Мінбер.kz

Кәсіпкерлерге инфроқұрылымдарды әзірлеуге жәрдемдеспек
«2020 жылға арналған бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктерге жеке кәсіпкерлерден 502 өтініш келіп түсті.

Бірінші бағыт, яғни жаңа бизнес бастамаларға қолдау көрсету бойынша 95 өтінішке субсидия бөлінбек, 19 өтініш кепілдендірілмек. Кәсіпкерлік секторды жандандыру бағыты бойынша 366 өтініш қарастырылды. Ал экспортқа лайықталған өндірісті қолдау бағыты бойынша 22 өтініш субсидияланбақ..

«Даму» қорының сайтында жарияланған мәліметте 2010 жылдың соңына қарай бірінші бағыт бойынша субсидиялаудың көлемі 689 млн. теңге болып, 1 395 млн. теңгеге кепілдендіру жұмыстары атқарылатыны болжанған.  Екінші бағыт бойынша субсидиялау 3 542 млн. теңгені құраса, 3-бағыт бойынша бұл 1 142 млн. теңгеге жетпек.

Бағдарламаның келесі бір тиімді құралы несиелерді кепілдендіру құралы аталуда.

«Егер жобада кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болса, банк бұл жобаны Даму қорының кепілі бойынша несиелендіре алады. Бұл кепіл жобаның жалпы құнының 50 %-ын өтейді. Әкімдік жобаның аймақ үшін маңызын мақұлдаса, әкімдік тарапынан кепіл құнының 20 %-ы өтеледі. Нәтижесінде кәсіпкер тегін кепілге ие болады. Бұл өте тиімді құрал. Бұдан бөлек қызмет көрсету бойынша қолдау да көрсетіледі» дейді қордың басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова.

Тағы бір құрал ол – индустриалды ифроқұрылымды қолдау. Кәсіпкерлер несие алу барлық мәселені шешіп береді деп санамайды. Бизнесті бастау үшін энергия, су және өзге де коммуникация қажет. Бұл қажеттіліктерді өтеу үшін 4,8 млрд теңге бөлінді. Енді аймақтарда кәсіпкерлердің инфроқұрылымын қаржыландыру мүмкіндігі пайда болды.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Саламат паги, Малайзия!
Мұхит асып, алыс жерге  сапар шеккен адам бейтаныс жерден өз елімен туыстыратын әлдебір ұқсастықтарды іздейді. Еліміздегі бірден-бір сенімді әрі адал қызмет атқаратын «Фаттаһ трэвел» туристік компаниясының көмегімен арада талай елді көктей өтіп, сонау Оңтүстік-Шығыс Азиядағы таныс та бейтаныс Малай еліне жеткенімізде, бізде де алдымен осы қызығушылық сезімі оянды. Тарихта туыстық, жағрафиялық жағынан жақындық жоқ, тек әйтеуір дін бауыр мұсылман деп іш тартатын елге әлдеқалай болар екен деп қобалжып  барғанымызбен, әуежайдан аттай бере-ақ бізді «Саламат паги!» деп ілтипатпен күлімдей қарсы алған малайларға жөпелдемеде «Сәламат па!» деп біз де қонақжай елдің қойнына емін-еркін ене бердік.

Куала Лумпурдың Тәуелсіздік алаңы

Азияның сонау қиырындағы Малайзияны Қазақстанға жақындастыра түскен тұс – осы ХХІ ғасыр. Діни бауырластық, ғылым-білім, технология саласындағы серіктестік, сауда-экономикалық байланыстар, әсіресе, 2006 жылғы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Малайзияға ресми сапары кезінде келісіліп, кейін протәкөліне Астанада шиырлап қол қойылған Қазақстанның жаңа ордасы Астана мен Малайзияның жаңа билік орталығы Путраджайяны бауырлас, анда қалалар ретінде тану уағдаластығы екі елді етене жақындастырып, алыс-беріс пен барыс-келісті көбейткен тарихи уақиға болды. Қазіргі заманғы Малайзия мен Қазақстанның арасындағы ең басты ұқсастық та осы қос елдің Бас ордаларын жаңа мекенге көшіріп, тақыр жерден жаңа қала тұрғызуы.

Путражаядағы ресми ғимарат

1995 жылы  билік орталығын Куала Лумпурдан  Путраджайяға көшіру үшін ну орманды отап, оның орнын алып құрылыс алаңына айналдырғанда санасаң тілің жаңылатын қаржы-қаражат желге ұшуда деп қаланың келешегіне күмән келтірушілер оларда да болыпты. Алайда сол кездегі премьер-министр, аты әлемге мәшһүр саясаткер, Малайзия ғажайыптарының бас сәулетшісі саналатын, туған елі еркелетіп Доктор М. атап кеткен Махатхир Мохаммад «Менің бұл шешімімнің құндылығы мен дұрыстығын малай халқы елу жылдан кейін анық түсінетін болады» деп алған беттен қайтпапты деседі. Бірақ көреген саясаткердің сол шешімімен ірге қалаған жаңа қала арада елу жыл емес, соның ширегіне де жетпейтін аз ғана уақыттың ішінде жасыл желек жамылған бау-шаһарға айналып шыға келді.

Сыртынан  атына әбден қанығып, қаланың  бүгінгі келбетін қиялымызға сиғыза алмай келе жатқан біздер әдетте туристер көп жүретін қала орталығындағы Путра жасанды көлінің жағасына келгенде, алдымыздан жарқырап жаңа әлем ашылғандай болды. Қос жағалауды жалғап жатқан сәнді де алып көпірлер, дәстүрлі және заманауи нақыштары астасқан  ғимараттар, жасыл желектің арасынан бой көтеріп, күмбездерін күн сүйген мешіттер Малай елінің бүгінгі өсіп-өну, өркендеу қарқынын айшықтап тұр. Әсіресе, жасанды көлдің үстінен салынған, сәулеті алабөлек Путра мешіті алысырақ тұстан қарасаңыз құдды айдын көлдің бетінде қалқып тұрғандай. Қаланың дәл осы тұсынан бажайлап қарап, кейбір тұстарын біздің Астанаға ұқсаттық.

Жаңа  еңсе көтеріп келе жатқан жас қаланың 37 пайыз аумағын жасыл желек жауып жатыр. Әу баста Путраджайяны үкіметтік ғимараттар қоныс тепкен интеллектуалды кибер-қала қылып, сірескен ресми ғимараттардың «иінін жұмсарту» үшін экологиялық таза саябақтармен, бау-бақшамен көмкеру идеясы ойластырылған. Сөйтіп қаланы әдетте үлкен мегаполистердің титықтатар у-шуынан, көліктерден тарайтын түтін мен шаң тозаңынан сақтайтын, саялы, жанға жайлы мекен-жай етуді көздеген.

Путраджайя  атауы кезінде осы елдің алғашқы  премьер-министрі болған Тунку Абдул  Рахман Путраның құрметіне қойылыпты. Сол себепті Путра деген сөзді  мұндағы кез келген бұрыштан ұшырастыруға болады: Путра көлі, Путра мешіті, мешітке қарама-қарсы орналасқан қазіргі премьер отыратын көк күмбезді кеңсе Пердана Путра, ұзындығы төрт шақырымды алып жатқан Путраджайя бульвары, Таман Путра саябағы…. Ал қаланың елу мыңдай тұрғынына салынған тұрғын үйлердің ешқайсысы 13 қабаттан бір елі аспайды. Бұл –  ресми биліктің Путраджайяның болашақ дамуын ескере отырып бекіткен өлшемі.

Дегенмен, елдің жаңа билік орталығы болып саналатын Путраджайя әлі буыны қатып, мойыны бекімеген бала сияқты дейді малайлар, сол себепті астананың кейбір қызметтерін әлі күнге дейін елдің байырғы астанасы Куала Лумпур атқарып келеді.

Күндіз-түні тыншымас Куала Лумпур

Путраджайядан Куала Лумпурға қатынайтын ұшқыр пойыз арадағы 30 шақырымдай жерді ілезде басып өтіп, елдің бұрынғы орталығы боп келген ірі мегаполиске табанымызды тигізді. Біз келген уақыт түнгі он екілер шамасы. Шамдары жамыраған түнгі Куаланың көшелерінде біршама тыныштық орнапты. Бірақ қызықтың көкесі алда екен, қарсы алушы адам бізді тура қаланың орталығындағы нөпір халық сабандай сапырылысып, тіршілігі қыз-қыз қайнаған Букит Бинтанг көшесіндегі қонақүйге әкеп түсірді. Мұнда тіпті халық түнгі тыным, ұйқыны ұмытқандай. Жарығы жалт-жұлт еткен көшеде, құмырсқаның илеуіндей арлы-берлі ағылған туристерден көзің сүрінеді. Көліктен түскен бетте көшедегі қытайтектес саудагерлер «Леди, леди», «массаж, массаж» деп құр соңыңнан қалмайды. Ертесіне білдік, Куала Лумпурдың туристерге арналған атышулы көшесі осы Букит Бинтанг екен. Бұл көшені білмейтін адам жоқ. «Түнгі көбелектердің» саудасы, сылап-cипаудың алуан түрі, айналасына иіріп алып, көшеде өнер көрсетуші клоун, өнерпаздар, сан алуан ұлттың дәмханалары, түнгі базарлар мен сауда орталықтарының бәрі осы жерде. Сол себепті Малайзияның осы бұрышын исламдық емес, Батыс мәдениетіне жақын басқа қырынан танисың.

Куала Лумпурдың одан басқа да қызықтары жетерлік. Малайзияның айбынын асырып тұрған биіктігі жарты шақырымқа жетеқабыл (452 метр) 88 қабатты «Петронас Туин Тауэрс» атты егіз ғимараттың біреуін жапондар, екіншісін оңтүстік кореялықтар салған екен. Махатхирдің өзі «біз Малайзияның даму жолында үнемі Жапония мен Оңтүстік Кореяның моделін үлгі тұтып келдік» дегенді жиі айтады сұхбаттарында, демек жарыса көк тіреп тұрған осы егіз ғимарат дамуды бағдар қып ұстаған Шығыстағы екі елдің символындай емес пе екен деген ой қылаң етті.

Жалпы Малайзияның тәуелсіздік алған 53 жылдың ішінде адам сенгісіз қарқынмен  дамып, бүгінде «Азия Швейцариясы» немесе Жапония, Оңтүстік Корея сынды  елдердің өкшесін басқан «Азия жолбарысы» атануының көрінісін осы Куала Лумпурдан-ақ көріп, көз жеткізуге болады. Шатыры көк шаншыған, төбеңнен төнген биік үйлер Малайзияның бүгінгі экономикалық әлеуетін әлемге паш етіп тұрғандай. Кезінде ауыл шаруашылығынан бірден жоғары технологиялар мен индустриалды экономикаға батыл қадам басқан малайлар бұл күнде электронды чиптер мен тұрмыстық кондиционер өндірісі бойынша әлемде бірінші орынға шығып отыр. Сонымен қоса  «Протон» маркалы ұлттық автоөндірісі арқасында бұл күнде малай халқының көпшілігі «жаяудың әнін салмайды». Өйткені «Протон» көлігінің құны әлдеқайда төмен.

