Бүгін Алматыда "Мінбердің" семинары басталды

1523 рет қаралды
20

IMG_7287

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының “Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу” атты екі күндік семинар-тренингі басталды. Шара Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының  қолдауымен және Қазақстан менеджмент және болжау институтының (ҚМЭБИ) тегін аудиториялармен қамтамасыз етуі арқасында өткізіліп отыр.

 

IMG_7278

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинарға қатысу үшін үміткерлер арнайы мақала жазып, өзінің жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде білетіндігінен мағлұмат берді.  Байқау жарияланған екі ай көлемінде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығына тек Алматы қаласындағы семинар-тренингке қатысу үшін өтініш білдіргендердің саны – 50-ден асты. “Мінбер” орталығы былтырғыдай аймақтан келіп түскен өтініштерге басымдық берілді.

 

IMG_7286

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі семинарға Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Тараз, Талдықорған, Семей, Өскемен, Ақтөбе қалаларынан 30-ға жуық адам қатысып отыр. Семинар-тренингтің ашылуына арнайы келген ЕҚЫҰ-ның   Астанадағы орталығының адам құқығы мәселелері және заң үстемдігі жөніндегі кеңесшісі Штефан Бухмайер қазақ аудиториясы үшін қазақ тілінде арнайы мәтін дайындап келіп, оқып берді:

 

IMG_0451

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–  Бүгінгі семинардың тақырыбы журналистер арасында өте өзекті. Бүгінгідей технология дамыған заманда жаңа медиа технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңалықтар мен мақалаларды берудің өзгеше көкжиегі ашылғандығын айтуымыз керек. Өкінішке қарай, бұл бағыт қазақтілді БАҚ тәжірибесінде аз қолданылады. Сол себепті де, біздің Орталық былтыр Алматы қаласында осындай семинардың өтуіне қолдау көрсеткен еді.  Семинар өте табысты болды, әрі мұндай бастамаларды қолдау қажеттігін көрсетті. Биылғы семинар былтыр қамтылмаған тақырыптарды да қамтиды деген үміттемін, – деді ол.

IMG_7279

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сорос Қазақстан қорының “БАҚ-ты қолдау” бағдарламасының үйлестірушісі  Дария Цыренжапова: «Қазақтіліндегі интернеттің дамуы қажет екендігін алғашқылардың бірі болып айқындаған Сорос Қазақстан қоры еді. «Мінбер»  ҚҚ-ның журналистерді жаңа медиа технологиясына үйретуге бағытталған бастамасы арқасында былтыр қазақ тілінде 87 блог ашылды.  Бұл қазақтілді журналистердің блогсферасына қатынасу деңгейінің өскенімен қатар Қазнеттің дамуына ықпал етеді” деп қатысушыларға ақ жол тілесе, ҚМЭБИ-дің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, мемлекеттік саясат, басқарма еңбек сіңірген профессоры Джон Диксон мырза:  «Біз ҚМЭБИ тарапынан ЕҚЫҰ, Сорос Қазақстан және «Мінбер» ҚҚ-мен бірлесе отырып,  осындай тренинг өткізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Қоғамдық өмірдің ең басты элементтерінің бірі білім екені белгілі, сондықтан да осындай іс-шараларды қолдауымыз арқылы біздің де ағартушылық  миссиямыз  ҚМЭБИ шеңберінен тысқары жерлерге қанат жайып жатыр» деді.

IMG_0414

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семинар-тренинг екі күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында қатысушылар жаңа медиа мүмкіндіктерін журналистикаға қалай пайдалануға болатындығын оқып үйренеді және өздерінің жеке блогтарын ашады. Сондай-ақ,  семинар барысында интернеттегі заңнамалық актілер, журналистикаға қатысты ҚР заңдарының ерекшеліктері, журналист нені білуті тиіс, нені ескеруі қажет секілді арнайы құқықтық блок жұмыс істейді.

 

IMG_0445

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биыл бұл семинар маусымның 24-25-сінде Астана қаласында өткізілгелі отыр.

