//

«Наша КZаша» тележобасы жабылды

184 рет қаралды
5

Ия, біраз уақыт бойы елді дүр сілкіндіріп, бір көрерменге ұнап, бір көрерменге ұнамаған, жақсы да жаман сөзге іліккен «КТК» телеарнасында әр сенбі сайын  кешқұрым берілетін бағдарлама да  өз жұмысын 2012 жылдың наурыз айынан бастап  тоқтатты.

Бұл туралы наурыздың 29-ы жұлдызында Алматыда өткен баспасөз мәслихатында  жобаның авторлары мен құрастырушылары -Нұртас Адамбаев пен Даут Шайхисламов  хабарлады.

«Жоба атауы- өзіміз ойлап тапқан дүние және осы атауды, оның белгісі мен логотипін қолдану құқығы біздерге ғана тиесілі.Сондықтан наурыз айынан бастап көрсетіле бастаған  «Наша КZаша» біздің авторлық құқымызды бұзады. Біз 5-ші маусымды түсіргеннен кейін жобаны жабуды ұйғардық. Ал телеарна біздің құқықтарымызды таптап, басқа әртістерді шақырып және бұрынғы болып кеткен кадрларды қиып жалғап көрерменге ұсынуда»-, деді Нұртас Адамбаев.

Әйгілі британдық «Little Britain» скетч-шоуының бір түрі болып табылатын ресейлік «Наша Russia»  жобасына ұқсас қазақстандық әзіл-оспақ «Наша KZша»  жобасы 2007 жылдың 30 қараша күні Алматы қаласында алғашқы рет іске қосылып, кейінірек бағдарлама КТК телеарнасында көрсетіле бастаған болатын.  Алғашқы көрсетілген сәтінен бастап жоба жоғарғы табысқа қол жеткізген. 2012 жылы өзінің танымалдығының шыңына жетті. «Форбс» журналының соңғы нөмірлерінде еліміздегі ең бай шоу-бизнес өкілдерінің рейтингісінде «Наша Казаша» жобасы үшінші орынды иеленген.

Жобаның ұйымдастырушыларының айтуына қарағанда, шарықтау шыңына жетіп тұрған сәтінде бағдарламаны жауып тастау себебі- жоғары табыс пен танымалдылыққа жетіп тұрған кезінде қадірін түсірмеу.

2011 жылы «7арнаның» осыған ұқсас бағдарламалар мен «Побег из аула» деп аталатын  сериал көрермендерге жол тартты. Этикалық көзқарастарға байланысты апта сайын шығып жүрген «Наша Казаша»-ның нұсқасын «КZландия» деп өзгерту ұйғарылған.

Даут Шайхисламов: -Соңғы кездері әр түрлі әлеуметтік желіде «бағдарламаның жабылуына шенеуніктер мен ағасымақтар не болмаса шенді-шекпенділер қысым көрсетуі себеп болды деген әңгімелер көбейіп кетті. Алып қашпа сөздерге ерудің қажеті жок. Біз өзіміз ерікті түрде, ешкімнің қысымынсыз шығармашылығымызға өзгеріс енгізу мақсатында жаптық. Адам әр түрлі саланы  пайдаланып, игеріп көргені дұрыс деп ойлаймын. Әзіл-сырт көзге оңай әрі жеңіл көрінгенімен, шын мәнінде ең қиын, жауапты іс. Сондықтан жаңа леп қосу бағытында іздену үстіндеміз-, деді.

Авторлар өздерін жаңа шығармашылық салаларда байқап көретіндіктерін ескерте отырып, 2012 жылдың күзінде бізді жаңа таза қазақ тілді жобалар күтіп тұрғанын жеткізді. Қазақ сатирасы мен әзіліне жаңа үлес қосады деген үміттеміз.

 

Рысгүл Мәтжанқызы

Мінбер-ақпарат

5 Comments

  1. Иә, шынымен де халықтық жоба еді. Бірақ, жаңасын күтеміз.

  2. Қайрлы күн, құрметті әлеумет! Наш КАЗаша жобасының шоу бизнес саласындағы жетістіктеріне және жастар арасындағы танымалдылығына қуанамын. Және де, коңілім толмайтын қырлары да баршылық. Мысалыға, өз қандастарымыздың бүгінгі күнде кешіп жатқан өмір шеңінде, теріс қылықтарын әзіл етіп баршаға паш ету ұлтымызға тән емес қылқ. Жаманын жасырған ел емеспедік…. Бәлкім бұндай көріністер, “әзіл ысқақтың” жаңа деңгейіне шықаныма??? Көпшілік өз бағасын бере жатар.  Түйіндей келе Нуртас Адамбаев пен Даут Шайхисламов мырзаларға берер ұсынысым бар еді. Бізге осы, неге Дипломмен ауылға бағдарламасына жағымды PR жасамасқа??? Нуртас пен Дауттың және де мемлекеттік қайраткерлердің күш жігерін, уақытын, бәлкім қаржысын да шығар еліміздің болашақтағы білім саласына жіберсек нұр үстіне нұр болар еді.

    Пікірімді білдіргенде артық не болмаса айтылмай қалған жайт болса айып кормеңіздер.

    Құрметпен, Нұрбол

  3. Ешкандай ауылга Нуртас пен Даутты жыберуге болмайды!!! Олар ауылды кормеген быр ауыз казахша былмейтын, казахтын быр салтын дастурын былмейтын “мангурттер” осы багдарламанын жабылганына бас киымымды аспанга лактырып куанганмын! АЛЛАХ каласа енды осындай багдарламалар болмаса екен жане осы екеуы будан да сумдык багдарлама шыгармаса екен деп тылеймын. Ана ауылбай fm, жане айтыста казах кызы саукелемен go go биын билейды,  айткан создеры тексыз, тарбиесыз, талымсыз. Казах жастарынын мангурттенуыне осындай тексыздер ат салысып  жур. Бар бале телевидениеден. Егер  де теледидардан кунде быр уакыт баласын котерген ана туралы т.б корсетып турса кыздарымыз колдарындагы темекылерын тастап бастарына орамал тагып, узын койлек киер ма еды. ИНШААЛЛАХ казахка сол кунды АЛЛАХ ТАГАЛА насып етсын.

     

  4. Ия не кереги бар бул ТЕКСИЗ жобанын.Мадениеттен журдай адамдарды когилдир экранга шыгарып демеушилик жасаудын кажети канша? Айтысты корлап казак тилин мазак тил кылган бул жобаны курту керек КЕТИНДЕР

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мағауия Cарбасов, “Отандастар” қорының вице-президенті: Қандастарға Қазақстан азаматтарымен бірдей мәртебе беретін “Қазақ куәлігін” дайындап жатырмыз

 Еліміз үшін шетелдегі қандастарымызбен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас өте маңызды. Өзге ел қазақтарына қолдау көрсететін  “Отандастар қорына” карантин

Алмат Қодасбаев, Алматы Кардиология орталығының директоры: Біздің адамдардың көбінде Қазақстан медицинасы туралы түсінік сонау 90-шы жылдардың деңгейінде қалып қойған

Жүрек қан-тамыры аурулары әлемде ең кең таралған дерттің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл

Еңбекшіқазақ ауданының ұстаздары: Интернеттің жылдамдығы нашар, бұл оқуға кәдімгідей кедергі келтіріп отыр

« – Камераны қос.                                                                                                           – Микрофоныңды өшір.                                                                                                         – Сендер көпсіңдер, мен