Журналистика мен медиабизнес (жалғасы)


24 Қаңтар 2010 - Бұл мақала 345 рет оқылды, 2 рет бүгін

Басы

88179455_c6825a24db

6. Интернетте арзан емес және бәрі басқаша

Бүгінде көп басылымдар онлайн-форматқа көшуге асығады, себебі оффлайнға қарағанда, мұнда арзандау. Логикалық тұрғыдан қарағанда, бәрі түсінікті, алайда, олардың «арзан» дегендері шындыққа сәйкес келмейді. Иә, онда логистика, полиграфия және басқа да оффлайндық нәрселер жоқ, бірақ – білесіз бе, пікірлермен жұмыс секілді «ұсақ-түйектер» көп шығынды қажет етеді. Танымал сайтта тәулігіне 10-12 мың пікірді модерациядан өткізу үшін қаншама адам қажет. Әйтпесе сайтыңыз қоқым жәшігіне айналады. Мысалдар келтіретін болсақ, олар аз емес. Сонымен қатар, интернеттегі аудиториямен жұмыс жасау да, ақша табу да қиын. Орта есеппен санағанда, интернеттегі оқырман онлайн-газетке күнде емес, айына бірнеше рет қана кіреді және бірнеше заметкаларды оқып, шығып кетеді. Барлық онлайн  еуропалық газет сайттарының АЙЛЫҚ аудиториясы осы газеттің оффлайндық нұсқасының КҮНДІЗГІ аудиториясынан аз.

7. Штатты үлкейтуге болмайды

Көбінде, бастапқы қаржы пайда болған кезде жобалар «есейіп», дизайнер, программист, журналист, кеңесші, фотограф, видео-монтаж бөлімі, «басшылық» пен басқа қажет мамандарды жалдап алады. Бұның бәрі, әрине, жақсы, бірақ бұл медиабизнеске мүлдем ұқсамайды. Егер де сіз күшті, ақша табатын медиажоба жасағаңыз келсе, 10 журналист жалдап алып, жұмыс жасай беріңіз. Әрине, осы «қағидаға» бағынбайтын жағдайлар да болады, бірақ өзіңізді осы бағынбайтын жағдайға жатқызбаңыз. Оған жеткенде, өзіңіз-ақ бәрін түсінесіз.

8. Онлайндағы жарнаманың табысына қатты сенбеңіз

Сайтқа бірнеше баннер іліп, содан ақша табамын деген уақыт өтті. Тәжірибе жасап көріңіз, ойланыңыз және ақша табудың жаңа жолдарын іздеңіз – үздік жарияланымдардың топтмасын шығарып, серіктестік дүкендерді ашыңыз, түрлі шаралар өткізіп, делдал болыңыз т.с.с. Сауда жасамаймын және осы бағытта ойланбаймын да, менің ісім – мақала жазу деп айтатын тәкаппар журналистердің жақында жұмыссыз қалатын түрлері бар. Руперт Мердоктікі дұрыс болып шықса да, ол ертең-ақ болатын жағдай емес, ал біздің тірлігіміз бүгінгі күнге тіреледі.

9. Бүгінгі журналист өте ақылды болуы тиіс

Егер де RSS-ті қолданбасаңыз, Google Alerts арқылы қажет компаниялар, нарық пен сегменттерді қарамасаңыз, twitter сарапшыларын оқымасаңыз – дәл қазір осыған кірісіңіз. Келіспесеңіз, біздің айтарымыз баяғы сол – басқа жұмыс іздеңіз не бәсекеге қабілеті жоқ маман болып қала бересіз. Журналистика мен медиабизнес бүгінгі таңда айтарлықтай өзгеріске ұшырауда. 15 жыл бұрын журналистер, орташа есеппен, 30 пайызға аз жұмыс істеген. Уақыт машинасын ойлап шығаруға немесе шеруге шығуға да болады. Осыны ойлап отырғанша, ұжымдық блогқа жазба жариялап қойыңыз.

10. Журналистика – бұл күшті мамандық

Дағдарыс пен нарықтың масштабты өзгерістері және мамандықтың жаңа қыр-сырларына қарамастан.

Пікір жазу