Қазақ мерзімді баспасөзі


29 Қаңтар 2010 - Бұл мақала 579 рет оқылды, 1 рет бүгін

400px-UnderwoodKeyboardҚазақ журналистикасының тарихы алғаш қазақ тіліндегі басылымдармен тікелей байланысты, әр басылымның өзіндік тарихы, өзіндік тағдыры бар.

Профессор Кенжебаевтің еңбегінде келтірілген деректерде 1688 жылы мен 1928 жылдар арасында қазақ даласында 65 шамалы газеттер мен журналдар шығып тұрғандығыннан хабар болуға болады.

Қазақ мерзімді баспасөзінің алғашқылары «Дала уалаяты» мен «Түркістан уалаяты» болса, Ресейде болған төңкеріс дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші бір үлкен шоғыры дүниеге келді. Олар: «Серке»(1907ж.), «Қазақ газеті»(1907 ж.), «Қазақстан» (1911 ж.) т.б. Бұлардан кейін «Қазақ» (1913-1918 жж.), «Алаш» (1916-1917 жж.), «Бірлік туы»(1917ж.) және «Тіршілік»(1917ж.) басылымдары елдегі жаңалықтармен қоса орыс классиктері, зерттеуші ғалымдары, саяхатшылары, атақты адамдар жөнінде жазылған материалдармен солардың шығармаларынан үзінділер жариялап тұрды. Сондықтан да бұл басылымдар қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарасын кеңейтіп, прогрессивтік, ағартушылық, бағытта қызмет атқарғанын анық байқауға болады.

«Тіршілік» газеті
ХХ ғасырдың басындағы қазақ басылымдарының төл басыларының бірі – «Тіршіліктен» бастау алған Ақмола облыстық «Арқа ажары газеті» 85 жылдан астам уақыттан бері ел өңірінің жаршысы, өңір тынысының айнасы болып келеді. Осы аумалы-төкпелі заман көшінде ол халықтың, бұқара көпшіліктің мұңы мен мүддесін қорғап, ой-тілегін айтудан айнымаған басылым.
Сонау ғасыр басында ақмола топырағында «Тіршілік» атты тұңғыш саны жарық көрген үнпарақ ол кезде бүкіл Сарыарқа даласының дабылшысы болса, бұл күнде егемендікті үндеген «Арқа ажары» болып ғасырмен жарыса бірге жасасып келеді.
Ғасырға пара-пар тарихи шежіресін аймағымыздың өлкетанушысы К. Әмірқызы өз еңбегінде : «Ақмола облысының селдіреп қалған байырғы тұрғындары бауыр басқан облыстық «Арқа ажары» газетінің ана тілімізден айырылып қала жаздаған жылдары оның бірден-бір тірегі болғаны әлі есімізде». Арқа өңірі ана тілімен бірге ұлттық әдет-ғұрыптан ада бола бастағанда халыққа тағы да жол көрсеткен осы басылым еді», – дейді. Дерек көздеріне сүйенсек, Ақмола ояз, губерния, округ, облыс, тың игеру өлкесі болып тұрған жылдарда аймақта қазақ тілінде екі-үш аудандық газеттер шығып тұрған. Бір кездері «Егіншілік» деп аталған Ерейментау ауданында 1935 жылдан ғана бастап «Прогресс» газеті, кейін 1962 жылы «Еңбек туы» болып өзгеріп басылатын болған. Келесі біреуі аз ғана уақыт Державин Баранкөл ауданы атанып тұрғанда Қазақстан коммунистік партиясы аудандық комитеті мен аудандық Кеңесінің «Социалистік құрылыс» атты газеті. Үшіншісі басқа ұлт өкілдері жоқ Қорғалжын ауданында 1934 жылдан бастап «Шамшырақ нұры», 1959 жылдан «Сталин туы» кейін 1962 жылға дейін «Лениндік жол» атауымен қазақ тілінде газет шығып тұрғаны белгілі. Осы басылымдардан басқа Ақмоланың жекелеген аудандарда тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары ғана ана тіліндегі басылымдар жұмыс істей бастаған.

жалғасы бар

4 пікір - “Қазақ мерзімді баспасөзі”

  1. Ар

    Жақсы, бірақ авторы кім екен?

  2. Әлия

    өкінішке орай, авторларын нақты атай алмаймын, себебі бұл қазақ журналистикасының тарихына байланысты бұрыннан жинап жүрген ақпараттарым (қолжазба/ксерокс көшірмелер)

  3. Мәншүк

    Зерттеуің жақсы екен. Жалғасын табады деп сенемін.

Trackbacks

  1. Мінбер.kz » Қазақ мерзімді баспасөзі (жалғасы)

Пікір жазу