Ағылшын буржуаздық күнделікті газет. 1821 жылы Манчестер қаласында жарыққа шықты және 1959 жылға дейін “Манчестер Гардиан”деп аталды; 1961 жылдан бастап Лондон мен Манчестерде басылып шығарылады. Либералды партияның басшылығына жақын көзқарастарды білдірді. Таралымы (1970) 290 мың дана еді.
Гардиан – бай тарихы бар жалпыұлттық газет. Алғаш рет 1821 жылы басылып шықты. Оның прототипі – Манчестер Гардиан – он тоғызыншы ғасырда ұлы реформалар кезінде ықпалы зор газет болатын. Бүгінде Гардиан форум алаңы болып қала береді және осында тәуелсіз дебаттар өтіп жатады. Осындай пікір-таластар кезінде газет бетінде батыл сыни пікірлер айтылады. Газетті меншіктеу құқығына байланысты сирек кездесетін принцип басқа ұлттық газеттерде болмайтын сабақтастық тәжірибе мен білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отырады.
Англо-бурлық соғыстан кейін (Boer War 1899-1902; Ұлыбритания Трансвааль мен Сары-қызыл Еркін мемлекет бур республикаларына қарсы империалистік соғыс ашады; соғыс Ұлыбританияның екі республиканы жаулап алуымен аяқталды) және біздің заманымыздағы Ирактағы соғысы болсын, Лиганың (күрес) Нан заңдарына қарсы шыққан кезі болсын (The Anti-Corn Law League – ағылшын өнеркәсіпшілер мен экономистердің қоғамы) өнеркәсіптік буржуазияның мүддесін қорғап отырды; 1838 пен 1846 ж.ж. аралығында) Жаһанданудың қазіргі процесстеріне дейін Гардиан журналистика атты фронттың алдынғы шебінде тәуелсіз және ойлануға итермелеген басылым болып 180 жыл қызмет атқаруда.
1821
Джон Эдвард Тэйлор (John Edward Taylor) Манчестер Гардиан (The Manchester Guardian) атты басылымның негізін салады. Басылым апта сайын шығатын либералды бағыттағы газет болады. Алғаш рет газет 1821 жылы 5 мамырда сенбі күні жарыққа шығып, бағасы 7 доллар болады. Дәл осы жылы оның таралымы 1 000 данаға дейін жетеді.
1871
Газетке С. П. Скотт (C. P. Scott) келеді. 1872 жылы (26 жасында) ол газеттің редакторы болады және осы постта 57 жыл қызмет атқарады. Дәл осы басшының арқасында газет әлемге танылады. 1907 жылы Скотт Гардиан-ның негізін салған адамның баласынан басылымды сатып алады және бірден газетті тәуелсіз деп жариялайды, сонымен қатар, әуел бастан басылым ешкімнің сойылын соқпайтынын айтып кетеді.
1936
Дж. Р. Скотт (J. R. Scott) – С. П. Скоттың ұлы (C. P. Scott) – Скоттардың Трестін ұйымдастырады (Scott Trust). Газетті меншіктеудің осындай принципі басылымға толықтай тәуелсіздік бере алады, бүгінгі күнге дейін де.
1952
Басында алғаш бетте жарнама емес, жаңалықтар жарияланатын болды
1959
Газеттің аты Манчестер Гардианнан (The Manchester Guardian) Гардиан (The Guardian) болып ауысады. Бұл өзгеріс газеттің мазмұнына қарай локальді болмағанын және ұлттық, халықаралық жаңалықтарды жариялап тұрғандықтан таныла бастағанын көрсетеді. 1961 жылы газет тек Манчестерде ғана емес, сонымен қатар, Лондонда да басылып шығады. Газеттің “The Grauniad” лақап аты атаудың дубликатымен байланысты проблемалар туындайды.
1988
Гардиан дизайнын күрт өзгертеді – екі санатқа бөлініп, көзге түсетін тақырыптарды таңдау принципін қолдана бастайды. Европада басылымның халықаралық нұсқасы шыға бастайды.
1995
Гардиан редакторы болып Алан Русберг тағайындалады. Бұл газеттің 130 жылдық тарихында тек 8-ші редактор.
1999
The Guardian Unlimited. Гардиан веб-сайттарының желісі жұмысқа кірісті, кроссмедиалық жарнама тұғырын ұсынған алғаш ұлттық газет еді (яғни, бірнеше медиатасымалдаушыда жарнама орнатуға мүмкіндік беретін жүйе).
2004
Гардиан электрондық нұсқасын шығарады.
2005
Берлиндік Гардиан форматын ауыстырады – енді газеттің өлшемі кеңжолақты басылым мен таблоидтың арасындағы түрде шығатын болды.
Бүгінде Гардиан басылымын интернетте еркін оқуға болады. Газет журналистері әртүрлі тақырыптарды қамтып отырумен қатар, көптеген блогшыларды да жұмысқа тартады. Электронды нұсқадағы Блогтар бөлімінде ИТ тақырыбынан бастап, театрға дейінгі қызықты жазбаларды оқуға болады.
Пікір жазу