Журналистика мен медиабизнес


21 Қаңтар 2010 - Бұл мақала 361 рет оқылды, 3 рет бүгін

clip_image0012009 жылдың аяғында «Интерньюс-Украина» медиа саласының дамуын зерттейтін сарапшы Пьет Бэккермен лекция өткізген болатын. Нидерландтан келген кеңесші журналистика мен медиабизнес нарығының дамуына қатысты ойларын ортаға салды. Соларды қарастырайық:
1. Сапалы журналистика түсінікті әрі жұмыс істейтін бизнес-модельді талап етеді.
Қаншалықты қарапайым ереже болып көрінсе де, бұл шындық. Өкінішке орай, Батыс Еуропадағы елдерде мынадай бір үрдіс қалыптасты – миллионерлер мейрамханалар мен фитнесс-клубтарын ашқаннан соң, бір БАҚтың иелері болғысы келеді, содан олар кішірек журнал не газет жасайды. Ал олардың сапасы мен концепциясы көбінде нашар болып келеді.
2. Бүгінгі журналист – жазушы емес.
Қазіргі таңда журналистті көз алдымызға осылай елестетуіміз қажет: басылымның сайтына заметка жазып, мобильді интернет арқылы сандық фотоаппараттан ұжымдық серверге фотографияларды, ал кей кезде youtube-ке видео жүктейтін, автомобильде отырған адам. Егер де сіз осыған дайын болмасаңыз және «жазу» деген қабілетім бар деп есептесеңіз, еуропалық басылымдарда жұмыс іздемей-ақ қойыңыз. Мысалы, Guardian өз блогы жоқ журналистерді жұмысқа алмайтын көрінеді. Фото мен видеоның жоғарғы сапасына қазір қатты көңіл бөлінбейді, ал сандық түсіруге жарты күннің ішінде үйренуге болады. Бүгінде оқиға орнына фотограф, оператор, дизайнер мен контент-менеджерді жіберу – қымбат.
3. Руперт Мердоктікі дұрыс болса, медиабизнес ұтады.
News Corp-тың басшысы: «контент өндірісі қаржыны көп қажет ететіндіктен, ол үшін ақша төлеу керек» – деп жариялады. Көп ретте медиа-нарықтың қатысушылары Мердокке қарсы келетін, ал осы сөзге қарсылық білдіргендер болмады. Алайда, тұтынушы мен шынайы нарыққа бұны қабылдау қиын. Интернеттегілер ақшаны тек керемет қажетті және эксклюзивті контент үшін ғана төйлетіні түсінікті. Wall Street Journal бұл үлгі арқылы жұмыс істей алады, ал The Sun не істемекші? Бүгін әлемнің көп журналистеріне – «сеннен екі бет» деп айтады. Бұл ыңғайсыз үлгі, бірақ бұл шынайы өмір және осыдан арылудың бір жолы – Мердоктың сөзімен келісу. Бүгінде көп «қымбат» адамдар арзан контент жасайды. Бұндай жағдай мейрамханалық бизнесте болатын болса, Мишлен жұлдыздары бар мейрамхананың шеф-аспазшысы күніне қосымша фастфуд үшін үш гамбургер жасаушы еді.
4. Тұтынушылар контенті – бұл күннің батуы мен таңның атуы.
User generated content – бұл бүгінгі басылымдардың арманы. Сайтыңызда осындай мүмкіндік туындап жатса, компания үнемдеу жолына түсті деген сөз. Бұл қазіргі заманда өте өзекті. Пайдаланушылар сайтқа жедел түрде қызықты жаңалықтар мен оқиға орнынан жасалған репортаждарды, фотографияларды жүктесе ғой деп армандайтындар көп. Бірақ жаңалықтық фотографиялардың орнына біз күннің бауты мен таңның атуы бар суреттерді көреміз. Тұтынушылар контенті «керемет авторлық фотомды беделді басылымға орнатумен» шектеледі. Журналистика – бұл әуестенушілік емес.
5. Баспасөз ешқайда да жоғалмайды.
Негізінде, медианың жоғалып кетуі – сирек болатын жағдай. Соңғы он жылдың ішінде жоғалып кеткен ақпарат таратушы көз – бұл телеграф, оның өзінде, ол БАҚ емес. Онлайн-басылымдар баспасөзді ығыстырып жібереді деген әңгіме нарықта радио, сосын ТВ, кейін DVD пайда болған кездегі болжамдарға ұқсас. Алайда, концерт, кинотеатр, радионың өзі ешқайда да жоғалып кеткен емес. Баспасөз де жоғалмайды. Оның нарығы тек өзгеріске ұшырайды.
Жалғасы бар

Бір пікір - “Журналистика мен медиабизнес”

Trackbacks

  1. Мінбер.kz » Журналистика мен медиабизнес (жалғасы)

Пікір жазу