• Біз туралы
  • Мінбер-ақпарат
    • Зерттеу
    • Жоба және есеп
facebook
twitter
info@minber.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
    • Экономика
    • Рух
    • Спорт
      • Ауыр атлетика
      • Бокс
      • Күрес
      • Хоккей
      • Футбол
      • Ұлттық спорт
        • Көкпар
  • Заңгер кеңесі
  • Сөздің патшасы
  • Журналист болам десеңіз
  • Рух
БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Келер жылдар, келер айлар,… келер таң….
Альбионнан Алматыға
Тұманды Альбионда (жалғасы)
Тұманды Альбионда
Байтақ елдің Балпық биі
РАУШАН КӨРКІ
Қазақтану

Келер жыл Қабан ба, әлде Доңыз ба?

31 Dec 2018
|   
Пікірлер: 0

Міне 2018 ит жылы аяқталып, 2019 доңыз жылы кіргелі тұр. Барша жамағатты ертеңгі күн бүгінгінің жай ғана жалғасы, жылдың басының қазіргі сандық жүйе бойынша  ілгерінді кейінді сәйкессіздігі болса да қалыптасып отырған үлгімен жаңа жылымен шын жүректен құттықтап, әр отбасына мықты, таза денсаулық, бейбіт те мерекелі бақытты өмір тілейміз.

Жалпы ата-бабаларымыз уақыт мөлшерін есептеуді он екі мүшел жүйесі бойынша  жыл қайыру деп атаған екен. Сонымен жылдың басы баршаға белгілі Тышқан болады да мүшелдің соңы Доңыз жылымен аяқталады. Мәселен бізден бұрынғы сегізінші, оныншы ғасырда  өмір сүрген, еуропаның ешбір елінде жазу, сызу болмаған заманда өмірін өлеңмен өрнектеп, тасқа бәдіздеп жазып кеткен көне түріктер тілінде Он екі мүшел жылды: Сычған (тышқан), Сығыр (сиыр), Барс (барыс), Табышқан (қоян), Ұлу, Жылан, Йунд (жылқы), Қон (қой), Бічін (мешін), Ыт (ит), Тоңыз (доңыз) деп атаған екен. Ал енді соңғы жылдары осы Доңыз жылын Қабан деп атайтын үрдіс қалыптасыпты. Қабан жылы деген атауды ескі ауыз екі әдебиеттен де оқымаппын, көне көз қариялардың  «Жылым қабан» деп жатқанын да естімеппін.

Менің ойымша бұлай атау орыстардың Доңыз жылын Қабан жылы деп атайтындығынан ауысып келген бе деймін. Орыстар жыл қайыруда атауларын шатастыра береді. Қой жылын олар ешкі жылы деп мүлдеп  қарама-қайшы атайды емес пе?! Қабан мен шошқаны ажыратпау, бұ да сол сияқты.

Қабан – түз аңы, нулы-сулы жерлерді мекендейтін, шөп пен өсімдік тамырларымен қоректенетін, сырты түкті, айбатты, бір мойын жануар. Оның жауынан тайсалмай, қасықтай қаны қалғанша ажалға қарсы ұшатын батырлығы мен зор жүректілігін бағалаған болу керек қазақ баласы баласына Қабан деп ат қояды. Қабанбай батыр, Қабан жырау… Ал Шошқа не Доңыз деген есімді кездестірмейміз, өйткені шошқа, жем талғамайтын, өте арам, лас, түйсіксіз үй жануары. Демек қабан мен шошқа екеуі екі түрлі болмыс-бітім болса керекті. Олай болса олардың қасиеті де екі тарап, бір-біріне сәйкес келмейтін айырымды, шатастыруға, жаңылуға  болмайтын дүние жаратылыс.

Бурылалтай

 

  • google-share
2,099 рет оқылды
Алдыңғы жазба

Жаңалықтағы жаңалық

Келесі жазба

Бүгін – ерте, ертең -кеш

Пікір қалдыру Cancel reply

*
*

СОҢҒЫ

ҮЗДІКТЕР

ПІКІРЛЕР

Тұманды Альбионда (жалғасы)

04 Dec 2019, пікірлер: 1

Тұманды Альбионда (жалғасы)

01 Dec 2019, пікірлер: 1

Тұманды Альбионда (жалғасы)

16 Nov 2019, пікірлер: 0

Келер жылдар, келер айлар,... келер таң....

13 Nov 2019, пікірлер: 0

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

11 Dec 2009, пікірлер: 62

Жылқы және қазақ рухы

17 Jan 2010, пікірлер: 46

Түркия Президенті  Р.Т.Ердоған ресми сапармен келмек екен

15 Apr 2015, пікірлер: 37

Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

22 Apr 2011, пікірлер: 33

керемет. осындай танымдық дүн...

Өте жақсы. Ана атауларды...

Дұрыс

Өте құптаймын

Басты жаңалықтар

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Тұманды Альбионда (жалғасы)

Видео

ФОТОРЕПОРТАЖ

Бизнес журналистика не үшін маңызды?

Алматыда "Медиа ақпараттық сауат: тренерлерге арналған тренинг" басталды

Қазақ тіліндегі контент проблемалары Астанада талқыланды

Интерньюстің семинар-тренингі өтіп жатыр

© 2009 - 2013 Барлық құқықтары заң бойынша қорғалған. Меншік иесі "Мінбер журналисттерді қолдау орталығы" Қоғамдық Қоры