Жаңа министрлерді таныстырды


13 Наурыз 2010 - Бұл мақала 302 рет оқылды, 3 рет бүгін

КМ13 Наурыз 2010 жыл

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлықтарымен қайта құрылған министрліктер ұжымына олардың жаңадан тағайындалған басшыларын таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы қайта құруға байланысты таратылған Индустрия және сауда министрлігінің сауда саласындағы функциялары мен өкілеттіктерінің Экономикалық даму және сауда министрлігінің құзырына берілетіндігін Асет Исекешевхабарлады. Индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін қажетті мәселелердің бәрі кешіктірілмей шешілуге тиіс деп атап өтті ол. Сондай-ақ К.Мәсімов Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке барлық ұйымдастыру мәселелерін қысқа мерзімде ретке келтіруді тапсырды.

Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевты таныстыра саотырып, К.Мәсімов Мемлекет басшысының елдің негізгі байлықтарының бірі – мұнай мен газға қатысты нақты міндеттер қойғанын атап көрсетті. Мұнай-газ секторын дамыту саясатын жүргізу барысында көмірсутегі саласындағы жобаларда мемлекеттік мүдделердің сақ­талуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Президент тапсырмаларын жүзеге асыру үшін министрлікке қажетті өкілеттіктер берілген.

Сол сияқты Премьер-Министр Экономикалық даму және сауда министрлігі ұжымына оның жаңа басшысы Жанар Айтжанованы ЖАтаныстырды. Ол министрдің алдына экономика саласындағы стратегиялық жоспарлауда, Кеден одағы қызметін ескере отырып, ішкі және сыртқы сауданы дамытуда, сондай-ақ БСҰ-ға өтуде нақты міндеттер қойды.

итПремьер-Министр қайта құрылған Мәдениет министрлігінің басшысы Мұхтар Құл-Мұхамедке азаматтардың діни еркіндігін және діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын қамтамасыз ету жөніндегі функциялардың Әділет министрлігінен Мәдениет минис­трлігіне ауысуына байланысты, сол сияқты мемлекеттік тілді да­мыту жөнінен өкілеттіктер берілуіне байланысты бірқатар тапсыр­малар берді.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі базасында құрылған Байланыс және ақпарат министрлігінің жаңа басшысы Асқар Жұмағалиевті таныстыра отырып, Премьер-Министр ақпараттар, ақ­параттандыру салаларындағы реттеулерге, жаңа ақпараттық техно­логияларды, сондай-ақ сандық және спутниктік хабар таратуды енгізуге қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Бір пікір - “Жаңа министрлерді таныстырды”

  1. Бала

    Молда көбейсе… деген қазекем.

Пікір жазу