Қазақстан секілді бұрынғы посткеңестік мемлекеттерден барған туристер үшін алдан шығатын ең алғашқы қиындықтардың бірі өкпені қысқан ылғал ауа да емес, тас төбеңді тесіп өтердей ми қайнатар ыстық та емес, жергілікті жердің жегенде аузыңды қуыра жаздайтын ащы тамақтары. Рас, мұнда екі-үш қадам аттасаң-ақ алдыңнан қытай, үнді, араб, түрік, жапон, кәріс, малай елдерінің алуан түрлі асханалары шыға келеді. Қала орталығындағы туристерге арналған дәмханалардағы орташа баға 10-15 рингит, яғни біздің теңгемізге шаққанда 400-600 теңге аралығында. Бірақ үнемі етті, майлы тамақты тілеп тұратын қазақтарға малайлар құрғақ күріш пен тауық етінен басқа жарытымды ештеңе ұсына алмайды. Көбіне теңіздің шөп-шаламы араласқан, бұрышы бетіне теуіп тұратын ащы тамақтарға біздің қарын жұбата қоюымыз екіталай. Ет қана емес, қазақтың малай дастарханынан іздейтін тағы бір жоғы – кәдімгі қара нан. Малайлар нанға жерік емес екен. Дүкен сөрелерінен нан табуың қиын емес, бірақ бәрібір біздің елдегідей кенеуі жоқ, аузыңа салсаң мақта секілді еріп сала береді. Ал Teh tarik деген жергілікті шайдың өзіне тән ерекше тәтті дәмі бар. Тек малайлар оны біз секілді буын бұрқыратып, терлеп-тепшіп отырып ішпейді, ішіне мұз салып, салқындатып ішеді.

Мұсылманның мекені

Куала Лумпурдағы әл Бухари мешіті

Малайзия  Ислам мемлекеті болғанына қарамастан мұнда да біздегідей әр түрлі ұлттар мен конфессияларға, діндерге шектеу қойылмаған. Алайда Малайзияда мұсылмандарға барынша жағдай жасалған. Әр жерден бой көтерген сәулетті мешіттер намаз уақыты кіргенде жарыса азан шақырып жатады. Одан бөлек кез келген ғимараттың ішінен намазхана табылады. Ал кез келген қонақүйдің бөлмелерінде міндетті түрде төбеден құбыланы нұсқап тұратын белгі бар. Тіпті әжетханаларына біз секілді құман алып жүгірмейсің.

Өндірісінің 95 пайызын  халал стандартқа түсірген. Мұның бәрі заңмен реттелген және қатаң қадағаланады. Егер әртүрлі ұлттың асханалары орналасқан үлкен мегаорталықтарға бара қалсаң, тіпті Батыс, кейбір мұсылман емес Шығыс елдерінің асханаларының тұсында да «Халал» белгісін көруге болады. Бұл «Халал» белгісі тек қана дәмханалардың сыртында емес,  күнделікті  тұтынатын барлық тұрмыстық заттардың (сабын, сусабын, тіс пастасы, парфюмерия), азық-түліктің қаптамасында, тіпті қарапайым минералдық судың да стикерлік қағазында көрсетіледі. Халал ас жеген халықтың мінезі де биязы келетініне осында анық көзіміз жетті. Өкінішке қарай, өзімізде жиі кездесетін қоғамдық орындардағы ұрыс-керіс, жанжал, бір-бірін балағаттау немесе дөрекі-дөкір мінез көрсету секілді оғаш қылықтарды атымен көрмейсіз. Оның үстіне харам ас жеген адамның дұғасы қырық күн қабыл етілмейтінін ескерсек, мұнда мұсылмандар үшін қандай керемет жеңілдік, жағдайлар жасалғанына еріксіз сүйсінесіз.

Малайзияның Ислам дініне беріктігі, әсіресе, Рамазан айында ерекше байқалады. Көшелерде халықты осы ұлық мейраммен құттықтаған мерекелік плакаттар, жарнамалар ілінеді. Барлық мешіттерде сәресі мен ифтарға (ауызашарға) арналған дастархандар жайылады. Кейбір мектептер мен оқу орындарында осы айда арнайы демалыс беріледі. Ал дәмхана, мейрамханаларда Рамазанға арналған арнайы мәзір әзірленіп, бағасы анағұрлым арзандатылады. Кейбір дүкендерде киім-кешек және басқа да тауарларға жеңілдіктер, арнайы мерекелік бағалар қойылады. Егер сіз әлденеше қабаттан тұратын сауда орталықтарында шоппинг (сауда) жасап жүрген болсаңыз, ауызашар уақыты таяғанын радиохабарлағышпен құлағдар етеді. Ал нағыз ифтар уақыты кірген кезде азан шақырылып, уақыттың кіргенін хабарлайды.

Былтыр  Малайзия осы Рамазан айымен тұспа-тұс  келген Тәуелсіздік мерекесін жылдағыдай алаулатып-жалаулатып тойлаудан бас тартты, исі мұсылман үшін ұлық мерекені осылай тақуалықпен атап өтті.

Айтпақшы, жергілікті малай халқы өте кішіпейіл, қонақжай. Сіздің мұсылман екеніңізді білсе, тіптен қуанады Олар үшін дін бауырлығы қандастықтан қадірлірек.

Малайзияның  әу баста бағдар қып ұстаған  саясаты – Ислам мен қазіргі қарыштаған технологиялық даму үдерісін қатар алып жүру. Әлемді Батыс пен Шығыс, мұсылман немесе кәпір деп бөліп-жармайды. Рас, кеңқолтық қонақжайлылық та кейде зиян салдарын тигізбей қалып жатқан жоқ, Батыс мәдениетінің, жаһанданудың сыналап енген салқыны, әсіресе, елдің ірі орталығы Куала Лумпурда қатты сезіледі. Мұны жауқазындай жаңа өсіп келе жатқан жастардың киім кию, шаш қойысынан, мәдениеті мен мінез-құлқынан анық байқауға болады. Мәселен, жасы отыздардағы әйелдер негізінен шариғат бойынша әуретті жерлерін түгел қымтайтын хижап киетін болса, бойжеткендер тыртита джинсы, кейде шолақ жеңді жейде киіп, басына орамал ғана салады. Ал шаштарын алуан түске бояп, құлақтары мен танауларына сырға тағып алған малайлық жастар да негізінен осы Куала Лумпурда жиі ұшырасып жатады. Әйтсе де, бұған қарап Малайзия тым батыстанып барады деп байбалам салу ертерек, Исламдық өркендеуді темірқазық қып ұстаған малай елінің бүгінгі бағыт-бағдары соны дәлелдейді.

