Ресей газеті Түймебаевты жағадан алды

4347 рет қаралды
1

rs
“Российская газета” еліміздегі орыс тілінің жағдайы үшін күресуде. Ресейлік газет Жансейіт Түймебаевқа Астана қаласында бірнеше ыңғайсыз сауалдар қойған екен.

Бұл сауалдардың дені “Қазақстанда орыс тілінің ығыстырылып жатқаны рас па?” дегенге саяды. Мәселен, басылым тілшісі Елена Новоселова: «Қазақстанда орыс мектептернің жабылып жатқаны рас па?» деп сұрапты. Өз сөзінде Білім және Ғылым министрі Жансейіт Түймебаев: «Қасақана мектептер жабылып жатқан жоқ. Өз баласын қандай мектепке беретінін ата-ана өзі шешеді» деп жауап берді. «Российская газета» тілшісі Астанада өткен Азаматтық форумға қатысқан. Бірақ оның мақсаты еліміздегі азаматтық қоғамның дамуы емес, орыс тілінің жағдайы болғанға ұқсайды. Бәрінен де «Российская газета» тілшісінің «Еуропа мен Ресейде қазір әсіре ұлтшыл жастар, басқаша айтқанда скинхэдтер қозғалысы өршіп тұр. Қазақстанда бар ма?» деген сұрағы таң қалдырды.
Қазақстан Ресейге өзінің білімді жастарын оқуға жіберіп жатқаны жасырын емес. Сонымен қатар елдің бюджетінен де бұл жастарды оқыту үшін қыруар қаржы жұмсалуда. Сондықтан арандату пиғылында қойылып отырған мұндай сауалдарға сауатты жауап берген білім министрі Жансейіт Түймебаевқа мүмкін Ресейге дарынды жастарды оқуға жіберу мәселесін тағы бір ойластырған жөн болар дегіміз келеді.

Асхат Еркімбай
Сурет СС рұқсаты негізінде eesti есімді Flickr қолданушысының мұрағатынын алынды

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Есіктен кіріп төр менікі деген ол орыстардың не оттағаны, Қазақ тілі әр уақытта бірінші болады! Келесіде ондай орыс газеттерінің Қазақстандағы жұмыс жүргізу ережесін мемлекеттік тұрғыда қайта қарау қажет.

Берік жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым