«Қара жорғаның» айбыны асты

5981 рет қаралды
1

Жақында Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай аймағының Шіңгіл ауданында қазақтың халық биі «Қара жорғаны» бір жолда 10300 адам билеп, Гиннестер кітабына жазылды. Билеушілердің 70-80 пайызы қазақтар, қалғандары – моңғол, ұйғыр және дүңген ұлтының өкілдері болған.

«Қара жорға» биі Қазақстанға тарай бастағалы көп уақыт болған жоқ. Айналасы 3-4 жыл болды. Ең алғаш Қазақстан жұртын көзайым қылған – Арыстан қажы Шәдет ұлы еді.

Арыстан аға Қазақстанға Германиядан 1995 жылы қоныс аударғанын айтады. Ал, «Қара жорғаны» ең алғаш ресми сахналарға 1999 жылы алып шыққан екен. Содан бергі он жыл ішінде ұлттық рухымызды еселейтін бұл биге билеушілердің саны жыл сайын артып келеді.

Арыстан Тосын «Қара жорғаны» өз әкесі Шәдеттен үйренгенін айтады.
– Сол кезде біздің үй Гансу өлкесінде отырушы еді. «Қара жорға», «Майдажал», «Телқоңыр» және «Аю биі» дегендерді үйретті. Солардан есімде қалғаны да, жаныма жақыны да осы – «Қаражорға» дейді Арекең.

Бүгінде Арыстан қажының қос бүлдіршіні Қажымұқан мен Айтжан бұл биді бірге билейді. Қажымұқанның арманы – болашақта қазақтың ұлттық ерекшелігін танытатын осы бір бимен халықаралық дәрежедегі сайыстар ашылып, қазақтың рухы паш етіліп жатса.

Ал, миллиард халқы бар Қытайда «Қара жорға» биі ондағы миллиондаған мектептердің дене шынықтыру биіне айналған екен.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар