Блогтың беделін құрылтайдан көреміз

1268 рет қаралды
1

Жаңа ғасырда жасампаз жаңалықтар салтанат құруда. Әлем Web 3.0 дәуіріне өтудің сәл алдында. Осы көштің бел ортасында білек сыбана кірісіп кеткен Блогтың шынын да беделі әлемде жүріп-ақ тұр.

лого кур. 7

Наурыздың 19-20-ында Алматыда тұңғыш рет интернетте блогтың сәйгүлігің ерттеп мініп жүрген атқамінерлердің құрылтайы өтпек. Былайша халықаралық атауы Blogcamp. Жақында WordPress деген ауылдағы Блог деген бойжеткенге Бекболат Тілеуханның өзі құда түсті. Мұхтар Шерім, депутат Мұрат Әбеновтерді де арбап қармағына түсірген бұл не деген құдірет дейсіз ғой?

Жаңа ғасырда жасампаз жаңалықтар салтанат құруда. Әлем Web 3.0 дәуіріне өтудің сәл алдында. Осы көштің бел ортасында білек сыбана кірісіп кеткен Блогтың шынын да беделі әлемде жүріп-ақ тұр. Олай демейін десең, Блогтың туысы Twitter-дің тұтатқан шырпысынан Мысыр әп-сәтте төңкерістің қайнаған қазанына айналып, әлі есін жинап үлгермеуде. Блогтың сегіз қырлы, бір сырлылығына кейін тоқтармыз. Құрылтайға оралайық.Par3573972

Блогкэмп жайында, ережелері турасында егжей-тегжейлі түсіндіру үшін сөз кезегін Қазақстандағы блогосфераның іргесін қалаушы Асхат Еркімбайға береміз:

«BlogCamp — дүние жүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны. Ел ішінде түсінікті болуы үшін біз іс-шараны «Блогшылар құрылтайы» деп те атап отырмыз.

Осыған дейін бірнеше елде өткен Баркэмптерге қатысқан едік. Сондай Баркэмптің біріне қатысқан Бақытгүл бұл іс-шараны өте дәл түсіндірген:

«Barcamp — негізі IТ мамандар, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде бизнес жобаларға ұласады, жәй танысады, достасады т.б.»

Жалпы атауы «баркемп» болғанымен, кей кездері ұйымдастырушылар іс-шараны нақты бір тақырыпқа бағыттайды, мысалы, тек блогқа (blogcamp), медиаға (mediacamp), IT мамандарына (icamp) т.б.

Негізі баркемп өткізудің өзіне тән кішкене талаптары бар:

  1. Ең алғаш мүдделілік танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі.
  2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады.
  3. Баркемп туралы мәліметті өз блогтарында жариялап, хабардың таратылуына үлес қосады, достарын, таныстарын т.б. баркемпке қатысуға шақырады, шетелден немесе басқа қаладан келгендерге баркемп кезінде тұратын үй табуға көмектеседі немесе ұсынады, бірігіп демеушілер табады (иә табуға көмектеседі).
  4. Бірінші рет баркемпке қатысып отырғандар өздері иә біреумен бірлесіп презентация жасайды.
  5. Сайтқа тіркелгендер өздерінің презентация тақырыбын ұсынады, сонымен бірге қандай тақырыпта презентация тыңдағылары келгендері туралы да жазады.

Басқа елдердің тәжірибесінен көрінетіндей, баркемптің негізгі 4-5 ұйымдастырушысы болады, олар бәрін өз айналасына виртуалды жинап, іс-шараның жақсы өтуіне бар күшін салады және Көмекшілер (Help team) болады, қалаған адамның бәрі өз еркімен көмекші боламын десе есік ашық.

Was3610306

Яғни ең бастысы, баркемпке қызыққан, өз ойымен шын мәнінде бөліскісі келетін адам келеді деген сөз ғой».

Құрылтайға қатысушылар мен ұйытқы болып ұйымдастырушылар, маңызы мен күтетіндері жөнінде мэтр блоггер, журналист Өркен Кенжебек өз ойың былайша өрбітеді: «Қазақ блогосферасының тарихында алғаш рет блогкэмп ұйымдастыру туралы ой былтырдан бері бәрімізді мазалап келген. Бірақ, ол кезде қарамыз аз болды ма, ықпалымыз қазіргідей болмады ма, әйтеуір, бұл әр блогшының басындағы қиялдан арыға аспаған еді. Сонымен, блогкэмптің сәті осы наурыздың 19-20-ына келіп тұр екен, бұйырса. Ұйымдастырушылар кім десеңіз, ресми түрде бұлар – «Мінбер» журналистерді қолдау қоры, «Медиалаб»медиа коммуникация орталығы, Астанадан «As club» қоғамдық қоры. Бұдан өзге «Медианет» халықаралық журналистика орталығының де ұйымдастыру жұмысында қосып отырған үлесі зор. Айтпақшы, ұйымдастырушы дегеніміздің өзі негізі қате түсінік, блог құрылтайда көрермен болмайды, бәрі қатысушы. Бәрі де ұйымдастырушылар екенін ұмытпайық. Ортақ жүкті бөлісіп көтеретінімізді еске сала кетейік. Сондықтан, Асхат Еркімбай, Дінмұхамед Зиядин, Ербол Албан, Өркен Кенжебек, Аршат Оразов секілді блогшыларды жәй ғана үйлестірушілер деп айтсақ жарасады.

Par6064941

Демеушілер ретінде «Kcell», «NokiaHP», «HP» компаниялары қолдау білдіріп отыр. Ал техникалық серіктес ретінде «Қазақтелеком» компаниясы интернетке қолжетімділік жағынан көмектесемін десе, КИМЭП оқу залдарын блог құрылтайдың өткізілуіне беріп отыр.

Қазірге дейін 120-ның үстінде блогшылар алғашқы Блог құрылтайымызға келуге ниет білдіріп отыр. Блогшылардың дені Алматыдан, ал Астана мен аймақтардан 30-40 тай қатысушылар келеді. Үндістаннан, Алманиядан, Қытайдан, Моңғолиядан, Швециядан да қонақтар келмекші.

Құрылтайдың маңызы: Алматы мен Астанада, еліміздің аймақтарындағы, алыс-жақын шетелдегі қазақ блогшыларының басын қосу, танысу, пікір қорыту. Бір-біріміздің ойларымызды біліп, презентацияларымызды жұртқа таныстыру. Бұдан кейін болатын басқосуларға негіз жасау. Үздік блогтарды марапаттау, ұтымды жобаларға қаржылық қолдау жасау».

Аламанда арғымақтарының бабын сынаймын деген блоггерлерге осы бастан бәйге жарияланды. Ұтысқа тігілетін сыйлықтың салмағы қорғасындай болмаса да, құны қомақты.

Күлтөбенің басында күнде жиын болмайтын заманда, алғаш рет өткелі отырған құрылтайдан сіз де қапы қалмай қатысыңыз.

Асқарбек ҚАЗАНҒАП,

ҚазҰУ-дың студенті

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі