• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады
Журналист болғым келеді
Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес
Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма?
Этникалық қазақтың Қазақстан азаматтығын алуы қиындай түсті
«INFOMATRIX–ASIA». Қазақ балалары ұсынған жобалар қандай?
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАР МІНГЕН АВТОБУС ӨРТЕНІП КЕТТІ
Назарбаев ашылуына арнайы барып, кейін жабылып қалған орындар (фото)
ӘН АТАСЫ – ӘМІРЕ

Ер Жәнібек – 300

28 Jan 2014
|   
Пікірлер: 0

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ 

er 32014 жылдың 29-қаңтарында сағат 14:30-да Ұлттық баспасөз клубында, қазақ батырларының бірі Ер Жəнібек Бердəулетұлының (1714-1792жж.) 300 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Егемен еліміздің өткен тарихын дендеп зерттеу, қазақ даласының əр түкпірінде ұлттың ұлы тұлғаларын ардақтау Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясаты, елдің бірлігі мен ынтымағын арттыратын факторлардың бірі.

Осы орайда, халқымыздың жоңғар шапқыншыларына қарсы күресте айрықша аталатын батырлығымен, шешендігімін, мəмілегерлігімен аты шыққан Ер Жəнібек Бердəулетұлының 300 жылдық мерейтойы 2014 жылыатап өткізілмек.

Шоқан Уəлиханов айтқандай «батырлардың заманына саналатын» хан Абылайдың тұсындағы айтулы тұлғалардың бірі  Ер Жəнібек батыр, 1714 жылы Ор өзені бойында туған. Балалық шағы Сыр мен Есіл бойында,Арқада өткен. Ер Жəнібек, қазақтың атақты баһадүрлері Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алтыбай, Еспенбет, Шөңке, Ақпантай, Малайсары, Жанатай, Өтеген, Райымбек, Баян батыр тəрізді Абылай заманында жоңғарларға қарсы соғысындағы айтулы тұлғалардың бірі ретінде тарихтан орын алған.

Қазақтың арғы-бергі тарихында ақындық, шешендік, батырлық үш бірдей асыл қасиет қатар арыған Ер Жəнібек қазақтың елдігі мен ынтымағы жолында ерең еңбек сіңірген, сұңғыла тұлға ретінде халық жадында қалған.

Ер Жəнібектің сын сəттерде елін, жерін қорғау, шекараны бекемдеуде жасаған ересен еңбегі тарихи деректер мен фольклорлық мұраларда молынан сақталынған. Ол туралы Үмбетей жырау, Бұқар жырау, Мəшһүр Жүсіп Көпей, Ақыт Үлімжіұлы сияқты ақын-жыраулар жырлаған. Абылай ханның құрметіне ие болған Ер Жəнібек қазақтың қас батырларының қатарында талай жорыққа аттанып, қазақ жерінің Алакөл, Зайсан, Іле-Шу өңірлерін қорғап сақтауда, жаумен жекпе-жекте талай мəрте жеңіске жеткен ержүрек батыр.er 1

Ер Жəнібек батыр, 1760 ж. өз қарамағындағы бір бөлік қазақ жұртын Сыр бойынан Қалба, Сауыр өңіріне, Ертіс бойы, Алтай, Боғда таулары байырғы қонысына орнықтырды. Онан кейінгі ғұмырын ел шекарасының шығыс қақпасын сыртқы күштерден қорғау, елдікті бекемдеу ісіне арнаған, сөйтіп өнегелі тарихи ұлы тұлғаға айналды. «Жорықтан олжа, биліктен жол алмаған» хас батырымыз, бар ғұмырын елдің бірлігі мен тұтастығын көздің қарашығындай сақтауға арнаған тұлға, қазақ арасында «Ер Жəнібек» деген құрметті атқа ие болған. Батырдың үлкен нағашысы атақты Қаздауысты Қазыбек, өз нағашысы сарыүйсін Досымбет батыр. Ер Жəнібек, ұлы Абай Құнанбайдың атасы Өскенбай палуанның туған нағашысы, ал атақты Ыбырай Алтынсарынның үлкен нағашысы болып келеді.

Ойға көсем, тілге шешен туған Ер Жəнібек батыр Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақта жерленген. Батырдың басына «Ер Жəнібек» халықаралық қоғамдық қорының бастамасымен, Қанат Сүлейменовтың қаржыландыруында 2006 жылы арнайы кесене орнатылған.

er 1«Аруақ разы болмай, тірі байымайды» дегендей 2014 жылы Ер Жəнібек батырдың 300 жылдық мерейтойына арнап бірсыпыра іс-шаралар жоспарланған.

Атап айтқанда, «Ер Жəнібек батыр жəне оның заманы» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми конференция өткізіледі, ғылыми жəне танымдық мақалалар, ғылыми басылымдар сериясы шығарылады, проза, поэзия туындыларына арнайы халықаралық бəйге жарияланады, теле-радио хабарлар көрсетіледі, батыр рухына арнап қоғамдық-патриоттық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар, концерт, спорт жарыстары өткізіледі, почталық маркалар сериясы, филателиялық өнімдер шығарылады. 

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры 

  • google-share
4,210 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Журналистерге арналған тегін портфолио

Келесі жазба

Мультимедиа тренингіне шақырамыз

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Журналист болғым келеді

24 Apr 2018, пікірлер: 0

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

21 Apr 2018, пікірлер: 0

Солтаншәріп Сабырғали — Көші-қон полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығының құрбаны

20 Apr 2018, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Онлайн сөздіктердің жай-күйі

24 Mar 2011, пікірлер: 33

Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы о...

"Кез келген жерге барып жұмыс ...

...

Жемқорлары әбден асқынған елдің кө...

Басты жаңалықтар

Министр Абаев БАҚ-қа қатысты тағы бір игілікті істі нақтылады

Журналист болғым келеді

Бақытбек Бәмішұлы: Қазіргі Тыныштықбек баяғыдағы «Ақшам хаттары» емес

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Астанада «Мультимедиалы редакция» семинар-тренинг басталды (ФОТО)

Ашаршылық құрбандарына Алматыда ескерткіш ашылды

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Жасөспірім қыздар жүріп келе пойызға секіріп мінген
  • Кейкі батыр туралы телехикая түсіріледі
  • Сағынтаев Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

RSS Ақорда

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті
  • Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • The Gannet
  • Vaughn by Erin Murphy
  • Kandahar’s Lone Female Prosecutor
  • Out of My Hands
  • Expecting
  • Hurry The Food Up
  • Six Website-Building Tips for Beginners
  • The Good Life Smells Just Like Gobstoppers
  • Glorious Noise
  • Scenes of Springtime and Sakura from Celia in Tokyo
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры