Асылбек Қожахметов: Бізде 3% жеңілдік те жоқ

5071 рет қаралды
4

34108B6E-996C-4481-86E4-F4B67F6F0823_mw270_s
Урбанизация – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болатын көп қырлы күрделі құбылыс

Қазір Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Халықтың көші-қоны туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Онда ішкі-сыртқы көші-қон үрдістерін реттеу көзделген. Осыған орай, ішкі көші-қон түйткілдері жайында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асылбек Қожахметовті әңгімеге тартқан едік.

-Асылбек аға, қазір Парламентте халықтың көші-қон туралы заңы талқылану үстінде. Ішкі қон мәселесі осы заңда қаншалықты қамтылған?

– Парламенттегі көші-қон заңы осы мәселе бойынша қарастырылып жатыр. Десек те, кейбір жаңалықтарға құлақ түретін болсақ, бұл заң қабылданса да ішкі көші-қон мәселесіне тек бес жылдан кейін ғана көңіл аударылмақ. Заңдағы ішкі көші-қон мәселесіне сай квоталардың шектелуі қазіргі кезде ең маңызды бағыттардың бірі болып тұр. Егер де осындай шаруаларға байланысты квоталар шектелетін болса, сол қарастырылып бекітілген заңға сәйкес баспана мәселесі мен жұмыс орындары дайын болады.

-Осыған байланысты өзіңіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?

-Біріншіден, ішкі көші-қон мәселесін бес жылдан кейін емес, оны дәл қазір енгізу керек. Жыл сайын көшіп келген әр отбасына үш жыл көлемінде тұрақтауға жатақхана беріледі. Үш жылдан кейін әрқайсысы мүмкіндігінше жұмыс тауып алып, несие алып, үй алып жатақханадан шығып кетулері керек. Ал ол орындар келесі адамдарға дайын тұрады. Ал екіншіден, ішкі көші-қон мәселесін көбейтпеу үшін, урбанизацияға ұрынбау үшін ауылда әр түрлі іс-шаралар қабылданып, мектеп, аурухана, жұмыс т.б. жағынан жеңілдік болуы міндетті. Егер жағдай жасалынып отырса ешкім де ауылдан кетпесі анық.

-Елімізде ішкі көші-қоннан туындап отырған баспанасыздық, жұмыссыздық, екі жаққа ағылу мәселесін қалай реттеуге болады?

-Жалпы барлығының нақты санын білу керек. Содан соң сол сан бойынша жағдай жасалынуы тиіс. «Прописка» (тұрақты тіркелу) шаруасын реттеуіміз керек. Оны жеңілдету шарт. Себебі, онсыз адам жұмысқа орналаса алмайды, ауруханада тегін емделе алмайды және де несие алуға мүмкіндігі тумайды. Дер кезінде алдын алмасақ, «Шаңырақтағы» сияқты оқиғаларға тап болуымыз әбден мүмкін.

-Қазіргі уақытта Шаңырақтағы жұмыстар қалай шешімін тауып жатыр?

-Қазіргі кезде Шаңырақта екі мың отбасы заңдастырылып тұр. Әлі кемінде алты мыңы бар. Біз оларды мүмкіндігімізше, 2-3 мыңнан жыл сайын заңдастырып тұрамыз. Әрине, көптеген қателіктер әлі де басым. Оған кедергі келтірушілер де табылады.

-Үстіміздегі жылы өткен санақ бойынша ауыл мен қала халқының үлес салмағы қаншалықты деңгейде болды?

-Көп өзгеріс болмады. Сол бұрыңғы 43%-дың аумағында тұр.

-Шетелде көші-қон мәселесі қалай шешіледі? Бізді олармен салыстыруға келе ме?

-Мәселен, Францияда муниципиалдық үйлер 30% жеңілдікпен жалға беріледі. Олардың үйлері ешкімнің жеке меншігінде емес. Ауылдан келетіндеріне баспана дайын тұрады. Біз де сондай жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үймен айналысуымыз керек. Сонда ғана халық көбейген сайын жалға беру агенттіктері де жұмыс істей бастайды. Салыстыруға келетін болсақ, бізбен мүлде салыстыра алмаймыз. Себебі, дәл қазіргі уақытта бізде оның 3%-ы да жоқ.
– Рахмет!

Мадина Жеңісова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
студенті.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Өте өзекті мәселені көтеріпсін…Бұл жердегі ең басты проблема ауылда жұмыстың жоқтығы. Халық нан табу үшін қаладан-қалаға көшіп жүреді. Содан урбанизация пайда болып отыр. Егер шын мәнісінде ауылдардың тұрмыс жағдайын жақсартып, халықты жұмыспен қамтамасыз етсе, бұл проблема әлдеқайда жеңілдейді деп ойлаймын. Бұл проблеманың басты шешімі.

  2. Урбанизация тақырыбының өзекті екені рас.Үлкен рахмет!

  3. Жрайсыз!Бұл тақырыпты жалпы урбанизация туралы дұрыс түсінбеуші ем енді толық түсінгендей болдым!Рахмет,жазарыңыз көбейсін!

  4. Сізге де коп рахмет.Түсінікті тілмен жеткізе алдым деп ойлаймын.Сізге де улкен жетістіктер тілеймін!!!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар