• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады
Журналист болғым келеді
Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес
Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ
Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ

Бозымбаевтың боқырауы, Керекуліктер немен келіспейді?

27 Jan 2014
|   
Пікірлер: 5

Павлодар облысына Қанат Бозымбаев әкім болып барғалы өңірде мемлекеттік ұстанымдағы азаматтар мен саяси көзқарасатары ескі, пиғылы теріс ұйымдар арасында теке-тірес басталған сияқты. Өйткені жаңа әкім Қанат Бозымбаев бұрынғы әкім Ерлан Арынның ел ішін ұйыстырып отырған игілікті істерін шұғыл тоқтатып, онымен де қоймай Ерлан Мұхтарұлы бастамашы болған жұмыстарға «байские замашки» деген ат беріп, айдар тағып жатқан көрінеді. «Байские замашки» дегенді жергілікті орыстілді газеттердің веб-сайтында әлдебір қушыкеш пайдаланған екен. Соны көзі шалып қалған Бозымбаев облысты «байдың жағымсыз әдеттерінен» арылуға шақырып, Ерлан Арын қаражатын тауып, мүсіншісін сайлап дайын қылған Жүсіпбек Аймауытов ескерткішін тұрғызуды кері шегеріп, есесіне Алаш қайраткерінен үнемдеген 60 млн. теңгені алдағы уақытта патша заманындағы «Россия» қонақ үйін қалпына келтіру жұмыстарына, советтік сұрапыл соғыс қаруы Т 34 танкін қаланың қақ ортасына қайта апарып қойдыруға шешім шығарыпты.

«Россия» қонақ үйі әлемнің жеті кереметіндей сәулет өнерінің бір биік үлгісі болса жөн екен ғой, төбесі омырылып, қабырғасы жалбырап, жігі кетіп әрең тұр. Оны қайта жөндеуден өткізгенше, ол орынға жаңа ғимарат салған дұрыс. Мысалы, Ерлан Мұхтарұлы аталған қонақ үйді ысырып тастап, қаламгерлер мен суретшілерге, сазгерлерге арнап шығармашылық үйін тұрғызуды жоспарлап жүрген-ді» дейді керекуліктер.

Төменде керекулік зиялы қауым өкілдері қолқойып порталымыздың пікір алаңына жіберген наразылық хатын жария етіп отырмыз. Хатта солтүстіктегі көршімізбен шекаралас аймақтың ішкі ахуалын Бозымбаевтың бұра тартып бара жатқаны анық аңғарылады.

 

BozimbayevПавлодар облысының әкімі қызметіне Қанат Бозымбаев тағайындалған күннен бастап «Городская неделя», «Обозрение», «Версия» тәрізді жергілікті орыстілді тәуелсіз басылымдардардың белсенділігі күрт артып, бұрынғы басшының жұмысын қаралайтын бір жақты сыни материалдарды жарыса жариялауда.

Сондай мақаласымақтарды оқысақ, Павлодар аймағы экономикалық көрсеткіштері бойынша республикада ең соңғы орында қалған, әлеуметтік-экономикалық жағдайы апатқа ұшырағалы тұр екен. (Суретте: Бозымбаев.К)

Ал әлгіндей мақалалардың интернеттегі нұсқаларын қолдап пікір жазушылардың қарасы тіпті көп. Әрине, кімдер жазатыны белгілі… Мұндай әсіребелсенділік өткен ғасырдың жаппай жазалау жылдарындағы баспасөз беттерінде ғана көрініс тапқан шығар деп ойлаймыз.

Өкінішке қарай, әлгіндей ұрда-жық жарияланымдар мен жазбалар облыстың жаңа басшысына ықпал ете бастаған сияқты. Мәселен, орыстілді басылымдар кезінде бұрынғы әкім Ерлан Арынның орыс пен қазақ халықтары достығының символы тәрізді болған Григорий Потанин мен Шоқан Уәлихановқа, Ашаршылық және Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Тұңғыш ұстазға (символикалық ескерткіш), қазақтың аса көрнекті ақыны Қалижан Бекхожинге, т.б. ескерткіштер тұрғызуын жаманшылыққа жорып шуласқан болатын.

Осы әсер етті ме, облыстың жаңа басшысы Жүсіпбек Аймауытовтың мүсіні үшін бөлінген қаржыны қысқартып тастады. Осылайша, 1937 жылы Мәскеуде «халық жауы» ретінде атылған, сүйегі қай жерде көмілгені белгісіз Алаш қайраткерінің тас тұлғасын тұрғызу ісі қолға алынбай жатып тас-талқан етілді! Біз – даңқты жерлесіміздің туғанына 125 жыл толуы қарсаңында отаншыл, мемлекетшіл, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге тиісті аға буын өкілдері осындай өнегесіз қылық көрсеттік.

Тағы бір мысал келтірейік. Ленин көшесіндегі ардагерлер саябағында тұғырда тұрған советтік «Т-34» танкі өткен жылдың қыркүйек айында Сормов көшесінде темір жолға таяу бақта жаңадан салынып жатқан Әскери даңқ мұражайына көшірілген екен. Соғыс жылдарында әскерлер сол тұстан майданға аттаныпты. Жуырда әлгі басылымдар танкты орнына қою жөнінде байбалам салып еді, қалалық прокуратура солардың пайдасына шешім шығарды: «Т-34» танкі 30 күн ішінде бұрынғы орнына қайта апарылуы керек!..

Павлодар қаласы прокурорының аға көмекшісі Орман Қалиевтің айтуына қарағанда, прокуратура шешіміне тарих және мәдениет ескерткіштерін бір орыннан екінші орынға көшіру тәртібінің бұзылуы негіз болған көрінеді. Мұндай жағдайда ескерткішке тарихи-мәдени сараптама жасалуы керек, сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнаулы комиссиясының келісімі қажет екен.

Алайда заң органының шешімі заңды ма? Осы орайда біршама сұрақтар туындауда. Айталық, Совет өкіметі тұсында коммунистік идеология талабына сәйкес тарихи-мәдени ескерткіштер санатына жатқызылған кеңестік «Т-34» танкі қазіргі тәуелсіз елдің егемендік кезеңінде де сол мәртебесіне ие ме?

Танкты тұрған орнынан онша алыс емес әскери даңқ мұражайына апарып қою үшін тарихи-мәдени сараптама жасап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнаулы комиссиясының келісімін алудың қандай қажеттілігі бар? Бұл – жергілікті биліктің құзіретіне жататын іс емес пе? Егер «Құрылғысы шіріп, тозуына байланысты танкты металл бөлшектерін қабылдау орнына тапсыру» мәселесі көтерілсе, әңгіме басқа.

Жалпы, әу баста танкінің қала орталығына тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қойылғаны орынды ма?

Және советтік соғыс қаруын бүгінгі бейбіт кезеңде құрметтеу саяси, идеологиялық тұрғыдан негізді ме? Онсыз да қаланың қақ ортасындағы Жеңіс алаңында Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алып құрметтеуге арналған Мәңгілік алау жанындағы Даңқ обелисксі бар емес пе?

Енді соғыс қаруының тас тұғырға қойылу сырына үңілейік. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің дүмпуі Ертістің Кереку өңіріне де жетіп, облыс орталығы мен аудандарда да наразылықтар бой көрсетті. Көтеріліс күшпен басылған соң, іле 1987 жылы жер-жерде жазалау шаралары басталды.

Советтік қарулы күштер, қауіпсіздік және құқық қорғау органдары егеменшіл жастарға күш қолданумен қатар, өлім жазасына кесу, бас бостандығынан айыру тәрізді құқықтық шараларды қолданып сағын сындыруды қолға алса, компартия мен комсомол органдары саяси шаралармен халықтың ұлттық рухын сындыруды көздеді.

Дәл сол 1987 жылы, сондай мақсатпен салмағы 32 тонналық қаһарлы соғыс қаруы Ленин көшесі бойына, жұртшылық көп жүретін көрнекі жерге тұғыр үстіне қойылды… Бұл шешімнің басқадай түсіндірмесі негізсіз.

Егер Павлодар соғыс жылдары Сталинград тәрізді жаудың құрсауында қалып шабуылына төтеп берген «Батыр қала» болса, немесе қалада танк шығаратын зауыт жұмыс істеп, павлодарлықтар мыңдаған танкіні майданға жіберіп отырса айтар уәж жоқ.
Өңірдің тыл еңбеккерлері өздерінің ауыр тұрмыстық жағдайына қарамай майдандағыларға вагон-вагон азық-түлік, киім-кешек жіберіп, қорғаныс саласына өз қаржысынан ақша бөлгені тарихи шындық. Бірақ бейбіт тұрғындардың азаматтық парызын өтеуін «Т 34» танкісімен еске түсіріп, құрметтеу өнегелі іс емес.

Советтік танкілер Совет одағының басқыншылық озбыр саясатының белгісі сияқты көрінеді. Совет әскерлерінің 1968 жылы Чехославакияға, 1979 жылы Ауғанстанға, 1991 жылы Литваның астанасы Вильнюске танктермен баса-көктеп кіргені әлем халықтарына белгілі ақиқат.

Демек, бейбітсүйгіш қазақ елінің бір қаласында советтік танкіні тұғыр үстіне қойып құрметтеу Совет одағының басқыншылық саясатын жария дәріптеумен бірдей әрекет.

Ал Алматыдағы 28 панфиловшылар паркіне қойылған панфиловшы жауынгерлердің зеңбірегі мен даңқты жерлесіміз, Кеңес одағының батыры Махмет Қайырбаевтың (1925-1996 ж.ж.) Павлодарға әкелінген зеңбірегінің жөні бір бөлек. Өйткені қазақстандық батырлар сол қарулармен Ресейдің Мәскеу, Смоленск қалалары, Литваның Шауляй қаласы аймақтарын жаудан қорғады.

Советтік танкіні тарихи-мәдени ескерткіш ретінде құрметтеген бұл қала өзге елдердің әскери, саяси тұлғаларының есімдерін ұлықтау бойынша Қазақстан қалаларының көш басында тұр десек, артық айтқандық емес шығар.

Мәселен, Павлодар атауы патшазада Павел Романовтың құрметіне қойылған, көшелеріне патшалы Ресей империясының әскербасылары: фельдмаршал Кутузов пен генералиссимус Суворов, атаман Ермак, чекист Дерибас, большевиктер көсемі Лениннің есімдері берілген.

Бұған қоса қалада Ленин атындағы бақ, Лениннің мүсіні бар. Қала іргесіндегі Ленин кентінің қаланың бір аумағына айналғаны қашан, бірақ аты сол қалпында қалды.

Солай бола тұра,  қазір Владимир Ильичтің кім екенін мүлде білмейтін бір ұрпақтың өсіп жетілгені ескерілген жоқ. Ескерілсе де, лауазымды тұлғалардың арасынан қандай да бір құндылығы жоқ ескерткіштің тұсына «В.И. Ленин – жүз миллиондаған адамның өмірін жалмаған коммунистік режимнің негізін қалаған большевиктердің көсемі» деген сықылды сөздерді жазып қоятын бір шенеунік табылар деймісіз?..

Жүрекке шаншудай қадалатын тағы бір жайт, Ленин ескерткіші мен советтік танк салтанат құрған Павлодарда Тәуелсіздік монументі жоқ, 18-ғасырдағы ұлт азаттық соғысы кезеңінде Ертістің Кереку-Баянауыл өңірін басқыншылардан қорғаған Олжабай, Жасыбай, Малайсары, т.б. батырларға ескерткіш орнатылмаған.

Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Естай, Майра, Иса тәрізді даңқты тұлғаларға кішкене бюст те қойылмаған. Жүсіпбек Аймауытовтың аруағын күңіренткеніміз анау. Тіпті кейбір орыстілді жерлестеріміз Павлодар қаласының алғашқы негізі болған әскери бекіністің көне түркі кезеңінен бері Кереку жар атанған жерге салынғандықтан Коряков Яр атанғанын қаперге алмай, Кереку атауын қолданыстан мүлде шығарып тастағысы келеді!

Елбасы Н. Ә. Назарбаев 1998 жылдың 17 наурызында, Алматыда, республиканың зиялы қауымының танымал өкілдерімен кездескенде былай деген еді: «Онамастикалық саясатты босаңсытуға болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ. Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің өзіндік заңдылығын, табиғи үндестігін бұзып тұратын атауларды да ауыстырмаса болмайды». (Н. Назарбаев, «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы». «Егемен Қазақстан» №53, 18.03.1998 ж.)

