///

«Қазпошта» қазақ тілін қорлады

21 рет қаралды
1

ҚазпоштаӘлеуметтік желілерде жазған сөзің халық арасына желден тез тарайтын заман бұл. Жеке парақшасы мен өз аккаунтына кім не жазарын әлбетте өзі біледі. Өзі білгендіктен, әр жазбасы үшін жауабы да дайын болу керек. «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі «Қазпошта» АҚ-ның аккаунты кеше мемлекеттік тілді Африканың шығысы мен орталығында көп адам сөйлесетін суахили тіліне теңеп, оңбай жаңылды. Бірақ, әзірге ол жазбаның авторы атынан «Қазпошта» кешірім сұраумен ғана шектеліп отыр. 

Кеше «Твиттер» аккаунтын пайдаланушылардың біреуі жұмыс күні қалай өтіп жатқанын жазса, біреуі түскі асқа не ішіп келгенін суретке түсіріп, «мақтанып» отырған қарбалас күндердің бірі еді.

Өзін логистика маманы, Уикипедия қатысушысы, Германиялық университеттің түлегімін деп таныстырған @ArystanPatsha @Kazpost аккаунтына «Сәлеметсіздер ме! Жөнелтілімді онлайн қадағалау жүйесі істемей тұр» деп мемлекеттік тілде түсінікті қылып  сұрақ қойған. Бірақ аккаунт иесі қазақ тіліндегі сұраққа қазақ тілінде жауап беруге намыстанғанын, болмаса ерінгенін кім білсін, ресми тілде жауабын орналастырады. Бірақ, қызметті қазақ тілінде беруді талап еткен әлгі пайдаланушының наразылығына «Қазпошта» аккаунты «Среди фолловеров могут быть говорящие на суахили нам теперь каждый твит переводить? Исползуем самый популярный язык» (Фолловерлеріміздің арасында суахили тілінде сөйлейтіндер де бар шығар, енді әрбір твиттімізді аударып отырайық па? Ең ТАНЫМАЛ тілде жазып отырмыз) деп жауап бере отырып, қазақ тілін суахили тіліне теңеген, әрі орыс тілін ең танымал тіл деп танып, қазақ тілін төмендетуге тырысқан. Сол арқылы халықтың тілін бөлген. Сайып келгенде, Конституцияға қарсы шыққан.

BFKbLJvCUAENDiX

Қазақстан Республикасында өмір сүріп, сол Үкіметтің есебінен күн көріп отырған «Қазпошта» Акционерлік қоғамы осылайша көпе-көрнеу сол елдің мемлекеттік тілін қорлады десек, артық айтқандық емес. Бұған әрине бей-жай қарап қалған аудитория жоқ. Кеше, твитт жарияланған 12 наурыздың кешінен бастап твит пайдаланушылар «Қазпошта» аккаунтын «шабуылдауға» көшті. Қайраткер Бекболат Тілеухан, саясаткер Ерлан Қарин, депутат Алмас Тортаев сынды халық алдында жүрген азаматтармен қатар, қарапайым қызметкерлер, студенттер, қазақ тілінің жанашырлары енді сол жазбаның авторына тиісті шара қолдануды талап етіп отыр.

Біраз жазбаларға көз салайық.

Bekbolat Tleuhan ‏@BekbolatTleuhan:

«@Bakdaulet @kazpost Бұнысы несі тағы! Анық басыну бұл! Міндетті түрде жауап беруін талап етеміз! Пікір иесінің іс басынан аласталуы шарт!»

Асхат Еркімбай ‏@urimtal:

«@Kazpost қалған көңіл – шыққан жанмен тең! Мемлекеттік тілге немқұрайлы қараған қызметкеріңізге қандай шара қолданасыздар?»

Тимур Бектұр ‏@timusha:

«@qazaqia Әрине, орнын босату керек! Өзі өмір сүретін елде тұрып мемтілді суахилимен теңестіргені бір кешіріммен қала ма?@Kazpost @Turtayev»

Туртаев Алмас ‏@Turtayev

«Әрине, қолымнан келгенінше көмекке әзірмін RT»@rollan_kazakh:@Turtayev сiздiн комегiнiз кажет Алмас Узакулы!»

Azamat BITAN ‏@bitanazamat:

«@Kazpost «Бір құмалақ, бір қарын майды бірақ бүлдіреді», – дейді қазақ. Қазпошта түгел бүлінбеу үшін, әлгі құмалақтың есімін жариялаңыздар!»

Ал «Қазпошта» болса «Құрметті достар! Біз әрқашан сіздің сұрақтарыңызға қазақ тілінде жауап береміз! Біздің СММ жасайтын адамның сөздер үшін кешіріміз сұраймыз!» деп, кешірім сұраумен ғана құтылып отыр әзірге. Оның өзінде, кешірім сұраған жазбасының өзін сауатты жаза алмаған.

Қазір твитт пайдаланушылар сол жазбаның суретімен қоса, Бас прокуратураның аккаунтына арыз білдіріп отыр.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
bnews.kz

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Шетелдің озық оқулықтары қазақ тіліне аударылады

Келесі жазба

Онлайндағы мәтінге қатысты 8 кеңес

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және