Туристерді  малайша тарту

Петронас мұнаралары

Біз барған уақыт – жауынды маусым. Жаймашуақ ауа райы аяқ астынан нілдей бұзылып, 20-30 минут бойы жауын селдетіп тұрып алады. Осы кезде жергілікті табиғаттың тосын мінезін білмейтін шетелдіктерге такси жүргізушілері мен қолшатыр сатушылардың «қолдары жүріп», саудасы қызады. Жауынды маусым екі-үш айға созылып, оның арты шіліңгірге ұласады. Мұнда ауа райының осы екі маусымы ауысып келеді. Сол себепті жыл он екі ай бойы толассыз келіп жататын туристерде қисап жоқ. Малайзияның негізгі табысының үштен бірі осы туризмнен түседі. Қарасаң көз тойғысыз ғажайып жасанды аралдар, демалыс орындар бау-бақтарға, ит тұмсығы өтпейтін ну жыныстар мен тамыры тереңге кеткен тарихи-тағылымды орындарға жыл бойы ағылып кеп жататын туристердің қалтасындағы бума ақша, бақыр тиынға дейін осы жерде қалады. Туристердің бұл елге аңсары ауып тұратындығының түп себебі – қызмет көрсету саласы салыстырмалы түрде алғанда ең арзан. Басқа мұсылман елдеріндегідей кейбір тыйым, шектеулер жоқ. Екіншіден, бүгінде Малайзияның шетелдік туристерді құлшындырып, тамсандыратын, мақтан етерлік нәрселері аз емес. Әлемдегі ең ұзын ғимарат «Петронас Туин Тауэрстің» бір өзі неге тұрады?! Мұнда шілде, тамыз айларында «араб маусымы» басталады. 2001 жылғы АҚШ-тағы оқиғадан кейін әлемде араб елдеріне деген көзқарас өзгергені және оларға Америка мен Батыс елдеріне шығу, әсіресе, виза алу мәселесі әжептәуір қиындағаны мәлім. Міне, осы жағдай қазір әлеуеттік күші ешбір дамыған мемлекеттерден кем түспейтін Малайзияның айын оңынан тудырды. Бұл ел мұсылман мемлекеттерінің ішіндегі туристерге өте қолайлы бірден-бір мемлекет және мұнда шетелден келуші саяхатшыларға виза аштырып, әуреленіп жатудың қажеті шамалы. Оның үстіне тропикалық табиғат жағдайы арабтардың да қолайына келеді Сол себепті жыл сайын Малайзия араб байларының «қалталарын қағып қалуға» барынша әзірленеді. Оны дүкендердегі, сауда орталықтарындағы ерекше жеңілдіктерден көруге болады. Соңғы жылдары Малайзияға қазақтар да қаптады . Бұл көрсеткіш енді «Алматы-Куала Лумпур» тікелей рейсі ашылған соң одан да ұлғая түсері анық.

Туристерге  малайлықтар өз тарихының барлық кезеңінен мағлұмат берер жағдай жасаған. Мәселен, Путраджайя – Малайзияның жарқын келешегінің көрінісі, Куала Лумпур – Малайзияның өсіп-өрлеу кезеңінің куәсі, Ал Мелака – Малайзияның отарлық қамытында болған өткенінен сыр шертетін таза тарихи қала. Ол – малайзияның ежелгі астанасы. Малайлар ескі астананы ешбір ғимаратын бұзбай, қаз-қалпында сақтап отыр. Мелакаға барған жұрт бір кездері осы жерді иелігіне алған ағылшындар мен жапондардың ізін анық көреді. Оны қаладағы ондаған мұражайлардан қанығасың.

Малайзияда  алты ай тұрдық. Отанымыз келешек дамуында осы елдің ізімен келе жатқаны қуантады. Былтырғы дағдарысты талдай отырып, Дүниежүзілік банк әлемдегі инвестиция салуға ең ыңғайлы он елдің тізімін шығарды. Олардың арасында Малайзия да бар. Әлемнің астанасы атанған Путраджайя мен Куала Лумпурдай қалалары малайлардың бұл жетістігінің, меніңше, бір ғана құпиясы бар. Ол еліне, ұлтына деген сүйіспеншілік, сондай-ақ Ислам канондарына бағынған адал тірлік.

Рауан СӘБИТҰЛЫ,

Алматы-Куала  Лумпур-Путраджайя-Мелака-Алматы.

Қаңтар-маусым айларында Қазақстан өндірісінің көлемі ұлғайды
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі өндірістік өнімнің физикалық көлемінің индексі өткен жылғы уақытпен салыстырғанда 111%-ға ұлғайғанын хабарлады.

Тау кен өндірісі және карьерлерді игеру салсында индекс 5,8 %-ға артқан. Темір рудасы (125%), көмір мен сұр тас көмір (106%), шикі мұнай (105,9%), табиғи газ (105,1%) өндіру көрсеткіштері оң нәтиже көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібінде қаңтар-маусым айларында 19,4% көлемінде өсу байқалды. Азық-түлік өнімі мен сусындар, метал емес минералды өнімдер, өңделген мұнай тауарлары, электр құралдары мен автортранспорт жабдықтары, құрылыс, химия, қара және түсті металлургия тауарлары өндірілді.

Өндірістің өсуі барлық өңірде байқалды. Оның ішінде Павлодарда физикалық көлемнің индексі 30,3%, Қостанайда 29,8% ал Алматыда 27,9% -ға жетті.

Оңтүстік Қазақстан (24,4%) мен Ақмола облыстарында (23,2%) да 20 % көлемінде өсу байқалды.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Қазақ интернет қолданушысы және mail.ru
Қазақстандағы интернет қолданушылардың ресейлік mail.ru компаниясының тегін пошталық қызметіне жүгіну қарқыны бәсеңдеген жоқ. Alexa интернет стастиканы жинақтайтын ресурстың мәліметінше Қазақстандағы ең жиі қолданатын ресурс осы пошталық қызмет болып отыр.

Alexa мәліметінше mail.ru Қазақстанда бірінші орында

Ғаламтормен жұмысы тығыз байланыста өрілетін қарапайым азаматтарды бұл поштаны таңдауына орыс тілінде болуы, жылдам хабар алмасуы, әрі әлеуметтік желі арқылы дос-жарандарымен байланысы арта түсуі түрткі болуда.

Қазақ интернетінің тынысы енді ашылып, ғаламтордың бір бөлшегіне айналған тұста, қазақ қоғамында ұлттық мәселелерді тек тіл мен діл тұрғысынан қарастыруы технологияда ұлттық бояудың қанық болмауына ұласты. Нәтижесінде ғаламторға шыққан адам қазақи өрнектегі ресурсты таппай орыс тіліндегі ақпарат айдынына шомылды. Кез келген мемлекеттің интернет әлеуеті пошталық қызметі, жеке іздеу торабының болуымен өлшенеді десек, Қазақстанда әзірге екі қызмет түрі де бұқаралық сипатқа ие болған жоқ. Өйткені виртуалды пошта қызметінің алдын ресейлік mail.ru компаниясы орап алды. Ал іздеу торабы американың Google корпорациясына тиесілі.

Mail.ru-дың орыс тілінде болуы, әрі Қазақстан азаматтарының жартысынан астамы пушкин тілін еркін меңгергендіктен амалсыз интернет сауаттылықтары осы ресурспен ашылуда.

Әу баста жай ғана қызмет ұсынған Ресейлік компания қазір қазақ интернет тұтынушыларының саны артқан сайын оны нарық тұрғысынан қарастыруға көшті.

Соңғы бір жыл көлемінде mail.ru сайтында Қазақстан жаңалықтары пайда болып, m-agent үстеме бағдарламасының қазақ тіліндегі аудармасы пайда болды. Биылдан бастап еліміздегі мобильді байланыс операторлары қалтафон иелеріне m-agent-тің мобильді нұсқасын тегін ұсынуда. Нәтижесінде ресейдің интернет компаниясы қазақтың виртуалды кеңісітігіне мықтап тұрып өзінің бизнес қазығын қағып қойды. Xat.kz, namba.kz, mail.kz, ok.kz тәрізді ұлттық жобалар mail.ru-ға қарағанда қазақша, әрі қазақ қаріптерінде болғанымен жиырма жылдан аса техникалық тәжірибесі бар ресейлік алыптың жетістіктерін қайталай алмай жатыр. Себебі техниканың идеологиясында тіл шешуші фактор бола алмайды. Қазір қазақстандық қолданушыға поштаның қазақ әріптерін қолдауы жеткіліксіз, Мой мир, m-agent тәрізді үстемелер болуы тиіс.

Жыл өткен сайын Қазақстанда интернет қолданушылар саны артып келеді. Тиісінше, mail.ru тенденциясы «казах тили синдромын» тудырды. Бірақ техногенді ұрпақ үшін бұл қауіп емес. Себебі технология заманында тіл емес, мазмұн маңызды.

Асылында, m-agent тәрізді лездік хабар алмасу бағдарламалары ағылшын тілінде пайда болып, ресейде оның isq, ал ағылшынтілді ортада skype тәрізді баламалары жетерлік. Бірақ поштаға кіріктірілген нұсқасы қолданушыларға тиімді көрінді. Сөйтіп, mail.ru поштасы өзінің құнын арттырды. Ғаламдық деңгейде twitter микроблогы интернеттегі ең жиі қолданатын құрал болғанымен, пост Кеңестік елдерде ресей ресурсы дес бермей тұр. Алматы қаласында 2009 жылы интернетті дамытуға ынталы топтың отырысында қолданушыларды отандық жобаларға қызықтыру мәселесі сөз болған. Мамандар қолданушы назарын ресейлік ресурстан басқа арнаға қарай тартып алу үшін шектеу шараларын қолдануды ұсынды. Бірақ бір есептен бұл адамның құқығуына қол сұғу болып табылады. Қолданысқа енгізілген заң нормалары m-agent тәрізді бағдарламаны БАҚ-қа жатқызып, ондағы айтылған пікірлер үшін адамдар жауапкершілік жүктейтіні де mail.ru қолданушыларына тосқауыл бола алмады. Соңғы уақытта ірі қалаларда m-agent-ті телефон арқылы қолданатындар саны күрт өсіп отыр. Жасөспірімдерді mail.ru-дың лездік хабар қызметі жылдам, арзан әрі заманауи жолмен байланысқа шығуы елітуде. Жаңа медиа мамандары қандай да бір құралды интернет нарыққа енгізбес бұрын оны жасөспірімдер арасында сынайды. Себебі ғаламторда көп уақытын өткізетін, әрі жаңа нәрсеге үнемі сергек қарайтын топ осылар.

.kz доменінде 601 сайт тіркелген/kazakh.ru (20.07.2010)

«Мой мир» әлеуметтік желісі интернеттің web 2.0 нұсқасының элементтерін өзіне тиімді жинақтай алды. Мәселен, поштаның ішінен қолданушы өз досына, әрі досының досымен сурет, аудио, видео файлдармен бөліседі. Өзара бәсеке психологиясына, әрі «менікі сенікінен жақсы» деген қызғаныш сезіміне құрылған «Мой мир»-дің ортақ, мүдделес жандардың бірігуіне кең жол ашты. Әсіресе, жеті атасын түгендейтін қазақтар үшін әрбір рудың өз «мирі», әр ақынның өз фанаттары болуы бұл байланыс түрінің маңызын арттырды. Қазір «Мой мир» желісінде қала, ру, ортақ мамандық бойынша топтасу үдерісі жүруде. Жаңа медиа мамандары келесі кезеңде белгілі бір мақсат бойынша ортақтасқан жандар нақтылы әрекеттерге көше бастайтынын болжайды. Яғни, виртуалды бірігудің соңы шынайы өмірде ұжымдық акцияларды орындауға ұласады. Саясаткерлер жаңа медианың осы элементін құрал ретінде пайдалануға тырысады. Жалпы ғаламторда «Мой мир» тәрізді Facebook, Youtube, flickr, msn т.б. әлеуемттік желілер болғанымен қазақ интернетінің төл әлеуметтік желісі болмай тұр. Бар болғаны өзге тілдегіні қазақша аударумен шектелуде. Мәселен, wordpress желісінің 30%-ы қазақшаланса, facebook 1%-ға аударылды. Шетелде әлеуметтік желілер қазір жарнамалық және қолданушыларға қосымша қызмет көрсету арқылы ақша табуға көшті. Көп кешікпей mail.ru-дың да қызметі ақылы болып, қазақ қолданушылары ресей экономикасына секунд сайын инвестиция құя бастайды деп болжауға болады.