Ел президентінің өзі осылай десе де, біздің жергілікті билік орыстілді тәуелсіз басылымдарға қарай жалтақтауда. Жуырда орыстілді ағайындар Ленин атындағы бақта қабырғасының жұқанасы ғана қалған, қандайда бір тарихи құндылығы жоқ, 1910 жылы «Россия» қонақ үйі ретінде салынған ғимарат қалдығын қайта қалпына келтіру жөнінде мәселе көтерді. Жергілікті билік енді сол ұсынысты қарап, әлгілердің көңілін табу жағын ойластырып жатқан сыңайлы.

Дегенмен, Назарбаевтың саясатын жүзеге асырып, идеологиясын жүргізуге тиісті Павлодар облысы басшылығының және заң талаптарының орындалуын қадағалайтын қала прокурорының әлгі іс-әрекеттерін енді ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік хатшысы, Президент әкімшілігі және Бас прокуроры қалай бағалайды екен?

Тіпті, басқаны былай қойғанда, ЮНЕСКО мен Еуропарламент «Зұлымдық империясы» атанған мемлекеттен қалған советтік сұрапыл соғыс қаруы танкінің Қазақстан Республикасының бір қаласында тұғырға қойып, құрметтелуін оң бағаламайтын шығары дейміз.
Ал, шындығын айтсақ, ешқай ұлттық және идеологиялық маңызы жоқ ескеркішке бола орыстілді басылымдардың осыншама шу көтеруі, олардың танк үшін емес, әйтеуір қайтсек те жергілікті билікке өз дегенімізді істетеміз дегені. Осының барлығын біздер, жергілікті ұлт жанашырлары орыстілді басылымдар тарапынан қасақана түрде ұл араздығын қоздыру деп түсінеміз.

Керекулік бір топ ұл жанашырлары: Қайролла Қаженов, Руза Бейсенбайтегі, Қайырболат Нұрбаев, Амантай Тойшыбай, Қуандық Баязитов, Қанатбек Нәбиев, Мақсұт Қалиев, Сайлау Байбосын.

Дерек көзі: Abai.kz

Ескерту: Тақырып өзгертілді

 

  • google-share
2,750 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Демалысымның ақшасы төлене ме?

Келесі жазба

Журналистерге арналған тегін портфолио

5 пікір

  1. Бостандық January 27, 2014 22:42 жауап жазу

    Бұндай ел ішіне ірткі салушы сайқалдарды ел ішінен тез аластап жіберу керек.

  2. Ақбілек January 27, 2014 22:46 жауап жазу

    Бозымбаев менің аруағымды сыйласын, әйтпесе бар ғой… Сәлемен Ақбілек!

  3. Керекуден Аман January 27, 2014 22:47 жауап жазу

    Барыптұрған намыссыз н… екен.

  4. Орынтай January 27, 2014 22:48 жауап жазу

    Деру құртыңдар, Палодарлықтар!

  5. Семей January 28, 2014 10:56 жауап жазу

    Мемлекетке қарсы адамды қуу керек. Бұл елді өсірейін деп келмеген екен, өшірейін деп келіпті.

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Журналист болғым келеді

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

21 Apr 2018, пікірлер: 0

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

20 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Жемқорлары әбден асқынған елдің кө...

Басты жаңалықтар

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

Журналист болғым келеді

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Алматылық студенттер өзі жойылып кететін стақан ойлап тапты
  • Шаймардан Нұрымов: Қазақстандықтардың мақсаты мен арманы бір
  • Ақтөбелік баласының сал болып қалуына дәрігерлерді кінәлап отыр

RSS Ақорда

  • Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
  • Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен Атырау облысында кеңес өтті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Vaughn by Erin Murphy
  • Kandahar’s Lone Female Prosecutor
  • Out of My Hands
  • Expecting
  • Hurry The Food Up
  • Six Website-Building Tips for Beginners
  • The Good Life Smells Just Like Gobstoppers
  • Glorious Noise
  • Scenes of Springtime and Sakura from Celia in Tokyo
  • The Phantasmagoric Magic of Ely Cathedral
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры