• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Кімнің қаңқасы?…
Қазаққа “құлсың!” демегін…
Ұшып кеттік көкке біз!
“Зұлмат” – қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді
Қарақшылардың қолынан қаза тапқан…
Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ
Қандастарымыздың зейнетақысы мәселесі шешілді
Бүгін – ерте, ертең -кеш
Келер жыл Қабан ба, әлде Доңыз ба?

“Тіл білмесек те билет алып, такси ұстап, керек жерімізге жеттік…”

22 Sep 2018
|   
Пікірлер: 0
|   
Ілмектер: алмасу, Білім, Оңтүстік Корея, студент, тәжірбие

       

   Сүлейман Демирель атындағы университетінің журналистика мамандығының 4 курс студенттері Арай Жеңіс, Балжан Абылғазиева Оңтүстік Корея еліндегі Даежон қаласында орналасқан Hannam университетінде студенттік алмасу бағдарламасы бойынша 4 айға оқуға барып қайтты. Алған әсерлері, тәжірбиелері туралы Балжан Абылғазиевамен сұхбаттасқан едік.

  • Студенттік алмасу бағдарламасымен баруыңызға не себеп болды?

Мен мектеп кезінен бастап шетелде білім алғым келген еді. СДУ-ға түскеннен кейін  студенттік алмасу бағдарламасы туралы кеңінен сұрастыра бастадым. Алайда, екінші курстан кейін материалдық және моральдық тұрғыда да дайын болмаған едім. Ал үшінші курсқа  қалып қойғандықтан мұғалімдерімнің көбі келген соң айырмашылық пәндер де көбейетін болады деген еді. Бұл менің шетте оқысам деген көңілімді су сепкендей басты. Бірақ, араға уақыт сала құрбым Арай екеуіміз бірге шешім қабылдап барып, бағымызды сынап көрейік дедік.

  • Алғаш барғанда алған әсерлеріңіз қандай болды?

Алғашқы әсерім өте керемет болды. Жоспарымда саяхаттап бару ғана болған еді. Оқумен барамын деп мүлде ойламаған едім. Кореяға баруға шешім қабылдағаннан кейін сол ел туралы көп ізденіп, түрлі видеолар қарай бастадым.  Әрине, оның бәрі тезірек үйреніп кету үшін. Ал алғаш барған кезде ешқандай да қысылу, қорқыныш болмады. Маған бұрындары келген, көрген ел сияқты әсер сыйлады. Бара сала корей тілін білмесек те аса қатты қиындық көрмедік.  4 ай бойы ерекше әсермен жүрдім.

  • Барған оқу орныңыздағы негізгі оқу жүйесінде біздің елдегі жүйемен салыстырғанда қандай айырмашылықтары бар?

Біз оқыған оқу орнындағы оқу бағдарламасы бізбен салыстырғанда аса қатты байқалмады. Себебі, СДУ-дың оқу жүйесі әлемдік стандартпен сәйкестендірілгендіктен де үйренісу оңай болды. Пәндерде бір айырмашылық көбінесе лекция (75 мин) болды. Емтихандар да өзіміз үйренген әдіске сай екен. Бізге бұл әлдеқайда жеңілірек түсті. Бұның барлығы біздің университеттегі заманауи оқу әдістерінің арқасында.  Шетелдік университеттерге  5 деген бағаны 10 ғана балаға береді. Яғни, білім  арқылы бәсекелестік қатты. Бағаға ие бола алатын студенттердің саны шектеулі болғандықтан да біраз қиынға соғуы мүмкін.

  • Жаңа ортаға үйренісіп кету қаншалықты қиын болды?

Жаңа ортамыз бізге өте жеңіл болды. ТМД елдерінен келген студенттермен де жақсы араластық. Қытайдан келген студенттер бізге корей тілін үйренуге көмектесті. Ең қиынға соққан- тамақ жағы. Төрт ай бойы кореяның тағамдарын жей алмай жүрдік.

Бір қызығы алғаш барған кезде бізді ешкім күтіп алмады. Бірақ бізде бір батылдық болды. Тіл білмесекте билет алып, такси ұстап, өзіміз жеттік. Ойлап тұрсақ, мүлдем танымайтын елге бара салып, сондай батылдықты жеңудің өзі үлкен тәжірибе деп ойлаймын.

  • Өздеріңізден қандай өзгерістерді байқадыңыздар?

Өзгеріс көбінесе мінезімізде болды. Толеранттылықты үйрендік. Өзге мәдениетке, ұлттарға төзіммен қарауға үйрендік. Яғни, ортамызға қарай  икемделіп, олардың жақсы жағын үйреніп, өз мінезімізге өзгеріс әкелдік.  Өзіміздің бір сатыға өскенімізді байқадық. Мүмкін бұрын шетелге шықпай тұрып, ойлау көкжиегіміз тар еді. Шетелге шыққаннан кейін ойлау көкжиегіміз де кеңейді. Көп тіл меңгеріп, болашақта шетелге барып оқуда жоспарда бар.

  • Бағдарлама  студенттер үшін қаншалықты тиімді?

Шетел елдермен «Exchange» бағдарламасы қай кезде болсын керек. Бұл студент үшін барынша тиімді. Біліктілік пен білімін шыңдайтын болады. Әр елдің медиасы туралы әр елдің студенттерінен біле отырып, білім көкжиегімізді кеңейте аламыз.

Сұхбаттасқан: Тілеген Көгершін

  • google-share
664 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Қазақты әлемге танытқан Айшолпан Астанаға келді

Келесі жазба

Кубулықтар сияқтымыз

Ұқсас жазбалар

4

New York Times-тың видео түсіру курсы

1

Білімге қосқан үлесі: YouTube

2

Біліміңізді ұштағыңыз келсе

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Кімнің қаңқасы?...

21 Feb 2019, пікірлер: 0

Қазаққа "құлсың!" демегін...

11 Feb 2019, пікірлер: 0

Ұшып кеттік көкке біз!

06 Feb 2019, пікірлер: 1

"Зұлмат" - қазақ қасіреті. Өкінішке қарай, оғаны әлі саяси баға берілмей келеді

31 Jan 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

Рахмет сизге! Дурыс, ким аркылы ка...

Салеметсиздерме мен бир мекемеде 10 жыл...

Шапағатшы болсын!

Құрметті зангерлер. Мен алматыдағы 7...

Басты жаңалықтар

Кімнің қаңқасы?...

Қазаққа "құлсың!" демегін...

Ұшып кеттік көкке біз!

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

Бюджеттің ашықтығы - азаматтық қоғамның талабы

Қызылорда "Медиа ақпараттық сауаттылық" семинар-тренинг өтуде (фото)

Ұлтқа қызмет ету

RSS ҚазАқпарат

  • Түрік инвесторлары Ақтөбеге цемент зауытын салады
  • Түркістан облысында 1 мың гектардан астам суармалы жер қайтадан айналымға енді
  • Ауа райы: Қазақстанда бүгін қар жауып, жел күшейеді

RSS Ақорда

  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
  • Қазақстан Президенті «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовпен кездесті

RSS Қазақ блогшыларының ойлары

  • Please! No more cancer. Been there, done that.
  • What We Want to Do Is Have a Table Where Everybody Is Invited
  • Monetize Your Site: Options to Make Money on WordPress.com
  • Rainbow Bee Eaters at the Old Quarry
  • MOLD
  • Noon All Year
  • Red Pepper
  • The Most Frugal Vacation: A Photography Roundup
  • History of Ornithology
  • If You Want Change to Happen, You Have to Do It Yourself
© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры