///

Оралман мәртебесін алуға қатысты адвокаттар тегін заң көмегін көрсететін болады

13 рет қаралды
Адвокаттар көрсететін тегін заң көмегі – алимент өндіріп алу, зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша қолданылады.Бұдан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлері, I және II топтағы мүгедектер, сондай-ақ іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте өтініш білдірген азаматтарға адвокаттар көрсететін тегін заң көмегі қолданылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен отырысында «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жобасы жөнінде баяндаған министр Берік Имашев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шегіндегі олардың еңбегіне ақы төлеудің мөлшері мен тәртібін Үкімет айқындайды. «Бұл шаралар толық көлемде білікті заң көмегін алуға азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын, көрсетілетін құқықтық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Тегін заң көмегін көрсету шеңберінде жеке нотариустардан азаматтардың жекелеген әлеуметтік-осал санаттары құқықтық сипаттағы қызметтерге ақы төлеуден босатылады. Ал бұларға Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, көп балалы аналар, созылмалы жүйке ауруымен ауыратын жеке адамдар жатады. Сондай-ақ осы санатқа қарттар мен мүгедектер, жетім балалар, 1 және 2 топтардағы мүгедектер мен жас мөлшері бойынша зейнеткерлер кіреді», – дейді Берік Имашев.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы, inform.kz

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

KEGOС журналистер арасында конкурс өткізді

Келесі жазба

Келесі жылдан бастап халықаралық қоңыраулар шығыны арзандайды

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және