
Бұл кітапқа қаламгер Мәлік Отарбаевтың қоғам, заман, тағдыр туралы ой-толғаулары топтастырылған. Әдеби-философиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан ақыл-санаға шуақ түсіретін қысқа толғамдар – оқырманнан ылайықты бағасын алып жүрген дүниелер. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, өмірлік құндылықтар, асыл сезім, көркем мінез қалыптас тыру тақырыптарындағы мәнді ой-көзқарастар қызықты жазылған, тартымды оқылады. Терең ойларға бастайды. Кітаптың ерекшелігі – рухани әлемімізді байытып, Ақиқатты тануға жетелейтіндігі. Кітап жалпы оқырман қауымға арналады.
10:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы | Толығырақ »

«Ләтипа лүпілі» деп аталатын бұл өлеңдер жинағындағы жырлар бірыңғай имандылықты ту еткен, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат негізінде өрбиді. Ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқан мінәжат жырларына еркін бері ліп, Ләтипа жүрек лүпілін сездірген ақынның жазғандары мұсылмандықтың құлшылық амалы деуге тұрарлық. Ой бөліктерінің арасына ақынның шығарма шылығы туралы әртүрлі басылым беттерінде жарық көрген мақалалардан үзінділер келтірілді. Кітап жалпы оқырмандарға арналады.
17:18 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы | Толығырақ »

Кітаптар тарихы адамзат пайда болғаннан басталады. Ең алғаш тасқа қашалып жазыла бастаса, екі мың жыл өткеннен кейін қағаз дүниеге басылып, адам санасының өскенін, дамығандығын дәлелдей түсті. Әлемде кітап көп. Санына жету қиын болар сірә. Дегенмен әлемге әйгілі болған, атынан бренд жасап алған Google Books ұжымы 2010 жылы әлемдегі кітаптар санын анықтамаққа бел буыпты. Google Books [...]
17:40 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Таным | Толығырақ »

Әлиманың қарапайым әрі жайлы үйі мен аулада жайқалып өскен ағаштары көктемнің сол бір шуақты күнінде наздана ағып жатқан Жайыққа бас шұлғып тұрды. Атқан таң – шыққан күннің жаңадан түскен жарығында күміс жамбыдай жарқырап ақты өзен. Табиғаттың тұлымшақты қыздай түртінектеп ойнаған осы бір тылсым мезгілінде Әлиманың шаңырағына бір әйел қонақ болып келді. Қонақ әйел келген күннен [...]
15:39 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы | Толығырақ »

Қоржынымызға ақын Дәулеткерей Кәпұлының «Бүлдірген ағып түскенше…» атты өлеңдер жинағы түсті. Жыр сүйер қауым тапшы таралымды (1000 дана) тауып оқыр. Ал біз ақын Әбдікәкімұлы Тыныштықбектің бұл кітаптың қолжазбасын оқып түйген пікірін ұсынып отырмыз. Қолында – қара домбырасы, бөркінің төбесінде үкісі бар (маған солай елестеуші еді) бала Дәулеткерейді баяғыда әрәдік жалт-жұлт көріп қалып жүретінмін. Апталар ұшып, [...]
09:01 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы | Толығырақ »

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Майдан орталығындағы кісеннен мен құтылып қайтып келгенде, қылмыстан ашығып су қоймасы жатыпты. Қалған-қатқан бірер шайнам бірдемең бар ма дегендей шиқ-шиқ етеді. Қарауындағы шынсыңдардың[1] үйтілетін бастарын үйітіп, шағылатын қол-аяқтарын шағып болған Саучыңсаудың өзін қылмыс жұтып әкеткен соң, Қылқара жендеттің мойыны тіпті қылқиып, кеңірдегі ғана қалыпты. Саяси нұсқаушы болып жаңа [...]
10:43 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Жақында Астана: «Мастер ПО» ЖШС баспасынан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Мерей Шәріпханұлы жинақтап-құрастырған «Қазақтың мақал-мәтелдерінің» 3 томдығы жарық көрді. Аталмыш топтама автордың ұзақ уақыттық тынымсыз еңбегінің ащы жемісі. Кітап ішкі-сыртқы алфавиттік тәртіппен ерекшеленеді, іздеуге оңтайлы, қамтыған қоры да біршама мол. Әрі мәндес немесе қарсы мәндес мақал-мәтелдер бір жерге топтастырылған. Мұнда 40 мыңнан [...]
09:06 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана | Толығырақ »

«Ақшам гүліне» ақ жол тілек Ақындық дарын – Тәңірінің берген өнері, талант – табиғат сыйы, талпыныс, ізденіс – «Алла ерекше жаратқан азаматтың» еншісіндегі ізгі арман мен мұраттың қанат қағуы, шеберлікті шыңдаудың жолы. Дарынның даралануы, таланттың толысуы үшін шымырқанған шабыт керек. Шамырқанбаған шабытсыз өлеңнің әсері электр шамындай қанша жарқырап тұрғанмен, жаныңа сәуле құйып, жылыта алмайды. [...]
09:17 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы | Толығырақ »

Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! «Жекеге табынуға қарсы науқанның» аяқталмай қалғандығы жөнінде қытай зиялылары арасында талас-тартыс қозғала берді. Жекеге табынуға ғана емес, табындырушыға қарсы аттанғандықтан Хупыңның өзіне қарсы науқан жүргізілген ғой. Оның өзіне төнген қаһарлы тауқыметтің қорқынышы алдыңғы науқанды ұмыттыра алмады. «Бізде табындырушы жоқ па?», «Хупың компартия басшыларына жала жапты ма?». «Біздің елде [...]
09:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »

Қытай халық азаттық армиясы лек-легімен келіп жатты. Ұлттық (Шынжаңдағы жерлік) армияның тарайтыны тарап, тарамайтындары Үрімжі жаққа орын ауыстыруда. Келіп жатқан армиямыз, тарай кетіп жатқан ұлттық армиямыздан да мейірімділеу іспетті. Қараған көзге мылтық стволдары мен штиктері де қатты металдан жасалмағандай, жұп-жұмсақ, жып-жылы көрінеді. Топырақ өңдесі күлгінсары киімдерінде жарқырауық жез түгіл қайыс та жоқ, түп-түгел шүберек. Шүберек [...]
09:09 | Жазба айдары: Ақын-жазушы,Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Кітапхана,Сөздің патшасы,Қажығұмар Шабданұлы | Толығырақ »