//

Айтсам дауысым жетер ме?…

15 рет қаралды

Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті Сыр өңірі баспасөзінің қарашаңырағы болып саналатынын жалпақ жұрт жақсы біледі. Ата басылым мемлекеттің саясатын абыроймен жүргізумен қатар, өңірдің экономикасы мен әлеуметтік ахуалын, тарихы мен мәдениетін, әдебиеті мен өнерін насихаттаушы баспасөз құралы ретінде таныла білді. Алайда 84 жылдық тарихы бар газет соңғы жылдар бедерінде басынан бағы тайып, ұжымдағы  ішкі кикілжіңнен көз ашпай келеді. Соның салдарынан басылымның баяғы беделінен айрылғаны ащы да болса шындық. Бар мәселе, облыстық екі газет біріктіріліп, «Сыр Медиа» МКК, кейіннен ЖШС болып құрылып, оған Аманжол Оңғарбаевтың басшылыққа келуінен басталды.

Арада екі жыл өткенде ұжым мүшелері құрылғанына екі жылдан асса да істі жолға қоя алмай, қайта бұрынғы қалпынан кері кетіріп, ішкі алауыздықтың  тууына бірден-бір себепкер болған А.Оңғарбаевтың басшылық жасауға қабілетсіздігі  жайлы құзырлы органдарға шағым жолдады. Одан бөлек республикалық «Самала» газеті мен «Маса КЗ» сайтында 25 журналистің жанайқайы жарияланды. Сол уақытта облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Нұрхан Жәлиев ұжымдағы ушыққан ахуалды басудың орнына «қайда жазсаңдар да айналып маған келеді» деп дөңайбат көрсетіп кеткен-ді. Содан кейін-ақ, сүйенгені мықты болған ұжым директоры Аманжол Оңғарбаев хатта айтылған кемшіліктерден қорытынды шығарудың орнына арызға қол қойған журналистердің соңына «май шам» алып түсті. Басқарма басшысы аузына түкіріп қойғандай, А. Оңғарбаев та: «жазғандарың маған айналып келеді, түк те шығара алмайсыңдар» деп көпе-көрнеу мысқылдауды әдетіне айналдырды.  Ол аз болса, ұжыммен бір ауыз кеңеспей газет басшылығына 25 жастағы тәжірибесіз Нұрболат Аманжоловты отырғызды. Облыстағы  жеті аудан мен қаланың күллі тыныс-тіршілігінен мүлде бейхабар, өмір жолы енді қалыптасып келе жатқан  баладан «жанды қуыршақ» жасап, расында обал қылды. Мұны газеттің соңғы бір жылдағы бет-бейнесі мен мазмұнынан аңғару аса қиындық тудырмайды.

Әділет таппай қиналған талай жан газетке келеді. Ал, олар, өздері сеніп келген мұндағы журналистердің сол әділетті үш жылдан бері таппай келе жатқанын қайдан білсін!

Заман талабына орай облыс көлеміндегі барлық басылым біріктіріліп, бір орталықтан басқарылады деген әңгіменің шыққанына да біршама уақыттың жүзі болды. Біз, журналистер, облыстық екі газетті басқаруда салиқалы, салмақты басшылық жасай алмаған, орыс тілді журналистермен тілмаш арқылы тілдесетін Аманжол Оңғарбаевты мемлекеттің саясатын жүргізетін сол үлкен құрылымға да басшылық жасай ма деп алаңдаулымыз.

Облысымызға қызметтің барлық сатысынан өткен, мемлекет қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаев келгелі «Сыр бойы» газеті журналистері мен басылымның тілектес жанашырларының үміті қайта оянды. Ұзаққа созылған керексіз текетіреске соңғы нүкте қойылып, қалыпты жұмыс ырғағына көшетін уақыт келді деп есептейміз.

«Сырбойылықтар»

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Тәртіптік жаза қалай қолданылады?

Келесі жазба

Міржақып Дулаттың қызы өмірден озды

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және