///

«Қоянды» ауылын қиратқандарға айтамын

3 рет қаралды
3

1996 жылы кездейсоқ апат салдарынан әкем қайтыс болғанда «Аттап өткен өмірдің бала жасын» деп зарланған зарлы толғауымның

 

P070-070-000-316-00102Қанша түзу қармасын жесір ескек,

Қайық өрге жүзбейді кекіректеп.

Енді не дер, оттайтын оспадарым,

«Мұнда сенің атаңның басы жоқ!»,- деп.

 

Бабам жатқан жер еді білгенге бұл,

Су қараңғы бұл жайдан мүлдемге тұл.

Ақ ит кіріп, аузынан көк ит шығып,

Көкитіндер болып жүр мүрдеңе құл.

 

 …. деген жолдары Астананың іргесіне қоныстанған Қояндыдағы елдің отын ойрандап, ошағын бұзып, шаңырағын шағып ойына келгенін істеп жатқан иттерді көрігенде есіме түсіп, ашу-ызам қайнап төмендегі өлеңді жаздым,– Б.Бақытбек-Бурылалтай

 

Тағдырына улы зорлық жасалып,

Шаш ал десе асқынған тұс бас алып.

Ұсталыпты әкесімен бір таңда,

Менің атам «халық жауы» аталып.

 

Ал оларға ел билеген патшағар,

Ату жаза бұйырыпты, нақ хабар.

Басы қайда, қайда қалды сүйегі,

Білмейді ешкім, ізбасарлар, патшалар…

 

Қу дүние-ай, нақақ көзден жас тамған.

Бұ жалғаннан талай Ана ақ таңнан:

«Кебін емес, киіп кеткен кебенек,

Келер»,– деген үмітпенен аттанған…

 

Жау жалмаған асылы мен жасылын,

Жаралының жүрегінің жасымын.

Іздеуменен әкем де өтті өмірден,

Қайда екенін әкесінің басының.

 

Қолындағы барыменен қарық қып,

Жүретұғын айналасын жарық қып.

«Әкем басы қайда болсын, таба алсам,

Сонда барып жатам»,– дейтін жарықтық.

 

Сол әкемнің басы мына төбеде!

«Көш» дегенге ол пендесі көне ме?!

Көріп алшы: үй құлатып, жер қорып,

Өңнен теуіп, ұрған итім төбеге!

24.10.2014 ж

3 Comments

  1. Ақмола облысы, Қоянды ауылындағы жағдай тағы да ушыға түсті. Бүгін шенеуніктермен бетпе-бет келіп жүрген белсенді азамат Гүлсісхан Домалайқызының үйіндегі пеш жарылып, бала-шағасын тек періште қағып аман қалды. Балаларының сөзінше, күндіз үйлеріне бейтаныс бір адам келіп, пештеріне қолындағы қоқысын тастап кеткен. Бұл уақытта жерін заңдастыра алмай жүрген оралман әйелдің өзі Астанада шенеуніктердің әрекеті туралы баспасөз мәслихатында отырған.

    http://31.kz/video/show/id/4761#sthash.e4cFDrOX.dpuf

  2. «ОЯНҒАН ӨЛКЕ»
    Өлке – Жер оянады. Кәдуілгі ұйқыдан оянып, сілкінеді, тыныс алады. Тыныс алған кезде төңірекке қуатты ауа пайда тарайды. Сол қуатты ауа арқылы дүниеге түрлі өзгерістер пайда болады… Мына Қояндыда болып жатқан жағдай да, сол өзгеріске байланысты. Енді ондағы толқынды /ғарыштық энергия/ тоқтату мүмкін емес, «жеңем» деп ойлау – мүлде ағаттық. Адамдар өлке сілкінісіне қосыла оянған кезде, оның бүткіл бойына, ауызынан шыққан сөз, деміне дейін ғарыштық қуат пайда болады. Аса күшті қуат /энергия/ алған адамның сөзінің әрбір толқыны өзгеге сонша әсер етеді. Қуатты әскер ұран тастағанда тау, тас жанданып,өзен, көлдер толқып кететіні сияқты. Оянған, тірі қуат өлі қуатты аластайды. Жанар таулар оянып, дуыл жүретіні немесе жалғыз мысал: Парсы шығанағы сияқты өлі жерлер мәңгі соғыстан көз ашпайтыны сияқты. Дәл соған ұқсас ғарыш толқынымен Қоянды оянуда, оның тірілген қуаты өлі қуаттыларға кері әсер етуде. Әсіресе, Кулагин сияқты кәпірлерге. Сондықтан қояндылықтар бұл жолы үлкен жеңістерге ие болады!

  3. Сүйінші сұрасам да болатын шығар… Бүгін Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды ауылының әкімі Алтынай Мерманқұлова Қояндыдағы 2007 жылы заңсыз салынған 167 баспананың бірде біреуі сүрілмейді. 66 үй бұзылсын деген соттың шешімі болса да, бірде біреуін трактормен күремейміз, шешу жолдарын іздейміз деген уәде берді!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Шығармашылық бәйге: «Қазақ мемлекетіне – 550 жыл». Жүлде – 1 миллион теңге!!!

Келесі жазба

Атамбаев айтыпты...

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және