Негізгі бет » Қажығұмар Шабданұлы

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” VI-том

Қажығұмар 2_副本

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Майдан орталығындағы кісеннен мен құтылып қайтып келгенде, қылмыстан ашығып су қоймасы жатыпты. Қалған-қатқан бірер шайнам бірдемең бар ма дегендей шиқ-шиқ етеді. Қарауындағы шынсыңдардың[1] үйтілетін бастарын үйітіп, шағылатын қол-аяқтарын шағып болған Саучыңсаудың өзін қылмыс жұтып әкеткен соң, Қылқара жендеттің мойыны тіпті қылқиып, кеңірдегі ғана қалыпты. Саяси нұсқаушы болып жаңа [...]

10:43 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” V-том

Қажығұмар

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! «Жекеге табынуға қарсы науқанның» аяқталмай қалғандығы жөнінде қытай зиялылары арасында талас-тартыс қозғала берді. Жекеге табынуға ғана емес, табындырушыға қарсы аттанғандықтан Хупыңның өзіне қарсы науқан жүргізілген ғой. Оның өзіне төнген қаһарлы тауқыметтің қорқынышы алдыңғы науқанды ұмыттыра алмады. «Бізде табындырушы жоқ па?», «Хупың компартия басшыларына жала жапты ма?». «Біздің елде [...]

09:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” IV-том

Қажығұмар

Қытай халық азаттық армиясы лек-легімен келіп жатты. Ұлттық (Шынжаңдағы жерлік) армияның тарайтыны тарап, тарамайтындары Үрімжі жаққа орын ауыстыруда. Келіп жатқан армиямыз, тарай кетіп жатқан ұлттық армиямыздан да мейірімділеу іспетті. Қараған көзге мылтық стволдары мен штиктері де қатты металдан жасалмағандай, жұп-жұмсақ, жып-жылы көрінеді. Топырақ өңдесі күлгінсары киімдерінде жарқырауық жез түгіл қайыс та жоқ, түп-түгел шүберек. Шүберек [...]

09:09 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” ІІІ-том

1298604005-480

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Қылт етпе бір тұмсықтан шыға келіп едік, шағын ғана тоғай арасында бірнеше шөп күрке тұр екен. Семіз қойдың етін боршалап тұздап, қара ағаш бұтақтарына асып жүрген сары шал бізге бажырая қарап тұрып қалды. Кеуделерінде Жяң Кайшының басы бар, келте киімді екі жігітті көргенде «Мыңгүй» дәл үстінен түскендей көрінді [...]

09:10 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басқа басылымнан,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” ІІ-том

Қажығұмар

Құдыретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Алғашқы маусымдық, жарым жылдық сынаулар алынып өткен кезде, әсіресе гоминдандық мұғалімдер келіп, өтірік күлкіге жари бастаған кезімізде өз арамыздағы алалық та асқындай түсті. Әр жерден келген сабақтастар білім, сауат, сана жағынан недәуір парықты еді. Бәсекелестік, күншілдік қоздырған бұл жәйтті Гоминдандық тәрбиешілеріміз немқұрайды күлкісімен әдейі шектеусіз, тізгінсіз қоя берді. [...]

11:25 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Қажығұмар Шабданұлы. “Қылмыс” I-том

Қажығұмар Шабданұлы – бұл есім қазақ әдебиетінде де, ұлтын сүйгіш әрбір азаматтың көкірегінде де зілмауыр сағыныш арқалаған жанды көз алдыға елестететіндей дәрежеде үлкен салмақпен еске алына бермек. Оның тағдыры мен көрген азабы жайлы, жүрегінің түбінен қайнап шығып шор болып қатып қалған шемендей аңсауы жайлы аз айтылып, аз жызылған жоқ. Ұрпақтың ендігі парызы – марқұмның аруағына [...]

14:44 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Айдарлар

Соңғы пікірлер

  • Дана: Жаман әдет мұсылманшылыққа жат Білімді болуда, кітапты көп оқуда ғылым-білімі, мәдениеті дамыған өзге ұлт...
  • Дана: Интернет арқылы іздеп көр! Мүмкін, табылып қалар. Немесе Жағда Бабалық атамыздың кітабында да бар. Ұшына от...
  • Арайлым: Біз жаспыз, көп нәрсенің байыбына барып ойлана бермейміз. Агенттің зиян екенін біле тұра, одан бас алмаймыз....
  • Елдос: Қазақ пен жапон арасындағы мәдениет мәселесін Күлдан шешпейді. Бірақ, бұл сөз қай жерде, қандай жағдайда...
  • Алаш: Ия не кереги бар бул ТЕКСИЗ жобанын.Мадениеттен журдай адамдарды когилдир экранга шыгарып демеушилик жасаудын...

Газет оқырманы қайда?

Хат жазғыңыз келсе

wordpress visitor counter

0
Unique
Visitors
Powered By Google Analytics