Бір ұлттың әлдебір елдің интернет технологиясына тәуелді болуы тек қана эконмикалық емес, идеологиялық тұрғыдан да қауіпті екені рас. Ақпарат, пікір алмасумен құрылған мұндай құралдарды адамдардың санасынан жұлып алып тастау мүмкін емес. Өз елінің интернет жобаларын дамытып, өзге елден қорғанып жатқан Қытай, Жапония, Корея тәрізді елдер мәселенің алдын алу үшін бірінші кезекте бағдарлама жасаушыларға көп көңіл бөлген болатын. Қазақстанда әзірге тек шетелдік порталдарды шектеп, мемлекет ақшасына балама жобалар жасалып жатқаны байқалуда. Биылғы жылы билікте өз алдына Ақпарат және технология министрінің құрылуы интернет жобаларды идеологиялық ғана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді бағалауға сеп болады деген үміт бар.

Асхат Еркімбай

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Сурет СС рұқсаты негізінде foxypar4 есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

Банктер ескі қызметкерлерін жазалауда
Ресей банктері жұмыстан шығарылған қызметкелерін жазалаудың жаңа әдісін қолдана бастады. «РБК daily» басылымының хабарлауынша Сбербанк «сенімнен айырылған» деген бап бойынша жұмыстан шығарылған қызметкерлердің қара тізімін өз сайтында жариялаған. Ресей банк жүйесінің тарихында мұндай жайт алғаш рет кездесуде.

Банк басшылығы сайттарында «Сбербанктан шығарылған қызметкерлер» атты арнайы бөлімнің пайда болуын қаржы институтының ішкі қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мен қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің алдын алуға және банк жұмысының ашықтығын жетілдіру мақсатында пайда болғанын түсіндіруде. ВТБ24 атты келесі бір банк болса, ондай тізімді тек сайттың қызметкерлерге арналған бөлімінде жарияланғанын, себебі бұл қызметтік мақсатта қолданатын хабарлаған.

Сбербанктің қара тізімді жариялауы арқылы Ресей банктері алғаш рет өздерінің ескі қызметкерлері жайлы мәліметті бұқараға жариялады. Бұрындары мұндай тізімді тек нарықты қадағалаушы органдар ғана пайдаланатын.

Заңгерлердің пікірі бойынша, егер қызметкерлер есімдерінің тізімде көрсетілуіне жазбаша рұқсат бермеген болса, жұмыс беруші әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Доп бізге бейтаныс емес
(Қазақтың  доп ойыны туралы  алғашқы ізденісі)

Қазақта доп ойындарының түрлері өте көп. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдістеріне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп(тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп… – деген сияқты түрге бөлінеді.

Қазақ ұлты – Азиядағы байырғы мәдениетті ұлттардың  бірі. Қазақ ұлтын құраған ру-тайпа, ұлыстардың осыдан 2000 жыл бұрын өз тіл-жазуы, салт-санасы, кемелденген  заң-түзімі, үлкенді-кішілі бекеттері  болғаны анық. «Көшпенділер» деп  аталатын ұлы даланың жауынгер перезеніттері  ел басқару ісіне, өнер-білімді қадыр  тұтып үйренуге, әскер жаттықтыруға, әйелдерді іскер-ибалы етіп тәрбиелеуге, балаларды жасынан баулуға баса мән берген-ді. Осының айғағы қазақтың доп ойындары.

Қазақта доп ойындарының түрлері өте көп. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдістеріне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп(тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп… – деген сияқты түрге бөлінеді. Бұл доп ойындарының әрқайсысының өз алдына ойнау әдістері, шарты, ережесі бар. Өзара ұқсап та кетеді. Осы доп ойындарының қоғам дамуына байланысты ойналу көлемі барған сайын тарайып, орнын осы заманғы доп ойындары басып, тегі тектеліп, ұлттық мәдениеттің бір әйгілісі ретінде үгіттелгеннің орнына, жабайылықың, мәдениетсіздіктің белгісіндей саналып, ұрпақтар санасында бұлыңғыр елесі де қалмай бара жатқаны өкінішті-ақ!

Осындай «рухани бостықты» толтырып, халық рухын серпілтер игі істерді істеу – әрбір ар-ожданды азаматтың бас тартпас ұлы да қасиетті борышы деп білеміз.

«Пайдалану  хабарының»(қытайда шығатын қазақ  тіліндегі күнделікті газет) биылғы бір санында «Доп шежіресі» деген  шағын мақала шықты. Мақалада : «Сонау 2500 жылдың алдында қытайлықтар доп тебу ойынын ойнаған. Олар шошқаның немесе сиырдың қуығына жел толтыру арқылы жасалған допты тебуші еді. Сонымен бірге Гректің және байырғы Римнің патшалары да осы ойынға әуестенетін»- делініпті. Ендеше, байырғы Қытай мен ежелгі Грек, Римдердің орасын жалғап, ұлан-байтақ Азия сахарасын неше мың жыл жайлап, нелер мықты қағанаттар, хандықтар құрған «Көшпенділер» деп аталатын ұлы табиғаттың серісі – Ғұн, Сақ, Үйсін, Теле, Рұң тектес тайпалар мен ұлыстар осы доп ойынының ортасы болған деуге болады.

Мәселен, алдымен допың материалын алып айтсақ, малдың қуығы, тобығы, жүні… бәрі-бәрі көшпелілер дүниесі.

«Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4000-ыншы жылдың аяқ шенінде адамдар ең жүйрік аң – жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украиниядағы Деревка елді мекені, Ресейдегі Воловат  қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай  қонысындағы археологиялық қазбалар… – осының дәлелі» – депті Манаш  Қозыбаев «Қазақ тарихы – дала өркениетінің құрамдас бөлігі»-деген мақаласында («Шинжяң  қоғамдық ғылымы» 1998 жылы 3 сан). Кейіндеп көшпелілер мәдениеті өзіне тән ерекшелікпен тіпті де өркендеп үлкен тұтастық қалыптастырған. Осы көшпелілерден бізге қалған ойын түрлері де аз емес еді. Соның бірі – осы доп ойыны.

«Доп» сөзіне келсек, «Түркі тілдер сөздігінде»: «топ» деп таңбаланған, қазақ  айтылымында «топ» деп те айтылады. Және тобық допты алып айтсақ, шоқпармен  ұрып ойнайтын атүсті ойыны, осының сарқыны  ма, қазақта «тобық тығу» ойыны  қазірге дейін жалғасып келеді. Қазақта доппен байланысты баламалап айтылған атау сөздер мен тұрақты тіркестерден бірталай бар. Мәселен, «тобықтан қағып түсіру», «допша ұшыру», допа(бас киім), допша, доптай, доп-домалақ, дөп-дөңгелек, Тәңір добы, адам басы – Алланың добы, той десе қу бас домалайды… Қазақта жүйрік жылқыны – «жел қуық» дейді. Мұнда қуық доппен байланысты айтылған болуы мүмкін. Осы сөздердің өзі-ақ доп ойынының өте ертеден қазақ арасына кеңінен жалпыласқандығының бір айқын дәлелі. Ат үсті доп ойыны болған шөген доп(тобық доп, шоқпар доп) ойыны түрки тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде әлмисақтан бері «ат – ер қанаты»-дейтін қазақтарда да өте ертеде дамыған. Белгілі зерттермен, жазушы Зейнолла Сәнік ағамыз «Мұралар не айтады»-деген көлемді зерттеу кітабында археологиялық қазбалар мен қытай жазбаларына қарай отырып, жыл санауымыздан бұрынғы жетінші ғасырда арнаға түскен кемелді ережесі бар ат үсті доп ойыны бар екендігін айтады. «Түрік эциклопедиясында»: «бүгінгі ат үстінде ойналатын тобық доп ойыны Орта Азиядағы түркі тайпаларының қадым заманда ат үстінде ойнайтын ойындарының бірі. Бұл доп ойыны Орта Азиядан Үндістанға тараған. Ол жерден ағылшындар Еуропаға апарды. Поло (POLO) деген атпен дүниеге танылды»-делініп, оймызды тіпті де айқындай түседі.

«Пайдалану  хабарындағы» доп туралы мақалада және: «Англияның футболды қалай дамыта түскенін ешкім білмейді, тек 14 ғасырда әрқайсы  қыстақтар арасында футбол жарысы кеңінен  жалпыласқан» – дейлі. «POLO» деген  атпен дүниеге таралғандығы сияқты қуық доп, жүн доп, киіз доптың да батысқа  және шығысқа ірге кеңейткен, байтақ Азияда серілік құрумен тынбай Америка  құрлығына да алғаш қадам тастаған көшпелілердің жүрген жеріне таратқан көп өнерінің бірі болуы да әбден мүмкін.

Доп ойынын, әдетте, балалар көп ойнайды. Балалар  бір-біріне еліктегіш, көргенін істейді. Сол жаңалыққа жаны құштар балалардың арқасында бүгінге жеткен ойындардың балалардың арқасында дүниеге таралуы  да әбден мүмкін ғой.

Сөздің  соңын қазақтың ұлы ғалымы, ойшыл  ақыны Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» алынған өлең жолдарымен ақырластырғым келеді.

2630

Түрлі өнерді біліп алса шетінен,

Парасаттың  нұры ойнар шетінен.

2634

Нард, шатрианж ойнағанда жарқылдап,

Ұтып  алса қарсыласын алқымдап.

2635

Аңшы  болса, ат құлағында ойнаса,

Құралайды көзден атып қоймаса.

(Нард  – дойбының ертеде шығыс елдерінде  кең таралған бір түрі, шатрианж  – шахмат)

2635-інші  шумақтың Асқар Егеубай аудармасы  мен қазіргі ұйғұр тіліндегі  аудармасында айырмашылық бар.  Мұның себебін қарастырыу басқа  мақаланың үлесінде. Қазіргі ұйғұр  тілінде былай делінген:

2635

Ыұ білсүн чеугенні, атар болсұн ыұқ,

Иене  құшчы уе ыоуда теңдіші иоқ.

Мұндағы «чеуген» деген допты ойнауға  қаратылған, Жүсіп бабамыз 11 ғасырда  тұрып бізден доп өнеріне жетік  болуды үміт еткен. Мына бейбіт заманда  бабамыздың төл мұрасы – доп ойынын дәуірге сәйкестіріп дамыта түсейік.

«Ұлттар ынтымағы» журналы 1999 жыл 1 сан

Авторы: Мәдениет Мұқатайұлы

Төтешеден криллишеге түсірген Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ

«Бизнестің» жол картасының көшбасшылары
«2020 арналған бизнестің жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты, яғни бизнес-бастамаларды қолдау бойынша БТА Банкі (54 өтініш), Альянс Банк (16 өтініш) және Халық Банкі (14 өтініш) белсенділіктерімен ерекшеленуде. Бұл жайлы мәлімет «Даму» қорының ресми сайтында жарияланған.

Кәсіпкерлік секторын жандандыру бағыты бойынша – ЦентрКредитБанкі (132 өтініш), БТА Банк (122 өтініш), Халық Банкі және Нұрбанк (28 өтініштен) алда келеді.

Экспортқа лайықталған өндірістерді қолдау бағыты бойынша БТА Банкіне 6 өтініш, Халық Банкіне 5 өтініш, Сбербанк России АҚ ЕК 3 өтініш келіп түскен.

Бірінші бағыт бойынша бағдарламаның жүзеге асуы қазіргі кезде Алматы (18), Ақтөбе (17) және Қарағанды (16) облыстарында аса қарқынды жүруде. Екінші бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысы (58), Алматы (57) және Алматы облысы (32) белсенділік танытуда. Ал үшінші бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда Қарағанды (6), Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары (по 4), Солтүстік Қазақстан облысы (2) мен Алматы қаласы (2) көзге түсуде.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Қазақстанда 12% байлар мен 50% кедейлер өмір сүруде
«Қазақстан тұрғындарының 12% байлар қатарына жатады» дейді Business Resource тілшісіне пікір білдірген Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағының төрайымы Меруерт Қазыбекова.

«Біздің қоғам үстіңгі бөлігі байлардан тұратын мұздық сияқты. Олар 12 пайыз. Бұдан кейін орташа қамсыздандырылған тұрғындар үлесі 20 пайыз болса, қалған 50 пайыздай көлемді кедейлер құрайды. Аралық қабат ұлғайған сайын байлар мен кедейлер арасында текетірес азаяды», – дейді ол.

«Шағын бизнес кедейліктен бір қадам ғана озып тұр. Сондықтан мемлекет қазір оны қамқорына алуы керек. Бизнеспен айналысу арқылы кедейлер орта топқа өтеді. Ал орта топтағылар жоғарыға қарай ысырылады. Нәтижесінде елімізде байлар саны артады. Сол себептен орташа дәулеттер үлесі үлкен болғаны жақсы », – деп санайды Одақтың төрайымы.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Ораза қайырымдылыққа оң әсер етуде
Қайырымдылық қорларына түсетін ақша көлемі артты. ДОМ қайырымдылық қорының соңғы есебі бойынша 2010 жылдың 8 мауысымында $1 млн. 219 мың сомасы көлемінде ақша жиналған.

Зерттеуді жүргізушілер бұл есепке ата-аналарына тікелей берілген ақша мен шетел дәрігерлерінің жүргізген операциялары кірмегенін еске салады. Ондай жағдайда сома бұдан да үлкен болуы ықтимал. «Қайырымдылыққа қаржының көптеп берілуін қасиетті Рамазан айы мен халық арасында қайырымдылық мәдениетінің қалыптаса бастағандығымен байланыстырамын. Адамдар қорларға сене бастады және бізге де мәліметтерді меценаттарға түсіндіру оңайлады» дейді қор жобаларының үйлестірушісі Саломат Назарова.

“Қазақстан Іскері” басылымынан

Орталық Азия журналистері мен блогшыларына арналған тегін курс
TOL (Transition Online) Орталық Азия елдерінің блогшылары мен БАҚ қызметкерлеріне арнап «Беспристрастный взгляд: улучшение освещения проблем этнических и других меньшинств» (“Этникалық  және өзге аз ұлттардың мәселелерін қоғамға шынайы жеткізуді жетілдіру)” тақырыбында қашықтықтан тегін журналистика курсын ұйымдастырмақ.

Transitions (TOL) – БАҚ саласындағы кәсіби мамаедардың біліктілігін жоғарылату институты және халықаралық баспа “Аз ұлттар мәселесін ақпарат бетінде жариялау” атты тақырыптағы қашықтықтан оқытылатын курс ұсынады. Оқыту курсы арнайы Орталық Азия аймағына лайықталып әзірленген.

Тегін оқытылатын курсқа Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан) блогшылары мен ақпарат құралдарының қызметкерлері шақырылады. Сондай ақ аталған курсқа қазір шетелде тұрып жатқан аталған елдердің азаматтары қатыса алады.

Бес оқыту модулінен тұратын оқыту курсының әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған мәтінді зерттеу, оған арналған сауалдар мен жазбаша тапсырмалардан тұрады. Курс барысында тәжірибелі куратор қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жазбаша тапсырмаларын өңдейді. Курс орыс тілінде өтеді. Оқу ұзақтығы 5 апта.

Курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға TOL сертификаты табысталады. Ең үздік студенттерге TOL ұйымдастыратын халықаралық курстарға қатысудың ақысы төленбек әрі TOL интернет-журналының  (www.tol.org) Орталық Азиядағы штаттан тыс тілшісі болу мүмкіндігі ұсынылмақ.

Бұл жобаны 1983 жылдан бері әлемде демократиялық құндылықтардың орнауына ат салысып келе жатқан The National Endowment for Democracy, жеке, коммерциялық емес ұйым қаржыландыруда.

Аталған курсқа қатысу үшін on-line тіркелу керек: Оқыту курсы: «Беспристрастный взгляд: улучшение освещения проблем этнических и других меньшинств»

Сондай ақ тіркелу үшін өзіңізің жеке түйіндемеңізді түсінік хатпен бірге мына мекенге жолдай аласыз balanovskayal@tol.org

Түсінік хат:

Түсінік хат 600 сөз көлемінде болып, төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек:

1. Неліктен бірнеше үміткердің арасынан сізді лайықты деп тануымыз керектігін түсіндіріңіз?

2. Курста алатын білімді қалай пайдаланбақшысыз?

3. Орталық Азияда аз ұлттар мәселесін қамтуда қандай түйткілді мәселелер бар деп ойлайсыз?

Курсқа қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Лариса Балановскаяға мына поштамен хабарласыңыз: balanovskayal@tol.org

Өтініштер 2010 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады

Мәлімет www.neweurasia.net сайтынан алынды