/

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ: көші-қон заңына байланысты айтар ұсынысым бар

9 рет қаралды
2

tu 11Кім де болсын өзі қызмет ететін саланы зерделеп сараптап санасына сіңіре алса, өз ісінің маманы болуға мүмкіндігі, біліктілігі жетсе түсінігі мен түйінін елге де Елбасына да жеткізуге міндетті деп түсінемін. Қаншама мықты заң бекітіп шығарғанымен оны жүзеге асыратын құрылымы құзырлы да мықты болмайынша ол заң жүйелі түрде жүзеге асу мүмкіндігі болмайтынын өмір өзі дәлелдеп бергенін мойындауымыз қажет. Сондықтанда Үкіметке көші-қон заңына енгізілетін өзгерістерді жүзеге асыруға байланысты төмендегідей Ұсыныстар айтқым келеді: 

1. Үкіметтің өз құрамында көші-қон мәселесімен тікелей айналысатын бөлім немесе департамент құрып Елбасымыздың көші-қон саласындағы саясатын бір жүйеде жүзеге асыратын құзырлы мемлекеттік мекеме болса. (мақсаты халықтың көші-қон мәселесіне тікелей жауапты Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігі, Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Облыс әкімдіктерінің көші-қон үрдісі бойынша жұмыстарын бір жүйеде ұйымдастырып ай сайын Электронды Үкімет ретінде тұрақты ақпараттар алып саралап сараптап отырса).
Қәзіргі жағдайда қай министрлік ұйымдастырушы басқарушы екені белгісіз. Әр кім өздеріне қолайлы қаулы, нормативтік актілер шығара беру мүкіндіктерінен арыла қоюы екі талай.
2. Облыстарда Көші-қон департаменттері құрылса. Құрамында көші-қон басқармасы, Көші-қон полициясы басқармасы қызмет атқарса облыс көлеміндегі «Халықтың көші-қоны туралы заң» талаптары бір қолда бір жүйеде болар еді. (Бұл мәселеге артық шығын да талап етілмейді. Облыстық ішкі істер департаментінен Көші-қон полициясы басқармасы бөлініп шығады, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан Көші-қон бөлімі, Еңбек көші-қон бөлімі бөлініп шығады. Яғни Үкіметте, Облыс әкімдері де көші-қон процессіне қатысты туындайтын бар мәселені бір басшыдан ғана сұрайды. Көші-қонға қатысты барлық сұрақ, компьютерге енгізілетін екі-үш деңгейдегі бағдарлама бір жерде шешімін тауып отырады). Бұл 140 миллион халық тұратын Ресей Федерациясында шешімін тапқан мәселе.
3. Бүгінгі таңда жергілікті халықты құжаттандыру мәселесі Көші-қон полициясы басқармасының бақылауында Халыққа қызмет көрсету орталықтарын да жүзеге асырылады. Сондықтан енді келген этникалық қазақ ұлт өкілдерін де құжаттандыру мәселесі, өтініштері келген аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданса. (Енді келешекте көшіп келген оралмандарға да республикалық бюджеттен көрсетілетін көмектер олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін беріледі деп заң жобасы қаралуда. Сондықтан Қазақ еліне тұрақты тұру мақсатымен отбасы құрамы толыққанды көшіп келген оралмандарға ықтияр хат берудің қажеттілігі бар ма деген ой туындайды. Дереу азаматтыққа құжаттарын қабылдап олара 3 ай мерзімге уақытша тұруға жеке куәлік беруге неге болмасқа. Құжат тапсырған күні олардың шетелдік төл құжаттарына азаматтық тапсырғандары туралы белгі қойылса. Яғни келген еліне барып келетіндері болса Қазақстан Республикасының азаматтығын алған соң ғана барып келетін болса).

Құрметбек САНСЫЗБАЙҰЛЫ.Саясаткер, көші-қонды зерделеуші. Алматы облысы.

2 Comments

  1. «ОРАЛМАН» – демей, алыстан келген ағайынды кеудемізге басқанымыз жөн шығар, құрметті ағайын!!! Екі миллионна астам қазақ елге оралса, тіліміз де, мемлекеттік қауіпсіздігіміз де күшейе түсер еді. Басқа ұлттар еліміздің тәуелсіздігін қорғайды, – дегенге өз басым анша – мұнша сенбеймін. Қазақтың Отаны – Қазақстан!!! Ол Отаны үшін қасықтай қаны қалғанша күресіп, жанын пида етіп жіберуге дайын!!! Басқа ұлттардың «Отанды» қалай қорғайтынын Украинадағы жағдай дәлелдеп берді!!!(фб)

  2. Бисмилләһир Рахманир Рахим
    ОУ, АҒАЙЫН, ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ЖҰТЫЛЫП БАРАДЫ
    Қытайдағы 3 миллионнан астам қазақтың тағдыры хал үстінде! Олар көпе-көрнеу қытай мұқитына жұтылып кету алдында тұр. Олар тіпті өздеріне төніп келе жатқан «сіңіп жоқ болу» қаупін сезінуден қалып барады. Оларды тезден құтқару, елге тезден швқырып алу мемлекетіміздің мемлекеттік міндеті! Өйткені, біз – қазақ қазаққа (басқа) зәру елбіз. Ондағы қазақтың әуелі тілінен жұтыла бастауы тұтас ұлттығынан жұтылуы болмақ. Тілсіз ұлт – ділсіз ұлт! Тілің кімнен болса, ділің де сонан! Біздің еліміздің сырттағысын шақырып, басын біріктіріп, іргені бүтіндеуге бейғамдығымыз жақсылықтың нышаны емес! Ей, елдің игі жақсылары, ойланалы! (фб)
    Құл-Керім

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Н.Назарбаев: Әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-баба­лар жолымен жү­реді

Келесі жазба

"Ақпаратқа қол жеткізу" тренингі өтеді

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және