“Мінбер-ақпарат”.

Парақшамызға жазылыңыз

20 Comments

  1. Семинар- тренинг өте сәтті өтіп жатыр. Кәсіби мамандар “біз білмейтін” әдістерді үйретуде. Ол үшін көп- көп рахмет! Біраз шаршаттық-ау деймін өздерін де. Себебі, таңғажайыптың ішінде отырғандаймыз. Мүлдем түсініксіз жайттарды үйрену сондай қиын екен.

  2. Журналистер үшін семинар ұйымдастырған Есенгул апай мен Асхатқа және блог ашуды үйретіп жүрген Аршатқа көп-көп рахмет:

  3. Семинар өте кең ауқымда өтіп жатыр. Қатысушыларға да аталмыш семинарға қатысып, жаңа медиа саласымен жұмыс жасауды үйрену келешекте үлкен көмек болады деп ойлаймын.Алдағы уақытта ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілеймін.

  4. Семинар өте керемет өтіп жатыр. Мен бұдан былай азаматтық журналистиканың дамуына өз үлесімді қоссам деген ойдамын. Бақытгүл Салықова, Асхат Еркімбай мен Есенгүл Кәпқызының игі істеріне Алла жар болсын!!!

  5. Өте керемет семинар мазмұны ашылып жазылған. Себебі осы шараға қатысқандардың бірімін. Болашақта да осындай семинарлар ұйымдастырылып өтіп тұрса деген өтінішім бар. Бұл жас журналистердің жаңа технологияда біліктіліктерін артыруға көмектеседі.

  6. ақтөбеден келгендердің бірі мен болам). семинар қызықты өтіп жатыр. еліміздің бірнеше өңірінен келген журналистермен кездестім. әрі қарай блог арқылы таныстығымыз жалғасады деген ойдамын. жазып тұрыңыздар!

  7. Жаңа медианың шексіз мүмкіндіктерін үйретуде осы тектес семинардың маңызы зор. Семинардан алған әсерім, білімім үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!

  8. “Бітер істің басына, жақсы келер қасына” – демекші бұл өзі дер кезінде, өте сәтті бастама болдыю. Әрине, болашағына кәміл сенейік, шабыт тілейік!

  9. “Бітер істің басына, жақсы келер қасына” – демекші бұл өзі дер кезінде, өте сәтті бастама болды. Әрине, болашағына кәміл сенейік, шабыт тілейік!

  10. Тренингтің бітуіне 2 сағаттай ғана уақыт қалды. Екі күн қалай зыр етіп өте шыққанын білмей де қалдық.

  11. Семинарға қатысушылар Сіздерге де көп рахмет. Жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Білгендеріңізді басқаларға да үйрете жүріңіздер.

  12. барлықтарыңызға рахмет.
    ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, тек табыстарға жетіңіздер! 🙂

  13. „Мінберліктерге„ сәттілік тілеймін! Өткен жылы да керемет өтті! Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың қанаттары талмасын деймін! Іске сәт, блогерлер!!!

  14. Семинар өте жақсы өтті. Білімді, өз ісінің кәсіби шебері және азаматтық устанымдары жоғары мамандарды көргенде жанын сүйсінеді екен. Бойымызга бір-бір шуак, болашаққа деген сенім алып қайтқандай болдық. Үлкен рахмет!

  15. Есенгүл, Асхат, Дэвид Моулд, көмекші қыздар, осындай семинарды ұйымдастыра білгендері үшін алғыстан басқа сөз жоқ. МА-ЛА- ДЕС ! дегім келеді. Өзім де осы семинарға тренер ретінде қатысып, журналистерге қажет болады-ау деген ең соңғы мысалдарды, сотта қаралған, даулы мәтіндерді әбден тісіндіріп баққан адам сияқты едім, алайда бірде-бір фотода, бірде-бір пікірде болмаған соң, бұл басқа семинар шығар деген ойға келдім. Қалай болғанда да, іске сәт.
    Орыс тілінде атым аталып жүр, қазекең не дейді екен деген қияли ой тағы менікі…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі