“Қазақстанның демократиясы өзгеше”

647 рет қаралды

swissinfo.ch  басылымы Астанадағы Саммиттен кейін оған қатысып келген Кристин Егерсзегиден (Christine Egerszegi) сұхбат алыпты. Ол ОБСЕ-дегі Швейцария парламенті делегациясы президентінің орынбасары.

Бір жылдың ішінде ұйым қандай жетістікке қол жеткізіп, не нәрсеге қол жеткізбегенін сұраған тілші сөз арасында:

“Диктатураға жақын тұрған Қазақстан тәрізді елде конференция өткізу арқылы Еуропа қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы өзінің ұстанған бағыттарынан тайқып кетіп отырған жоқ па?” деп сұрайды.

Саясаткер бұл сұраққа былай деп жауап берген [ағыл]:

Қазақстан демократиясы бізден өзгеше Орталық Азиядағы республика. Оның бірнеше түрі бар. Жартылай автономиясы бар бұрынғы Советтік республикалар сәтті дамыды. Қазақстанның аймақтағы ықпалы үлкен. Ол Азия мен Еуропаның түйіскен тұсында орналасқан. Аймақта түйіні шешілмеген мәселелер де бар. Ауғанстан, Қырғызстан және Түркменстан солардың кейбірі ғана. Сондықтан да Қазақстан тәрізді тұрақты мемлекеттер маңызды.

Шетелдік сарапшының аузынан осы сөздерді естігенде: “Япыр-ау, осы бір сөздерді бұрын қайдан естідім?” деген ойлар келеді екен.

Асхат Еркімбай

www.neweurasia.net сайтынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар