
Уа, Алаш, әлем аспанын бұл күндері Абай есімі, Абай рухы шарлап жүр. Мәскеуден шарықтап шыққан оның рухы жер жүзінің адамзат баласының жан дүниесін өзінің рухымен нұрландырып, бүкіл ақпарат құралдарын, ғаламтор кеңістіктерін жаулап алды. Бұл күндері жер де, көк те Абай деп жаңғырығуда. Ақынның ақыны, Мағжан айтқандай мың жыл жүрсе бір сөзінің дәмі кетпес, әлемнің құлағынан [...]
14:46 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух | Толығырақ »

Мамырдың 7-і Отан қорғаушылар күні Бауыржан Момышұлы: Тәртіпке бас иген ел құл болмайды, тәртіпсіз ел ел болмайды; Ел үшін аянба ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба жігіттігіңе сын; Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік жүріп өлген артық; Жиырма жас тарихи ерліктер жасайтын жас; Мәншүк Мәметова: Менің ішкенім өзгеше дәмді су. Оралдың суы; Мен қазақ қызымын. Мария, [...]
10:50 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух | Толығырақ »

Дарабоз Мұстафа Өзтүрік туралы деректі фильм. “Оның Таеквондо спортын үйренуіне Дәлелхан Жаналтай 1975 жылы Тайванға оқуға жіберіп себепші болды” дейді бейне баянды қосушы Түркиядағы Мимар Синан атындағы университеттің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап ҚАРА. Сурет: kk.wikipedia.org
17:22 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух | Толығырақ »

Сәуірдің 2-ші жұлдызы – Халықаралық балалар кітабы күні. Осыған байланысты Қазақстан Жазушылар Одағы және «Қазақмыс Тобы» бірлесіп, мектеп жасына дейінгі балалардың әдеби шығармаларына «Балауса» атты бәйге жариялады. Бәйгенің мақсаты-қазақтың қаршадай балаларына туған жеріне, еліне деген махаббатын ояту, ұлттық тәрбие мен тәлімді бойларына сіңдіріп, заманауи балаларға арналған әдеби туындылардың өмірге келуіне ықпал ету. Ғалым Жайлыбай, Қазақстан [...]
00:56 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух | Толығырақ »

“ӨЗ ҚОЛЫҢНАН КЕТКЕН СОҢ ЕНДІ ӨЗ ЕРКІҢ…” (Абай және рухани бостандық мәселесі) Адамзаттың тарихы – Рухани Бостандықтың тарихы. Әлмисақтан бері ақыл иесінің Сыртқы Дүниенің, Ішкі Әлемнің, Қоршаған Ортаның өктемдігіне қарсы күресі еш толастаған емес. Дін де, Мемлекет те, Қоғамдық құрылымдар да оның “жан бостандығына” (Абай) ұмтылған құштарлығын қанағаттандырмаған. Өктемдіктің жолы күшейіп, оның [...]
09:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Қоғам | Толығырақ »

ҚР Әділет министрлігінің назарына! Тектілік пен тексіздік немесе тағы да аты-жөнімізді қалай жазу жайында Ғасырлар бойы бодандықтың қамытын киген қазақтың маңдайына отаршылдықтың тепкісі қатты тигені соншалық, әлі күнге дейін есеңгіреп, есімізді жия алмай жүрген сияқтымыз. Соның бір дәлелі – аты-жөндерінің дұрыс жазылуына мән бермеуі. Бірен-саран қазақтан басқасының бәрі дерлік баяғы орыстың фамилиясында жүр. Тіпті [...]
09:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Қоғам | Толығырақ »

11- 12-ші ақпан күндері Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында «Қонаевтай ер қайда» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті. Қазақ даласының түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған 18 саңлақ ақын халық алдында жеребе тарту арқылы өз жұптарын анықтады. «Қол бастаудан, сөз бастау қиын» демекші, ақындардың алғашқы жұбы Мейірбек Сұлтанхан мен Айнұр Тұрсынбаеваға бұйырды. Салған жерден салмақты ой айта білген [...]
09:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Қоғам | Толығырақ »

Ақпанның 17-сі күні «Дегдар» қоғамдық қоры, «Қатерлі ісікпен күресейік» Қайырымдылық Қоры және Fashion Media Group Компаниясы кино әлемінің көшбасшысы ретінде танылған «Eurasia Film Production» мен «Universal Music Russia» кинокомпаниялары ынтымақтаса отырып, Тәуелсіздіктің 20 – жылдығына арналған, Қазақстанның опера әншісі – Дариға Назарбаеваның қатысуымен түсірілген «Менің жұлдызым» атты музыкалық-деректі кинофильмін ұсынды. Бұл әлеуметтік-қоғамдық жоба қазақстандық онкологиялық [...]
09:00 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Қоғам | Толығырақ »

Қаңтар айының басында Қытайдағы қазақ студенттер арасында ақындар айтысы болып өтті. Айтысқа қатысқан 32 ақыннан сараланып шыққан 13 айтыскер үш номинация бойынша марапатталды. Бас жүлдені Анар Бәделханқызы атты қарындасымыз жеңіп алған. Бұл жолғы ақындар айтысын ҚХР Іле Педагогикалық Институтының айтысты оқыту мен зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Аталған дүбірлі шараның өткізілуіне айтыстың «Дүниежүзілік бекзаттық мәдени мұралардың өкілдік туындысы» қатарына [...]
23:16 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Қоғам | Толығырақ »

Бүгін. Таңмен таласа оянып, төл құрдасымды мерекемен құттықтамаққа сағат ондар шамасында Тәуелсіздік монументі орналасқан алаңға келдім. Қалай дегенмен 20 жылдық болғандықтан осы жылғы атап өтуіміз ауқымды, өзгеше болама деген үмітім небары әр түрлі ұйымдардан жиналған, оның өзі міндеттеумен ұйқыларын қиып келген алпыстай адамның шоғырын көргенде желге ұшты. Тура 10-да «Мерекелік миттингіміз ашық, гүл қою рәсімін [...]
17:45 | Жазба айдары: Басты жаңалықтар,Жаңалықтар,Рух,Қоғам | Толығырақ »