Эндрю Маррдың «Менің кәсібім» (Andrew Marr. My Trade) атты кітабынан алынған үзінді журналистика әлемінде жаңалық түсінігін мейліше ашып береді. Марр (суретте) Би-би-сидің саяси редакторы, The Independent газетін басқарып, The Economist журналында, The Scotsman газетінде қызмет атқарды, қазір өз шоуының жүргізушісі. Британияның беделді журналисі болып саналады, әрі өзінің “Andrew Marr’s History of Modern Britain” кітабымен танымал.
Журналистерге жаңалықтың не екенін оқытпайды. Біз көшіру арқылы үйренеміз. Біз газетте кешегі немесе өткен аптада жаңалық болғандарға қараймыз. Осылайша, мысалы, паркте баланы ит қапқаны жайында не қорқынышты вирустар туралы керемет хикаялардан кейін оларға ұқсас мақалалар топтамасы туады. Журналистер иттер мен вирустар туралы ақпараттың үзінділеріне аса зейінмен қарап, соларға ұқсатып, редактор мен оқырман ондай ақпараттан жалықпағанша, жаза береді. Әр түрлі журналистер әр түрлі оқиғаларға «жабысады», ал әр түрлі баспасөздің басшысы «сүйікті» хикаяға ие. Осыны басқа журналистер жаттап алып, жалғастырады. Осылайша, Hull Daily News газетінің тілшілері «өзінің» хикаяларын, ал Би-би-си мен Франс-суар – «өзіңдікін» жариялайды. Көп ретте біз жаңалыққа сараптама жасамаймыз. Бізде жаңалыққа деген «сезгіштік» қасиет бар деп айтамыз. Мыңдаған редакторлар: терең қазамын десеңіздер, осы жұмысқа лайық емессіздер, – деп айтатын. Жақсы тілшінің өзі жаңалық сөзіне анықтама бере алмас.
Жаңалық – салыстырмалы түрде жақында пайда болған өнім. Оны жасайды, көшіреді және екі жүз жыл бойы келе жатқан дәстүр бойынша жеткізеді. Барлық тілшілер дерлік жаңалықтың түр-сипатын уақыт өте келе сезе бастайды, бірақ бұл генетикалық деңгейде болмайды. Адамдар білімқұмар немесе алаңғасар болуы мүмкін, ал «туа біткен журналистер» болмайды.
Соған қарамастан, журналистиканың пәрмені арқасында оқиға мақалаға айналып, ерекше ынталандыруға ие болады. Қай мақаланы алғаш бетке қою керектігін немесе телевидениедегі жаңалықтық бюллетеньнің арасына қай сюжетті қою керектігін қалай анықтаймыз? Және осылар тура сол жерде орналасу үшін қалай жазамыз, қалай редакциялаймыз? Сыртқы Істер министрінің ремаркасында «тарих» бар ма? Басты бетке танымалдылық деңгейі орташа екі адамның құшақтасып тұрған ескірген фотосы жариялануы қажет пе? Мүмкін оны газет ортасындағы беттерге жариялау қажет? Әлде мүлдем жарияламау қажет? Егер де бір журналист осы сұрақтарға әрқашан да жауап беруге дайын немесе осы жаңалықтардың кез келгенімен не істеу қажет екенін білсе, бұл адам міндетті түрде өтірікші болмауы да мүмкін. Ол нашар маман.
Осылайша, журналистер айтулы емес оқиғалар жайында жазған кезде әдейі осы хабарды жаңалыққа ұқсататын сөздерді пайдаланып жазуды үйренеді. Біз, аз болса да, назар аудартатын нәрселерді тауып алуға тырысамыз. Бұл түнерген алхимия – қайдағы жоқ сілімтіктердің сотталуын немесе саяси қозғалыстарды жаңалыққа айналдыртып, аз уақытқа оқырманның не тыңдарманның көңілін аударту. Осындай алхимиялық әрекеттерді жасау үшін журналистер шынайы өмірге жаңа форма дарытып, ұсақ-түйектен арылтып, оқиғаны оңайлатып, ауыз-екі тілдің сапасын «жақсартып», кейде сюжетке шынайылықты қосу үшін цитаталарды ойдан шығарады. Бұл тек қана журналистердің жұмысы емес. Адамдардың көбісі санадан тыс тура солай жасайды. Біз өсектің үзіндісін естіп қаламыз да, оны қайта әңгімелеп береміз. Әңгімені қызықты қылдыру үшін өзімізге релевантты емес көрінген жерлерін жоқ қылып, ең қызықтысын алдыңғы орынға шығарамыз. Өзіміздің дос-туыстарымызбен шын мәнісінде болған оқиғаларды аяқталған эпизодтарға, қаһармандық немесе қайғылы жағдайларға айналдырамыз. Сонымен қатар, күнделікті өмірді «хикая» топтамасы етіп қылдырамыз. Ғалымдар мидың сипаттамасын жасаған кезде хикаяларды ойдан шығару мен әңгімелеудің жолдарын және облыстарын да тауып алады. Олар сөйлеу мен грамматикамен тығыз байланысты болады: адамға әңгімелеуге итермелейтін импульс өте маңызды. Ал журналистика – өсектің индустриялануы.
Пікір жазу