Қазақ хандығына – 555 жыл


4 Ақпан 2010 - Бұл мақала 427 рет оқылды, 1 рет бүгін

картаҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұқтар Құл-Мұхаммед мырзаның назарына

Керей мен Жәнiбек хандардың еңселi ескерткiшiн Шу өңiрiне жiберiңiз. Тарихи деректерге сүйенсек, Керей мен Жәнiбек сұлтандар Әбiлхайыр билiгiнен бас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен түп көтерiле көшiп, Қозыбасы дейтiн байтақ қоныс пен Шу өзенiнiң бойында дербес хандықтың туын көтередi. Мiне, содан берi 555 жылдан аса уақыт өтiптi. Еркiндiк пен бостандықты аңсаған Керей мен Жәнiбектiң жаңа бiр ұлыстың дербестiгiн жариялауы Жамбыл облысының, сондай-ақ Шу ауданының ел-жұртын әрдайым толғандырып келедi. Елiмiз егемендiк алғаннан кейiн бiз бұл тарихи оқиғаға азаматтық ар-ожданымызбен, патриоттық парасатымызбен шын ықылас бiлдiретiнiмiздi ашық, әрi атап айтқанды жөн көрдiк. Соның жарқын бiр айғағы, 2010 жылдың күзiнде Қазақ хандығының Шу өңiрiнде құрылғанына 555 жыл толуын айрықша атап өтудi жоспарлап отырмыз. Осы мәдени шараның аясында Керей мен Жәнiбек хандардың еңселi ескерткiшiн тұрғызу да көзделген. Бiрақ, қаржы тапшылығынан ескерткiштi пайдалануға беру мерзiмi ұзарып кете ме деген күдiгiмiз бар.
Құрметтi министр мырза! Сiзге айтар тiлегiмiз мынадай: Керей мен Жәнiбек хандардың жаңадан жасалынған, бiрақ Астана қаласына қойылмаған ескерткiшiнiң киелi Шу өңiрiне орнатылуына көмек көрсетуiңiздi, тұрғылықты халықтың талап-тiлегiн ескеруiңiздi сұраймыз.

С.Зәуiрбеков, Шу аудандық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы,
Қ.Қорғабаев, Шу қалалық соғыс және еңбек ардагерлерi кеңесiнiң төрағасы,
А.Қосақов, Шу аудандық «Шу өңiрi» газетiнiң редакторы,
М.Уақтегi, Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбеков атындағы қордың төрағасы және тағы басқалар,

Төле би ауылы,
Шу ауданы,
Жамбыл облысы.
Жас Алаш №10 (15468) 4 ақпан, бейсенбі 2010

2 пікір - “Қазақ хандығына – 555 жыл”

  1. Ту

    Ілікке де жарамай қалған ескерткіш сымақтарды не қылайын деп едіңдер! 555 деген сан қайдан шыққан?

  2. Гастарбайтер

    Ту-мырзамен келісем. Мен Қазақ хандығында туған жоқпын, Және қазақ хандығы қазір жоқ!
    Өлі мемлекеттің жыл санағы хандықпен бірге құрыған. Қазақстанда тұрып жатырмыз!

Пікір жазу