Қазақстан дүниежүзіндегі ең білімді ел атанды

275 рет қаралды

497777355_c0e9b355bc_mҚазақстан дүниежүзіндегі ең білімді ел атанды. ҚР Білім және ғылым министір Жансейіт Түймебаев осылай деп сүйіншілеуде. Білімді дамыту көрсеткіші бойынша Қазақстан биылғы жылы 125 елді артқа тастап, оқ бойы алға шықты. Тіпті, дамыған деп есептелетін АҚШ, Германия, Италияны да басып озды.

Осыдан екі жыл бұрын біздің ел бұл көрсеткіш бойынша төртінші орында болса, 2008 жылы сегізінші орынға шыққан. Білім беруді дамытудың көрсеткішін жыл сайын ЮНЕСКО елдегі жалпы білімді бағалап жасайды. Бұл орайда ЮНЕСКО жалпы халықтың білім алуға деген мүмкіндігінің бар-жоғына мән береді.
Сонымен қатар ер балалар мен қыз балалардың білім алудағы үлесі, әрі мектепті соңына дейін аяқтағандар саны да есепке алыданы.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұндай жетістікке білім саласында жүргізіліп келген үздіксіз жұмыстар себеп болды дейді.

Мемлекеттен жыл сайын бюджеттен білімге бөлінетін ақшаның көлемі де назарға алынды. Он жылдың ішінде ресми мәліметтер бойынша білім саласына құйылатын қаржы жеті есе ұлғайған. Бұдан басқа қазақ оқушыларының халықаралық олимпиадалардағы жүлделі орындарға ие болуы да көрсеткіштеріміздің жоғары болуына септесті.

Сонымен қатар бәсекелестіктің ғаламдық көрсеткіші бойынша Қазақстан «Оқу орнына қабылданған студенттер саны» жөнінен үздік елу елдің қатарына кіреді екен.

Білім министрі Жансейіт Түймебаев: “Дағдарыс елімізде мектептердің салынуына кедергі келтірген жоқ” дейді. Министрдің сөзіне сенсек, биылғы жылдың соңына дейін 105 мектеп бой көтермек.  Мектептерді салу үшін 30 млрд.қа жуық теңге бөлінген.

Әзірлеген А.Сәрсенбайұлы
Суреттің авторы: Нұргелді Дүйсенов

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Тегін тренингке қатысам десеңіз

Құрметті қарағандылық әріптестер, сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз!