен,
Бұйым ба ол—
Қурайларды
Сындыру мен
ійулер?

Темірдің не,
Қоланың
Қайсысына хал айтқандай
боламын?

Нәрестелер
Неткені.
Келіндердің
Жүр-ау ішін тескелі?..

Деп Тілейін:
Болбырап ,
Шала-жансар
Тумаса екен, ол бірақ?

Шағымдарды
Айхай мың,
Сол –
Туылар нәрестеге-ақ
айтармын!

           ҚЫЗТАЛАҚТАР

Сағым,
Сәуле—
Бұлаңдап!..
Не дейді екен
Мұнар тау,
Тұл аймақ?

Жоталар сиреді…
Мүмкін емес –
Сирегенін,
Сүйрелгенін
Білмеуі!..

Біздің
Күй де сол!
(Білеміз!)
«Шарасыздан»
Баяғы,
«Шалға тиеміз.»

Көре қоймасаң –
Мұны?
Жә ей,
Құдайдың құлы.

Тамның бұрышын
Сипалап қал
Соқыр болып,
Қызталақтар!..
13.09.2008

            ҚЫЗҒАНШАҚ

Дүрсілдете жүректің
Зытқаны ма ол, шапқаны?
Қақыраған,
Сол екпін –
Шайқап үйлер қапталы!..

Келмеуі рас шаманың.
(Не қыл демек бұл, ондай?..)
Қарға бойлы баламын…
Қалам ие бола алмай.

Жүрек-ау, біз тел өстік!
Қызығарлық әрдайым,
Дүрсіліңді жер естіп…
Мен естімей қалмайын?
14.01.2009

             ҚҰДАЙ ІСІ

Ой мен
Өмір қуатын
Қайтып –
Ұштастырасың?

Жылай – жылай
Кеп,
Былай:

Өзім,
Өзге үшін
де.
Қол сұқпайым
Құдайдың –
Құдыр -е-тіне!..
07.08.2008

             ҚОЗЫ МЕН ҚОЙЛАР

Бір есептен –
Ұят шығар, ол сірә.
Шарап құйып
Шайқап ішпей,
Толтыра!

(Қанаттарын қағып –
Алтын көбелек.
Қағуының
Өзі нағыз керемет!)

Сойып жемеу,
Тойып жемеу
(Әй, қайдам?)

Ұят шығар,
Қозылар мен
Қойлардан.

             ЗАҢСЫЗ ҚИМЫЛ

Пұлы бар –
Жиып жүрген…

Тоны бар –
Киіп жүрген.

Өмір заңын
Қолданбай…
Ол әйтеуір,
Сормаңдай!

Сол дұр –
Мәселесі жырдың:
Е, «су аяғы
құрдым.»

Айтайын бір
Осбақ…
«Осбағым» тұр
Не бастап?

«Ала бие тай табар,
Мінсем көңлім жай табар».

03.02.2009

АЗАН

Дауысым естіледі
Ебіл – себіл.
Биелер кісінеген
Сияқты бір!..

Басқа ауылдың
Шындығын
Әдетіңе,
Айналдырып
Алудың
Қажеті не?

Түйедей
Маң далаға –
Тұрар қарап
Жетпей ме,
Өзіміздің
Шындықтар ақ?

Осыны айтып –
Тәп-тәуір айқайлаймын.
Азаны сияқты – ғып
Пайғамбардың!
2007.03.03

АЗАМАТ

(Иран-Ғайыпқа)

Ол:
«Алас,
Алас!» дейді.
Аласпен айықсақ,
Мейлі!

Бітеу көз
Алқаптардың
Үстінен ұша,
Жай таппадың!

Сендей
Ақын аз.
(Көбінің басы таз.)

Ұра-жырық…
Шоңғал…
Аяқтар қайтып,
Не тындырады
Қолдар?

Алты алаш –
Ұраның-ай!
Домбыраның
Теріс бұрауы,
Қоңыраулы
Қызыл жыланым-ай!

Сайтқа әзірлеген
А.Мұқибек

 

  • google-share
2,727 рет оқылды
Алдыңғы жазба

ШӘРІП НАЙМАН АҚСАҚАЛ ДҮНИЕ САЛДЫ

Келесі жазба

ОРАЗА АЙТ МҮБӘРАК БОЛҒАЙ!

Бір пікір

  1. Тілеухан әл-МАЖЕНИ September 29, 2013 17:26 жауап жазу

    Е,….. ” Серік қапшықбай, Сөз сйлейді апшықпай ” – деген сөз өз заманында Серік жырларын сүйіп оқыған қауымның қанатты сөзі еді. Иә, өз заманында қуғын – сүргіннің не алуан түрін бастан кешірген, не бір атақты ақ-таңдақтар тоғысындағы “Аққан қан төгілген көз жастардың” тірі куәгері болған Қайсар адам, қалтықсыз ұлтшыл – осы Бір “жұмбақтау тұлға” С. Қапшықпайұлы Алаш-ордашыл көне көздердің шығыс – түркістандағы көн – таяқ көне көзге жататын талғамы биік тарлан – боз қалпымен осы бір неше қоғамдық пормацияның тірі куәгері бола білген Серіктің өн – бойы тұнған -өнеге. Ал ол кісінің ақындығы мен өлеңі , прозасының мағанасы мен мақамы да бөлек бір лексиконы сіпетті сезіліп жұмбақтау мақам жұқалау шуақтар құбылысы аз пікір – сөзбен түсіндіріу қыиын . Алайда , Серік жырларын құныға тыңдайтын құба – төбел көне көздер қатары азайды . демек бір емес ондаған қатерлі өтеклдерден аман өткен ; осы бір кайыстай қара шал – нағыз тағдырлы қауымның ” халық жазыушысы ” болатын. Алайда , қазіргі Қазақ елінің аса көп санды қауымы Серік жырларын түснбей жатса , тілдің тозғаны емес , уақыт көшінің алға озған бедерлі белестерінің ескі құндылығы деп білген жөн болар . Ал туған елінің азаттығын аңсаған қарт ақынға Аллаһ медет беріп, қайсарлығы мен ұлтына деген адалдығының арқасында , “Көк тудың желбірегенін ” көзі тірісінде көрген СЕКЕҢ ақсақал да арман жоқ . ” Аман бол ағаларым ” демекші , Беу ! Серік – ақын , Серік – шал – кәрі жезде аман сау арамызда шауып жүргенің үшін қуанамыз .
    ————————————————————-

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

20 Apr 2018, пікірлер: 0

Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?

17 Apr 2018, пікірлер: 0

Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті

16 Apr 2018, пікірлер: 0

«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?

16 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Жемқорлары әбден асқынған елдің кө...

Басты жаңалықтар

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?

Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Елбасы Түркияға ресми сапармен барады
  • Дәстүрлі емес діни ағым өкілдеріне тек кәсіби мамандар ғана жауап қатуы тиіс
  • Кубаның жаңа басшысы Мигель Диас-Канель болды

RSS Ақорда

  • Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
  • Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Атырау облысында кеңес өтті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Glorious Noise
  • Scenes of Springtime and Sakura from Celia in Tokyo
  • The Phantasmagoric Magic of Ely Cathedral
  • How Do We Write Now?
  • What a Break Up Can Do to You
  • Meet Metis – Jupiter’s Closest, Quickest Moon
  • Sunset From Killean
  • What Does Sustainable, Fair Trade Coffee Mean?
  • Coachella, Underground
  • Blogging About Gardening: Tips from The Frustrated Gardener
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры