1 миллион гектар қазақ жері және қытайлар

10930 рет қаралды
9

2711740780_dbae40fc8f_mЕлбасы Астанада желтоқсанның 4-iнде өткен Шетел инвесторлары кеңесiнiң 22-шi пленарлық отырысында Қытайдың 1 миллион гектар жердi жалға алуға ниет бiлдiрiп отырғандығын мәлiм еттi. Бұған қарағанда Қазақстан үкiметi Қытайдың Қазақстанның иен жатқан далаларын игеруге деген ықыласына қарсылық бiлдiрмейтiн сыңайлы.

Қытай мен Үндiстанның Қазақстанның ұланғайыр даласына көз тiгiп отырғаны туралы ақпараттың Батыс ақпарат құралдарында пайда болғанына бiр жылдан астам уақыт болған. 2008 жылдың 24-сәуiрiнде «Шекарамыз сызылды десек те»… деген мақалада Үндiстанның «CALCUTTA TELEGRAPH» атты басылымындағы «Жер жетпей ме, Қазақстан шақырады» атты мақала жайында сөз етiлген. Онда Үндiстан фермерлерiнiң Қазақстанның бос жатқан шабындық жерлерiне көз алартып отырғандығы айтылып едi. Сондай-ақ, биылғы жылдың 26 мамырында «Азаттық» радиосында Сұлтан Хан Аққұлұлының «Астананың инвесторларға сататын жер көлемi Голландияның аумағына тең болады» атты мақаласы басылды. Ол мақалада Қазақстанның жердi шетелдiктерге жалға беруге заңдық база жасалғандығы айтылады.

Әуелi, «Жер кодексiнiң» алғашқы нұсқасында шетелдiктерге жер жалға да берiлмейтiн болған едi. Бiрақ, кейiн қандай құйтұрқылар арқылы екенiн кiм бiлсiн, қазақ жерiн шетелдiктер де жалға алып, пайдалана алатын мүмкiндiк туғызылған екен. Баяғыда Астанада Қытай елшiлiгiнiң аумағы үшiн жер сатып алған Қытай елшiсiнiң: «Бiз әлi де көптеген жердi сатып алмақпыз» дегенi есiмде қалыпты.

Сөйтiп, Қытай фермерлерi Қазақ даласын игеру үшiн Қазақстанға ағылуы мүмкін. Олар 1 миллион гектар жердi 10 жылға жалға алатын болса, мұнда 1 емес, 10 миллион қытай жамбастап жатуы бек мүмкін.

16-17 желтоқсандағы билікке наразылықтан кейін, билік те ат айылын тарта қойды.

Әзірге билік жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы мәлімет таратып шырылдағанымен, жалға берілмейді деп кеісп айтқан жоқ. Демек, қауіп сейілмей тұр.

Бiздiң Қытайдың өз Батысын игеру саясатын көлденең тартып, ондағы қазақ бауырларымыздың қытайланып кету қаупiнен қорқып шырылдағанымыз мәселенiң бер жағы ғана екен.. Олар ендi Қазақстанға қолқа салды. Қытайға қолды болған үш аймақ — Алтай, Iле, Тарбағатайды былай қойғанда, өз тарих сабақтарында Қазақстанның Балқашқа дейiнгi өлкесiн қытайдыкi деп үйрететiн олар, жерге иелiк еткеннен кейiн Қазақстанды оңайлықпен тастап шыға ма? Әрине, Қытай диаспорасы әлемнiң барлық мемлекетiнде бар. Және олар барған мемлекеттерiнiң тiлi мен мәдениетiн қабылдап, бiрден сол елдiң тiлiнде сөйлей қоймайды. Әрбiр елде жеке-жеке «Қытай қалашықтары» бой көтерген. Бүгiнгi күннiң өзiнде Қазақстандағы қытайлардың саны туралы нақты мәлiмет жоқ. Әйтеуiр, қара базар қаптаған қытай екендiгiнде дау жоқ. Олардың арасында қазақ қыздарымен некелесiп, Қазақстан төлқұжатына оңай қол жеткiзiп жатқандары да баршылық көрiнедi. Сондай-ақ, Алматы облысының Алакөл ауданында 3 мың қытайлық фермердiң жердi тырмалап жатқандығы туралы да ақпараттың шыққанына бiраз уақыт болған. Ресми билiк бұл ақпаратты көпке дейiн жоққа шығарып келген едi. Алайда, биылғы жылдың сәуiр айында француз баспасөзi бұл ақпараттың шындық екендiгiн жазады.

Бiр қызығы, Қазақстанның экономикасына дендеп енiп келе жатқан Қытайда 2 миллионға жуық қандасымыз бар. Алайда, олардың Қазақстанға көшiп келу мүмкiндiгi жоқтың қасы. Осыдан бiрнеше жыл бұрын Қытайдағы қандастарымыз туыстары арқылы Қазақстанға келiп, осында қалып қоятын едi. Бұл күндерi жылына 12-ақ отбасының Қазақстанға келуiне рұқсат етiледi. Әрi туысшылау визасы арқылы, олардың 18 жасқа толмаған балалары Қазақстанға келе алмайды. Сөйтiп, Қытайдағы қормалы қазақтың келуiне қолдан кедергi жасалып отырса, ондағы құмырсқадай қаптаған қара қытайды Қазақстанға төңкере салу көзделiп отыр. Бiздiң мемлекет осы 1 миллион гектар жердi игеруге өзгенi емес, сондағы қазақтың келуiне жағдай жасауы керек едi. Ендi қазақ даласына қытай қаптайтын болды. Бұрын ата-бабаларымыз «Жайықты келiп алғаны, жағаға қолды салғаны, Едiлдi келiп алғаны, етекке қолды салғаны» деп күңiренген едi. Ал, Қытайдың қолқа салғаны, кiм-кiмдi де ойлантуы тиiс болатын.

Есенгүл Кәпқызы
Сурет Flickr торабының anguskirk есімді қолданушысының мұрағатынан

Парақшамызға жазылыңыз

9 Comments

  1. Актобеде мунай компаниясында бир кытай жигити жумыс жасайды. Казах тилинде азирге бир соз гана биледи екен. Кандай соз дейсиз гой?! М – у – н – а – й…

  2. Қазақтың атқа мінер сұлтандары ” жер- мемлекеттікі емес, ХАЛЫҚТІКІ ” деген тұжырымды миына құйып алатын күн қашан туады екен..?!

  3. Тері мен қанын қоса төгіп, ұрпағым осы ұлан-ғайыр даланың игілігін көрсін деп алып қалған жерді, аждаһаның аузына тастай салу, бабалар аманатына жасалған қиянат секілді болар еді. 10 жылға жалға алып, 10 милиион қытай орналасатын болса, мерзімі біткен соң “ал біз кеттік, жалға бергендеріңе рахмет” деп айылын жиып қайта қоюы қиын нәрсе.Мұхиттың арғы жағындағы АҚШ пен, Ресей астанасынан “China town” салып тастаған оңтүстіктегі көршіміздің саясатының құрығына түсіп қалу аса қауіпті болса керек. Соны ойланып, көк қағаздың “құдіретіне бас ұрмай”, ұлттың келешегіне алаңдағанымыз жөн. Биліктегі ағаларымыз байыпты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Біз үшін оң жағынан шешілуіне Алланың көзі түзу болғай.

  4. “Ақырзаман боларда қарақытай қаптайды” деп әжем айтып отырушы еді осы… Сонда сәби балаң санама бір қорқыныш елестейтін… Құмырсқадай қаптаған қытайлар, дәл сол сәтте аспан айналып жерге түсіп, жердің асты үстіне шығатындай…

    “Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен” қорғап, келер ұрпағына аманатқа қалдырған қасиет мекенді өзгелердің қол жаулығына айналдыру қиянат! Алда не боларын бір Құдай біледі. Дегенмен “сақтансаң сақтайды”. Бастысы биліктегілердің басы саналы болсын! Тек келешектен күдер үзбейік…

  5. Қызық, мына статьяға 10 миллион қазақтың 4-еуі ғана пікір білдірген екен. Ал мына сілтемені басып көрініңздерші – http://yvision.kz/community/%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8/110297.html 85 пікір қалыдырылған, демек, біздің қазақтың саяи белсенділігі мен патриоттық намысының төмендігін осыдан бағамдауға болады екен.

  6. hitaiga jer beruge bolmaidi, eger jer bersender, olar kvnderdin kvninde 1million gektar jer emes 10million jerdi basip alui mvmkin, hitai bizdin ata jauimiz, olardin sozine aldanuga bolmaidi, olardin argi saiysati ote kvshti, este sahtap jvrgen duris bolar,

  7. Казирги кезде Қазақстаннын оңтүстік шекарасындагы қауіп қытай гана емес, өзбектерде шыгар. Олай айтып жатқан себебим. О.Қ.О Мақтарал ауданы жақта озбектердин шекарасы бирте бирте кенейіп келе жатыр? Не ушин ол маселе де қаралмайды. Бұл бир кишигирим соз шығар, дегенмен, талай отбасы өзі қоныстанған жерінен кошуге тура келді. Ал казир ел арасында журген сыбыс сонгы 5 жылдын ішінде букил мактаралды Сырдариянын аргы жагына коширеди дейди. Типти мемлекеттік мекемелердин озине хабарландыру жазып койган кездер болды. Бул жайлы әрким әр турлі пікірде! БУЛ МӘСЕЛЕНИН түбі не болмақ?!

  8. Қытайларды жолатудың тіпті қажеті жоқ. Рас, бізде жер көп, игере алмай жатырмыз, тұрмысымыз нашар. Мүмкін жерді жалға беріп солардың арқасында игереміз, экономикамызды біршама көтеретін шығармыз, бірақ мұның бәрі уақытша ғана, уақыт келе олардан мүлдем құтыла алмай қалармыз. Өз-өзімізді жалқаумыз, қолымыздан ештене келмейді деуден аулақпын, барлық себеп мемлекеттік басқарудың о бастан-ақ дұрыс жолға қойылмағандынан деп білемін.

  9. Оп онай казах бреуге жерн берет дей ме армандамасын хасых ханым халганша жермд хоргайм Назкенд хатты хурметтеуш едм енд ойм озгерп кетт жермзд берет екесн Түбне өзм жетем

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі