• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Келер жылдар, келер айлар,… келер таң….
Альбионнан Алматыға
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда
Байтақ елдің Балпық биі
РАУШАН КӨРКІ
Қазақтану

Дуалы ауыздан шыққан сөз далаға кетпес: Тоқаев тоқ етерін айтқан екен

07 Nov 2017
|   
Пікірлер: 9
|   
Ілмектер: латын әліпбиі

Елбасы қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы жарлыққа қол қойысымен өмірдің түрлі салаларында жарлықты жүзеге асыру науқаны қарқынды басталып кетті.  Осы науқаншылықта көзге түсіп көрініп, бәйгеден озып, бірінші болғысы келетіндері де «біреу қыз алып қашады, ал біреу соған еріп босқа қашады» дегендей жүйелі жүйесіз тырбаңдап жатқандар да кездеседі.

Тіпті жаңа әліпбидің емле-ережелері жасалып, бекітіліп, бір ізге түспей жатып, етектей газет шығарып, қалың кітап басып қойғандар да бар екен. Әйтеу осы іске қарапайым қоғам да оның үкіметтік басқарушы үлкен-кішілі органдары да қызыл жінік кірісіп кетті. Елдің, мемлекеттің саясатын бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып қолдап, қолпаштап, ізін суытпай жүзеге жедел асырғанға  не жетін. Бұл бір жағынан жақсы. Бұндай ауыз бірлікке, ұйымшылдыққа, қала берді айтты бітті іскерлікке таңғаласың, риза боласың.

Алайда ұсынылған латын негіздегі әліби кемшіліксіз бе, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін қанағаттандыра алды ма, жазу-сызуға ыңғайлы ма, ғылымның инновациялық жетістіктерін толық пайдаланды ма, көптің көңілінен шықты ма, қара бұқара не деп жатыр секілді көптеген маңызды сұрақтарға күмәнді жауап қайтаратынымыз нақты. Ендеше шикілігі басым, бір түгілі бір неше қайнауы ішінде, шала піскен, дүмбілез, ию-қиюы келмеген, екі құлағы тік шыққан, сүйкімсіз, сырт бейнесінен көрген көз тіксінерлік, жан дүниең қабылдай алмайтын әліпбиді осығұрлым шапшаң тықпалап жарысқа түсудегі не мақсат?

Бұл науқан жаңа әліпбиді жедел орнықты, байыппен, жанын сала, ләззаттана үйренуден гөрі одан жиреніп,  жиіркенуге, басын аулақ салуға, аш пәледен қаш пәлеге әкеліп соқтырары қоғам арасындағы айтылып, жазылып жатқан сан алуан сын-пікірлерден-ақ айқын көрініс тапты. Демек қазақ қоғамы мемлекеттің мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруді құптап, қолдағанмен, мұндай ұлттық мәселеде асығыстық жасап, аяқты шалыс басып, арты орны толмас орасан зор қателікке апарып соқтырудың алдын алуға шыр-пыр болып жатқаны да анық. Бірақ қоғамның айтқанын құлаққа ілген, олардың айтқанымен санасып жатқан күш органдары байқалмайды. Олар болса атыздағы арықтаған өгізді сабалағандай ақ тер де, көк тер. Амал бар ма дуасыз ауыздан шыққан сөздер дауылға ілесіп далаға кетті. Жұрт жоғарыға қарады. Жоғарыда да төменге қарайтын жан бар екен. ел елең ете түсті.

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі жеке парақшасында: «Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет», — деп жазыпты. Бұл дуалы ауыздан шыққан сөз далаға кетпес.

Қарамер

  • google-share
2,622 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Әлдиіммен әй, Өмір, жұбатайын

Келесі жазба

Журфак жалғыз болмайды, Шораев мырза!

Ұқсас жазбалар

3

Латынның жаңа әліпбиі мақұлданды

Жаңа әліпби жасаудағы кесірлі кедергілер

4

Диграф негізіндегі әліпби қазаққа не үшін қауіпті?

9 пікір

  1. Сабыржан November 7, 2017 15:59 жауап жазу

    Бұғанағы қатпаған латынның әлі емлесі де шықпаған. Диктантты былай қойғанда газет бетінде мақала басып жүргендерге таңым бар)

  2. Аяжан November 7, 2017 16:04 жауап жазу

    Енді газет-журналдарға келсек, біреуі расымен тәжірбие ретінде көріп жатса, біреуі тек өзіне пиар жасаудың көзі ретінде көріп отырғаны айдан анық!

  3. Ерасыл November 7, 2017 16:06 жауап жазу

    Әр нәрсе өз уақытымен болады ғой. Асыққан шайтанның ісі дегенді ұмытпағанымыз жөн болар)

  4. Әлішер November 7, 2017 16:17 жауап жазу

    Көш жүре келе түзеледі. Сондықтан бұл тек бастама ғана…

  5. Хасан November 7, 2017 17:36 жауап жазу

    Латын тілінің қабылдануы, оның жүзеге асырылуы өте уақытты қажет ететін дүние. Уақыт өте келе барлығы болар.Бір ізге түсер деген ойдамын. Тек болашақтың еншісіне қалдыру керек және өзіміз соған ат салысуымыз керек.

  6. Дархан November 7, 2017 17:40 жауап жазу

    Дуалы ауыз деп тақырыпты өлтіріп қойған екен да,Құдай қаласа барлығы жақсы болады деген ойдамын өзімн. Бір құдайға сеніп отыра беремін.

  7. Дана November 7, 2017 17:41 жауап жазу

    Қазақ деген орайы келгенде орып түсіретінмінез бар ғой. Қан деген тулап тұр го

  8. мика November 7, 2017 17:42 жауап жазу

    Тоқаев мырза сөзге келгенде шешен деп естуші едім. Расымен солай екен.

  9. Дос November 7, 2017 17:51 жауап жазу

    Жалпы латынға көшіп, болашағымыз кемелденетініне қуанамын

Leave a Reply to Әлішер Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Тұманды Альбионда (жалғасы)

04 Dec 2019, пікірлер: 1

Тұманды Альбионда (жалғасы)

01 Dec 2019, пікірлер: 1

Тұманды Альбионда (жалғасы)

16 Nov 2019, пікірлер: 0

Келер жылдар, келер айлар,... келер таң....

13 Nov 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

керемет. осындай танымдық дүн...

Өте жақсы. Ана атауларды...

Дұрыс

Өте құптаймын

Басты жаңалықтар

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бизнес журналистика не үшін маңызды?

Алматыда "Медиа ақпараттық сауат: тренерлерге арналған тренинг" басталды

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры