//

Mемлекетті діни экстремизмнен қорғау қажет

1 мин. оқу

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев діни ұйымдарға бақылауды күшейту үшін тиісті заңға өзгертулер енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Ол бұны “мемлекетті діни экстремизмнен қорғау қажеттігімен” түсіндірді.
Қазақстан мемлекетті діни экстремизмнен қорғау үшін қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет деп мәлімдеді қыркүйектің 1-і күні ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

– Бұл жолғы сессия барысында парламентке діни қызмет пен діни ұйымдар туралы заңды қарау міндеті тұр. Әңгіме ождан бостандығына тыйым салу туралы емес. Әңгіме мемлекетті діни экстремизмнен қорғау қажеттігі туралы болып отыр, барлық елдер, оның үстіне исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған мемлекеттер солай жасайды, – деді Астанада Қазақстан парламентінің кезекті сессиясының ашылуына орай палаталардың бірлескен отырысында сөйлеген президент Назарбаев.

Өз сөзінде ол “дінаралық келісім – халқымыздың бірлігінің негізгі тұғырларының бірі” деп атап өтті.

Сонымен бірге Қазақстан президенті діни мекемелерге қатысты қалыптасқан жағдайға наразылығын да білдірді.

– Не істегісі келсе, соны істейді, кім көрінген қалауынша келіп жатыр. Мешітке әкелерінің есімін береді. Ол мешіттердің немен айналысып жатқанын ешкім білмейді. Ешкім оларды бекітпейді, тіркемейді! Бұл мемлекет! Біз өз үйімізде тәртіп орнатуға тиіспіз. Мен бұл мәселеге сіздер байыппен қарап, біз бәрін дұрыс жасаймыз деп ойлаймын, – деді Назарбаев.

Сондай-ақ ол елдегі қамау мекемелерінде мешіт салу ісін де сынап, оны “мүлде бетімен кеткен” деп атады.

“Азаттықтан”

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Latest from Blog

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және