“Мінбер”: мемлекетқұраушы ұлтпен санаспауға болмайтындығын сезіне бастады

3586 рет қаралды

Желтоқсан айының 12-сінде Алматы қаласында, Қаз жол қонақ үйінің «Самұрық» конференц залында Халықаралық Соғыс және бейбітшілік репортаждар институты мен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақтілді БАҚ бүгінгі хал ахуалы» атты бір күндік семинар өтеді.

Семинардың мақсаты – жаһандану жағдайындағы қазақ ақпаратының бүгінгі хал ахуалы жайында пікір алмасу, келесі жылдың басында өтуі тиіс Қазақтілді ақпарат құралдарының тұңғыш халықаралық форумында талқыға түсер мәселелер төңірегінде ой қозғау және бүгінгі қазақ баспасөзінің толғақты мәселелерін сөз ету.

Қазақстанда қазақтілді ақпарат құралдарынан гөрі, орыстілді ақпараттың жетекші рөл атқарып отырғаны жасырын емес. Бүгінде елімізде жарық көретін мерзімді басылымдардың 80%-ы орыс тілінде ақпарат таратады. Радио-теле эфирлердің прайм-таймының 80%-ын тағы да орыстілді ақпарат иеленеді. Әрине, қазақтілді БАҚ-тың бұл пүшайман халіне өз елінде өгейдің күйін кешіп отырған қазақ тілінің төрге оза алмай отыруы – басты себеп.

Бұл ретте әлеуметтанушылар билікке белгілі бір ұлт тарапынан әлеуметтік қысым жоғары болғанда, билік олармен санасуға мәжбүр болады деген ой айтады. Соңғы бір-екі ай көлемінде қазақ билікке өзінің саяси талабын қоя бастады. Билік елдегі мемлекетқұраушы ұлтпен санаспауға болмайтындығын сезіне бастады.

Сол себепті біз қазақтілді ақпарат құралдарының өкілдері күні бүгінге дейін қордаланып қалған ойларымызды талқыға салып, өзара пікіралмасып, қоғам дамуынан кенже қалып отырған ұлттық баспасөзді дамыту мәселелерін талқыға салуды жөн көріп отырмыз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі